Байланысты: Мақала. Абжалова Д. Ыбырай мен Абай шығармаларындағы Ескендір бейнесі
Ключевые слова: Александр Македонский, царь, полководец, Ыбырай, Абай, Аристотель, Кыдыр Ильяс, история, образ, мир, поведение.
Abstract This article discusses Alexander the Great, king of the ancient city of Macedonia, who shook the world and was one of the best, greatest, and most famous commanders in human history. The works written by Ybyray and Abay, the original representatives of the Kazakh culture of enlightenment, who were able to reveal his image, are analyzed. The main content of the research work is the life of Alexander, his heroic actions during his conquest of the world, his behavior, his journey, his advisors, and the scientific works, opinions, opinions of Kazakh writers of various directions, given by historians and scientific researchers who wrote his history. The article is intended for those who want to see the historical image of Alexander not only from one side, but from other new sides, and are looking for it in a scientific direction.
Key words: Alexander the Great, king, commander, Ibrai, Abai, Aristotle, Kydyr Ilyas, history, image, world, behavior.
Ежелгі Македония шаһарының патшасы, әлемді дүр сілкіндіріп, адамзат тарихындағы ең үздік, ұлы, әйгілі қолбасшылардың бірі болған Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Македония орталығы Пелледе, ежелгі македон патшасы Каранның тұқымы, мифтік батыр Гераклдан тараған Филипп II шаңырағында дүниеге келген. Ал шешесі Олимпиада – эллиндік миф батыры Ахиллдің ұрпағы Эпир патшаның қызы.
Шындығына келгенде, Филипп II патшаның Олимпиада әйелінен туған жалғыз баласы Ескендір Зұлқарнайын атанған Александр Македонскийдің есімі «Македониялық» деген қосалқы лақап аты болып табылады. Сол замандағы Шығыс елдерінің арасында қолбасшының «қос мүйізі» бар деген әңгіме тараған. Содан кейін Александр Зу-ль-Карнейн, яғни «Қос мүйізді» деп аталып кеткен болатын. Бұл туралы Ескендірдің жорықтарының осы қазақтың ұлы даласына дейін жеткендігі, сол замандағы сақтармен шайқасы туралы жазылған «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта: «Жалғыз ғана қазақ арасында емес, бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп атанып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Македониялық Александр» - деп мәлімет келтірілген [1, 102].
Ескендір кішкентай кезінде, яғни он үш жасқа дейін Леонид, Менехма, Филиска, Лисимах сынды атақты ғұлама ғалымдардан тәлім-тәрбие алып өседі. Он үш жасында оған Никомахтың баласы Аристотель сабақ беріп, ұстаздық етеді. Оның Ескендірге тәрбиеші болуына болашақ шәкіртінің әкесі Филипп II себепші болады. Ұстаздық жолында Аристотель шәкіртіне саясат, этика, география, арифметика ғылымдары және фольклор саласы бойынша дәрістер оқып, оған болашақ гректердің қолбасшысының бойында қандай қасиеттер және мінез-құлық болуы керектігі туралы өсиеттер айтып, бір сөзбен айтқанда оны өр рухты етіп тәрбиелеуге ат салысқан маңызды адамдардың бірі.
Тарих ғылымдарының кандитаты, зерттеуші Гаибов В.А: «Ескендір дипломатиялық құралдар арқылы өзіне қажетті қоғамдық пікір тудырды: мақсатына жету үшін әртүрлі партиялық топтардың күресін пайдаланды; оған қарсы шыққан күштер мен оппозицияларды басып отырды. Саяси және діни жорықтарда да өзінің дипломатиялық шеберлігін көрсетті: өзінің әскері мен бағындырған халықтарды бір-бірімен байланыстыра отырып, саясатын жүргізді» [2, 22] – деп пікір қалдырған.
Ескендірдің әскери жеңістері оның санасына көлеңке түсіріп, өмірінің соңғы кезеңдерінде тез ашуланып, қызбалыққа салынып, айналасындағылардың бәрін жау көре бастаған, тіпті өзіне қарсы шыққан, оның сөзімен келіспеген адамдарға неше түрлі жаза қолданған. Ал негізі Ескендір отыз үш жасқа жетпей, сүзек немесе безгек ауруынан қайтыс болады. Кейбір деректерде біреулердің тапсырмасымен өлтірілді және жанындағы ақылшысы уландырып өлтірді деген болжамдар да бар.
Тарихи деректер бойынша Ескендірдің шынайы бет-бейнесін, ғұмырнамасын оның жақын достары болған Онесикрит пен Клитрих жазған болатын. Сонымен қатар шығыс ғалымдары қадым заманның даңқты қолбасшысы болған Ескендір патша туралы әртүрлі жыр-дастандар жаза бастады. Мәселен, Фирдаусидің «Шахнаме» еңбегінде арнайы Ескендір туралы жазған бір тарауын, Низамидің «Ескендірнамесін» ерекше атап өткеніміз жөн. Бұл еңбектерде Ескендір бейнесі бір болғанымен, әрқайсысының тақырыбы, идеясы, сюжеті, композициялық құрылымы әртүрлі және мұнда Ескендір – шығыс елдері аңсаған «дана патша», «әділ патша», «қайырымды патша» бейнесінде сомдалады. Ал керісінше шығыс шайырлары оның тыныш ұйқыда ұйықтап жатқан бейбіт, азат елдерді аяусыз жаулап алуы, оларға жасаған озбырлық әрекеттері және құлдыққа салуы жөнінде ашып ештеңе айтпайды. Міне, осыдан-ақ Шығыс елдері мен Батыс елдері Ескендірді «пір» тұтқандығындағы ұқсастығын көре аламыз.
Орыс зерттеушісі Ф.А.Бойназаров өзінің «Қазіргі заман дәстүрлері мен мәселелері/Александр Македонскийдің бейнесі мен тұлғасы» атты монографиясында: «Кейбір шығармаларда Ескендірдің жауыздығы мен үстемдігі туралы сөз болады. Сол кезде оқырмандарға Ескендірдің бейнесі – дана патша бейнесінде емес, жаулап алушы, қанішер бейнесінде сомдалады» [3, 8] – деп пікір қалдырған. Ф.А.Бойназаровтың бұл тұжырымдасына қазақтың әдебиеті мен тарихында өшпес ізі қалып, қара халықтың сауатын ашуға көп еңбектері сіңген алғашқы ағартушы ұлы тұлғалар Ыбырай Алтынсариннің «Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым» еңбегі мен Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын дәлел ретінде келтірсек болады.
Қазақ халқының мәдени болмысының перзенті, қазақ жастарының сауатты дүниетанымын қалыптастырған «Дала қоңырауы» атанған Ыбырай Алтынсариннің «Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым» атты еңбегінен оның ізденімпаздығын, Шығыс әдебиетімен таныс болғандығын, Құранды оқып, Ислам дінін ардақтайтын діндар адам екенін және Шығыс классикалық әдебиетіндегі «нәзиралық» дәстүрді қазақ әдебиетінде алғаш қолданушылардың бірі болғандығын байқаймыз. Автор бұл өлеңін: