Ыбырай алтынсарин



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі267,96 Kb.
#6749

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН 

 

 

 



ӚЛЕҢДЕР

 

 

 

 

 

Sauap.org 



Кел, балалар, оқылық! 

 

Бір Құдайға сиынып,  



Кел, балалар, оқылық!  

Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Істің болар қайыры  

Бастасаңыз алдалап,  

Оқымаған жүреді  

Қараңғыны қармалап.  

 

Кел, балалар, оқылық!  



Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Оқысаңыз, балалар,  

Шамнан шырақ жағылар,  

Тілегенің алдыңнан  

Іздемей-ақ табылар.  

 

Кел, балалар, оқылық!  



Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Мал дәулеттің байлығы,  

Бір жұтасаң жоқ болар,  

Оқымыстың байлығы,  

Күннен-күнге кӛп болар,  

Еш жұтамақ жоқ болар.  

 

Кел, балалар, оқылық! Оқығанды кӛңілге  



Ықыласпен тоқылық!  

Сиса кӛйлек үстіңде  

Тоқуменен табылған.  

Сауысқанның тамағы  

Шоқуменен табылған. 

Ӛнер-білім бәрі де  

Оқуменен табылған.  

 

Кел, балалар, оқылық!  



Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Надандықтын белгісі  

Еш ақылға жарымас.  

Жайылып жүрген айуандай  

Ақ, қараны танымас.  

Аяңшыл ат арымас,  


Sauap.org 

Білім деген қарымас.  

Жӛн білмеген наданға  

Қыдыр ата дарымас.  

 

Кел, балалар, оқылық!  



Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Оқу деген шыны-ды,  

Тұрған сайын шыныққан.  

Оқу білген адамдар  

Май тамызған қылыштан.  

Білмегенді білуге  

Есті бала тырысқан,  

Есер бала ұрысқан.  

 

Кел, балалар, оқылық!  



Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Әлпештеген ата-ана  

Қартаятын күн болар.  

Қартайғанда жабығып,  

Мал таятын күн болар.  

Ата-енең картайса  

Тіреу болар бұл оқу,  

Қартайғанда мал тайса  

Сүйеу болар бұл оқу.  

 

Кел, балалар, оқылық!  



Оқығанды кӛңілге  

Ықыласпен тоқылық!  

Оқу білген таниды  

Бір Жаратқан Құдайды,  

Танымаған Құдайды  

Не ғылғанда ұнайды?  

Шырағым абай болгай деп,  

Ата-енең жылайды,  

Баладан қайыр болмаса,  

Баланы неге сұрайды. 



 

Sauap.org 



Ананың сүюі 

 

Кім сендерді балалар, сүйе-тұғын,  



Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?  

Түн ұйқысын тӛрт бӛліп кірпік қақпай,  

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.  

 

Кім сендерді, балалар, тербететін,  



Еркелеп, ойнатып, сергітетін?  

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,  

Қамқор анаң кӛз жасын кӛлдететін.  

 

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,  



Ғылым іздеп, тез қайтпай, кӛпке кетсең?  

Ұмытпа, ең кемінде дұлдыз сайын,  

Хат жазып тұр, тӛбесі кӛкке жетсін.  

 

Кім сендерді сағынар келгеніңше,  



Құлындарын кӛзмен кӛргенінше?  

Сендер қайтып келгенде адам болып,  

Еш арманым болмас дер ӛле-ӛлгенше. 

 


Sauap.org 



Ӛсиет ӛлеңдер 

 

Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,  



Тең етті бәрімізге күн мен айын.  

Адамның адам біткен баласымыз,  

Қайсың бӛлек тудың деп айырайын. 

 

Бәріміз бір адамның баласымыз,  



Жігіттер бір – біріңе қарасыңыз.  

Ӛмір деген бес күндік кетер ӛтіп,  

Атаң барған орынға барасыңыз.  

 

Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт ӛткен.  



Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.  

Отыз ұлым бар ғой деп кӛптік ойлап,  

Құдайым отызын да әлек еткен...  

 

Жылаған Дәуіт патша тоба қылып,  



Ӛзінің бенде екенін сонда біліп,  

Мұнан соң тақ Сүлеймен туды дейді,  

Отыз ұлға бір ӛзін жора қылып.  

 

Ескендір патша болып дүниені алған,  



Қалмаған бұл жалғанда ешбір арман.  

Жалғыз-ақ ӛлмеске айла табамын деп,  

Ізденіп мәңгі суын соған барған.  

 

Мәңгіден су ішкенге ӛлім болмас,  



Ескендір мұны сұрап білгені рас.  

Су әпкел деп жіберді уәзірлерін,  

Уәзірі қасындағы Қыдыр Ильяс.  

 

Екеуі барды суға, судан ішті,  



Бір кесе патша үшін және алысты.  

Енді қайтіп, жүрелік деп тұрғанда,  

Бір адамға сол жерде кӛзі түсті.  

 

Сұрасты мұнда отырған неткен жансыз,  



Қарасақ келбетіңе мұсылмансыз?  

Сонда ол кісі ӛз жайын баян етті:  

Мен-дағы бір патша едім еш күмәнсіз.  

 

Ӛлмеске мен де осындай талап еттім,  



Бір күні осы суға келіп жеттім.  

Әрбір іс уақытында қызық екен.  



Sauap.org 

Ақыры ӛз басыма азап еттім.  

 

Бір заман әлек болды барша елім,  



Қалмады қыдырмаған ешбір жерім.  

Кемдіктің неше түрлі бәрін кӛріп.  

Ах енді ӛлім болса маған дедім.  

 

Дүниені неше айналып неше кездім,  



Ӛз жаным мен денемнен ӛзім бездім.  

Маған ӛлім бермеді Құдай Тағала,  

Енді тастап дүниені мұнда келдім.  

 

Ах, деді Қыдыр Ильяс қайтып келді,  



Сонда да кеседегі суын берді.  

Ішейін деп Ескендір ұмтылғанда,  

Су Ескендір аузына бармады енді.  

 

Тағында тақ Сүлеймен нағылмады,  



Ӛмірін соңындағы шағындады.  

Нушеруан діні кәпір әділ ӛтті,  

Дозаққа соның үшін жағылмады.  

 

Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін,  



Жиясыз оны-дағы бір жан үшін.  

Әзәзіл періштенің бастығы екен,  

Не болды тәкәппарлық қылған үшін?  

 

Аюпты сегіз жылдай мың құрт жеді,  



Болыпты бӛлек-бӛлек соның тәні...  

Мал-жаннан, ру, туған бәрі беріп,  

Далада жалғыз жатып «Алла» деді.  

 

Малды алды, баланы алды сабыр етті,  



Дұшпандар мысқыл атып жәбір етті.  

Разымын не берсең де Құдайым деп,  

Бәрін де қабақ шытпай қабыл етті.  

 

Қорлама кем адамды, болсаң дана,  



Кәріпті құдай сүйсе не еді шара?  

Ер болған сиыр бағып Зеңгібаба,  

Пір болды түйешіден Ойсылқара.  

 

Ұмытпа бай болдым деп бір Құдайды,  



Жер жұтқан қайырсыздан Қарынбайды.  

Мекенін білемісіз қайда қалды?  



Sauap.org 

Жомарттық қылған үшін Атымтайды.  

 

Иманды ер Құдайынан ұялады,  



Ұялып иесінен сый алады.  

Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,  

Кәріп кӛңілі бір сыңғақ биялады.  

 

Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,  



Кете бер кессе басың шындықпенен.  

Қорек тап бейнеттен де Тәңірің жәрдем,  

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.  

 

Адамға бір ӛзіңдей кӛзің сүзбе,  



Бір әділ қазнасы кең патшаңды ізде.  

Қорексіз еш бендесін қалдырмайды,  

Жаратқан бір Тәңіріңнен күдер үзбе.  

 

Мақтанба бақыттымын деп бағаңызға,  



Қартаймақ қиын сауда тығыңызда.  

Іске аспай бақ дәулеттің қалуы оңай,  

Басыңнан бағың тайған шағаңызда.  

 

Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,  



Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.  

Зылиха, Жүсіппенен сұлу ӛткен,  

Тұрмаған ажар ара ажалына.  

 

Жүйрікте болмайды кӛрік сыналмаған.  



Бақ тайса ерге құралмаған.  

Меңзеген асқар тауға есіл кӛңіл,  

Дүниеде ешнәрседен танылмаған.  

 

Арық мал жан жолатпас бір жалданса.  



Пенде ойлар кемімен деп бір малданса.  

Қадамы әзіз ердің ұзамайды,  

Жігітке бақыт шіркін сырт айналса.  

 

Ағайын жат болады алыс болса,  



Болады ат та жақын таныс болса.  

Достарың дұшпан түгіл табылмайды  

Аяғың бір нәрседе шалыс болса.  

 

Асылы залымдардың лайланды,  



Дүниені маған десең шыр айналды.  

Ит үрер жақсыға да, жаманға да,  



Sauap.org 

Қылмағы бірақ залал Құдайдан-ды. 

 


Sauap.org 



Ӛнер-білім бар жұрттар 

 

Ӛнер-білім бар жұрттар  



Тастан салай салғызды.  

Айшылық алыс жерлерден,  

Кӛзіңді ашып-жұмғанша,  

Жылдам хабар алғызды.  

Аты жоқ құр арбаны  

Мың шақырым жерлерге,  

Күн жарымда барғызды.  

Адамды құстай ұшырды.  

Мал істейтін жұмысты  

От пен суға түсірді.  

Отынсыз тамақ пісірді,  

Сусыздан сусын ішірді.  

Теңізде жүзді балықтай,  

Дүниені кезді жалықпай,  

Білгендерге осылар  

Бәрі-дағы анықтай,  

Білмегенде танықтай.  

Біз де бекер жатпалық,  

Осыларға таныспай.  

Ат ӛнері білінбес  

Бәйгеге түсіп жарыспай.  

Желкілдеп шыққан кӛк шӛптей  

Жаңа ӛспірім достарым,  

Қатарың кетті-ау алысқа-ай!  

Ұмтылыңыз, қалыспай.  

Біз надан боп ӛсірдік  

Иектегі сақалды.  

Ӛнер – жігіт кӛркі деп  

Ескермедік мақалды...  

Біз болмасақ сіз барсыз,  

Үміт еткен достарым,  

Сіздерге бердім батамды. 

 

 

 



10 

Sauap.org 



Ӛзен 

 

Таулардан ӛзен ағар сарқыраған,  



Айнадай сәуле беріп жарқыраған.  

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,  

Аралап тау мен тасты арқыраған.  

 

Кӛңілің суын ішсең ашылады,  



Денеңде бар дертінді қашырады.  

Ӛксіген оттай жанып жануарлар  

Ӛзеннен рақат тауып басылады.  

 

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да  



Шуылдап желмен бірге бас ұрады.  

Он мың мал айдап ӛтсең лай қалмайды,  

Тасыса су бармаған сай қалмайды.  

 

Тасыған ӛзен судың қуатымен  



Кӛк шығып шӛп бітпеген жай қалмайды.  

Ел қыстап күн кӛреді жаныбында,  

Дәм болар алуан-алуан балығында.  

 

Тас таста, алтын таста сынамаққа,  



Сонда да аққан ӛзен қалыбында.  

Құдіретін Құдайымның кӛресің бе?  

Не нәжіс тоқтар ӛзен денесінде.  

Арыстан демалуға суға кірсе,  

Балықтар шымшып ойнар терісіне... 

 

 



11 

Sauap.org 



Әй, жігіттер 

 

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,  



Азған елдің ішінен.  

Алыс-алыс қашыңыздар,  

Зияндасты кісіден.  

 

Жақсыны кӛзбен салмаңыздар,  



Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.  

Ӛзі болған ерлердің,  

Аяғынан алмаңыздар.  

 

Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.  



Бас ауырса бақсыларды  

Алып келіп бақтырарсың.  

Жазықсыз жануарды сойып,  

Ӛкпеменен қақтырырсың.  

Жын-бәлекет қашады деп,  

Тұмар алып тақтырарсың.  

Білмес надан еткен істен.  

Ешбір қайыр табылмас.  

 

Алған жарың жаман болса,  



Бір Тәңірге кӛп налырсың.  

Жарым сондай болса екен деп,  

Кӛрінгенге кӛз саларсың.  

Әз елде маңдайыңа  

Нені жазса соны аларсың.  

Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас.  

Қатының ӛлсе қарыс ұрып қаларсың.  

Аны-мұны қармалап,  

Және біреуді аларсың.  

Бір кеткен соң қамқор әке-шешең табылмас. 

 

 

 



12 

Sauap.org 



Әй, достарым 

 

Әй, достарым, жігіттерім,  



Болмасқа болушы болма!  

Қолыңнан келсе қыл қайыр,  

Кісіден алушы болма.  

Жақсының жүзі жәндетті,  

Бір кӛруің қанібетті,  

Жаманның ісі міндетті,  

Зар берсе алушы болма!  

Жоғары қарап оқ атпа,  

Ӛзіңнің түсер қасыңа.  

Ақылсыз жанды досым деп,  

Басыңды қосып сыр айтпа.  

Күндердің күні болғанда,  

Ол жаман айғақ болар басыңа.  

Бар күшіңді сынаспай,  

Балуандармен күреспе.  

Таң боларсың әлемге,  

Сӛз боларсың кӛлемге.  

Ақылсыз достан-ақылды дұшпан артық.  

Сырты майда, іші қан.  

Ел ішінде жар-жора,  

Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан. 

 

 



 

13 

Sauap.org 



Қарға мен түлкі 

 

Ашылып түлкі жүрді жапандарда,  



Тамақ іздеп жол шекті сапарларға.  

Ешнәрсені кӛре алмай келе жатса,  

Кӛзіне түсті алыстан жалғыз қарға.  

 

Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,  



Қарға ағаштың басында мұны кӛрді.  

Тістегені аузында тәтті ірімшік,  

Оны кӛріп түлкі-екең сӛйлей берді.  

 

«Қарға батыр, әр сӛзің күміс, алтын.  



Сырттан халқаң тілейді барша халқың.  

Қарға әніңдей әуез жоқ деп.  

Осылайшы шығады сыртқа даңқың.  

 

Сандуғаш, бұлбылдарды кӛріп едім,  



Жүзіңді бір кӛруге келіп едім,  

Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,  

Сырттан асық болғаннан ӛліп едім».  

 

Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,  



Екі кӛзін қарғаға қылмаңдатып.  

«Қарға тақсыр, кӛз жасым кӛріңіз» деп,  

Жыламсырап сӛйлейді жылмаңдатып.  

 

Масаттанып бұл қарға сілкінеді,  



Ішін тартып миықтан бір күледі.  

«Арып-ашып алыстан келген шығар,  

Кӛңілі тынып кетсінші, шіркін» деді.  

 

Мақтау сӛзге семіріп, судай тасып,  



Пәрменінше «қарқ» етті аузын ашып. 

Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,  

Оны кетті түлкі-екең алды қашып. 

 

 



 

14 

Sauap.org 



Жаз  

 

Сәуірде кӛтерілер рахмет туы,  



Кӛрінер кӛк жүзінде қаз бен қуы.  

Кӛктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,  

Жайылар жер жүзіне қардың суы.  

 

Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,  



Ӛсірер жерден шӛпті нұрдың буы.  

Жақындар Құдайымның кӛктен күні,  

Тең болар жарлықпенен күн мен түні.  

 

Аспаннан рақымменен күн тӛнгенде,  



Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.  

Ұйқыдан кӛзін ашқан жас балаша,  

Жайқалып шыға келер жердің гүлі.  

 

Шапақтан бұлты шығар мұнарланып,  



Жаңбырлы күндер түсер тұманданып.  

Адамзат нәр ауасын судай жұтар,  

Шӛл тартқан айуандарша құмарланып.  

 

Жетпеген үлкендікке жас балалар  



Жүгірер ойдан-қырға жұмарланып.  

Сәуірде алуан-алуан жауар нӛсер,  

Нӛсердің құатымен жер шӛбі ӛсер.  

 

Кӛкорай дүние жүзі шалғын болып.  



Жан, айуан, адамзат бауырын тӛсер.  

Жан-жәндік рахат тауып тұру үшін  

Ұшпақтан хош иісті желдер есер.  

 

Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,  



Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.  

Бір малы шаруаның екеу болып,  

Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.  

 

Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,  



Әйелдер кӛш жӛнелтіп кейін қалған.  

Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,  

Қуанып ықыласпен келген жылға.  

Алыстан мұнарланған сағымдары  

Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда. 

 

 



15 

Sauap.org 



Азған елдің хандары 

 

Азған елдің хандары,  



Тақ үстінде отырғандары.  

Жарлыдан алып байларға,  

Сыйлар берсе керек-ті.  

 

Азған елдің қожасы,  



Қыдырып келер есікке.  

Бұл үйде кім бар екен деп,  

Кӛзін салар тесікке.  

 

Балаларын бастырып,  



Қатындарын састырып,  

Тӛрге қарай ұмтылып,  

Тамақ үшін қылғынып,  

Дуа қылса керек-ті.  

 

Азған елдің молдасы,  



Үлкен болар сәлдесі.  

Аса бауыр қылмаңыз,  

Оның рас емес олдасы.  

 

Кӛрмей-білмей біреуге,  



Куәлік берсе керекті.  

Азған елдің биінің,  

Барар болсаң алдына.  

 

Алым берсең тамағына,  



Қарар ма ол сенің әліңе?  

Қорадағы малыңа,  

Тӛре берсе керек-ті.  

 

Азған елдің байлары,  



Ұлық тұтар басын-ай.  

Қайда дәулетті адам болса,  

Берер соған асын-ай.  

 

Кӛзін сүзіп бір кәріп,  



Тӛгіп келсе жасын-ай,  

Бермек түгел, бейшараны  

Масқара қылса керек-ті.  

 

Береке кеткен елдерде  



Күн қысқарса керек-ті.  

16 

Sauap.org 

Алатаудай атаға,  

Ұл қышқырса керек-ті.  

 

Бала, бала, бала деп,  



Түнде шошып оянған.  

Түн ұйқысын тӛрт бӛліп,  

Түнде бесік таянған.  

 

Аялы қолда талпытқан,  



Қаймақты сүттей қалқытқан  

Суық болса жӛргектеп,  

Қорғасын оқтай балқытқан.  

 

Айналасына ас қойып,  



Айдынды кӛлдей шалқытқан.  

Қолын қатты тигізбей,  

Кірлі кӛйлек кигізбей,  

Иісін жұпар аңқытқан.  

Сондай сорлы анаға,  

Қыз қышқырса керек-ті.  

 

Азған елдің адамына  



Айтсаң тіліңді алмаған.  

Кетсе шарлап жия алмағай.  

Бір Тәңірдей ұялмағай,  

«Бүгін тоба қылайын.  

Қашан тоба қылғанымша.  

Үзіп - жұлқып алайын» деп,  

Ӛлшеп берген ӛмірін  

Зия қылса керек-ті... 



 

 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 



ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  кӛшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  ӛз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет