Идеализация, формализация, аксиоматикалық әдіс, гипотеза және болжам,
теория – бұл теориялық зерттеулердің әдістері.
Идеализация– бұл шын мәнінде жоқ немесе іс жүзінде жүзеге
асырылмайтын (мысалы, мүлдем қатты дене, мүлдем қара дене, сызық,
жазықтық) объектілерді ойша құрастыру. Идеализация мақсаты: нақты
объектілерді оларға тән қасиеттерден айыру және бұл объектілерді белгілі бір
нақты емес және гипотетикалық қасиеттермен беру. Бұл ретте мақсатқа қол
жеткізу келесі жолдармен асырылады:
1) көп сатылы абстрагирлеу (мысалы, қалыңдықты абстрагирлеу «жазықтық»
ұғымын білдіреді);
2) қандай да бір қасиеттің ойша өзгеруі (мүлдем қатты дене);
3) қарапайым абстрагирлеу (сұйықтықтың қысылмауы).
Кез келген идеализация белгілі бір шектерде ғана заңды болып келеді.
Формализация– жасанды тілдердің көмегімен, мысалы, математика тілінде
олардың құрылымын таңбалы түрде көрсету арқылы әр түрлі объектілерді
зерттеу әдісі.
Формализацияның артықшылықтары:
- ол проблемаларды (мәселелерді) шешу тәсілінің жинақталуын қамтамасыз
етеді;
- символикалық мәндердің қысқалығы мен айқындығын береді;
- символиканың бір мағыналы болуы;
- объектілердің таңбалы моделін қалыптастыруға және осы объектілерді
зерттеудің нақты заттары мен процестерін зерделеуді алмастыруға мүмкіндік
береді.
Аксиоматикалық әдіс– ғылыми теорияны құру әдісі, онда кейбір
тұжырымдар дәлелсіз қабылданады, ал қалған барлық білімдер белгілі бір
логикалық ережелер бойынша шығарылады.
Гипотеза және болжам. Теорияның ғылыми білім жүйесі ретінде
қалыптасуында гипотеза немесе ғылыми болжам маңызды рөл
атқарады.Гипотеза теориялық зерттеу әдісі ретінде нақты материалды ұғыну
нысаны, фактілерден заңдарға көшу нысаны болып табылады.
Гипотезаның дамуы үш сатыда өтеді:
1. Нақты материалды жинақтау және оның негізінде болжамдар айту;
2. Гипотезаны қалыптастыру, яғни жасалған болжамнан нәтижелерді
шығару, оның негізінде болжамды теорияны өрістету;
3. Алынған қорытындыларды практикада тексеру және осындай тексеру
нәтижелері негізінде гипотезаны нақтылау. Егер тексеру салдары шындыққа
сәйкес келсе, гипотеза ғылыми теорияға айналады.