Казакстан – тәуелсіз,егеменді ел.Біздің елде түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.Куннен кунге түрлі ғимараттар салынып еліміз көркейіп,гүлденуде.Сан түрлі салалар дамуда.Яғни еліміз куннен күнге гүденіп,жан жақты дамуда.Дегенімен де бунымен еліміз дамуын тоқтатпайды.Осындай тәуелсіз,әсем елде өмір сүріп жатқанымыз бұрынғы ата бабаларымыздың арқасы деп білемін,және де құрметтеймін.Яғни ары карай еліміздің болашағы жастардың яғни біздің қолымызда.Сондықтан да оку окып,аянбай еңбек етіп Қазақстанның дамуына улес косуымыз керек.Бурынгы ата бабамыз осындай денгейге жету үшін каншама,талай қиындықтан өтті.
Ал енді, мен өз Отаным үшін дамуы үшін не істей алатыным жайлы айтатын болсам,ең алдымен сапалы да терең білім нәрімен сусындалып,көптеген үлкен жетістіктерге жетіп,биік белестерден көрінгім келеді яғни өз Отанымда жүріп дамып шет елдерге шығып Қазақстанды таныткым келеді.Сол мақсатта өз мамандығым бойынша білім алудамын.Казір Қарағанды қаласында “Е.А.Букетов” университетінің 1 курс студентімін.Болашақ мамандығым шет тілі пәнінің мұғалімі.Кащіргі таңда алға койған ен улкен максатым сабаңымды жаксы окып,кызыл диплом алу.Инша Аллах.Окуымды жаксы аяқтаған соң шетел тілі пәнінің мұғалімі боламын,буйрса.Бірақ оны мен коса екі шет тілдерді окып,шет елге шығып білімімді дамыткым келеді.Шет елдерге шығып,саяхат жасау барысында көптеген өзге ұлт өкілдеріне Қазақстан Республикасының бар байлығымен таныстырып,мәдениетімізбен өркениетімізді паш еткім келеді.Көптеген тілдерді уйреніп,көптеген елдерге шығып олардың да байлыктарымен таныскым келеді.Қайткенде де елімізге білімді,жан жақты,білікті мамандар ауадай қажет.Себебі еліміз дамыған барлық салалардан өркендеп әлемнің дамыған елдер қатарына кіруі үшін.Елімізде шешімін таппай келе жаткан көптеген мәселедердің шешімін табуға өз үлесімді қосамын.Білім беру саласындағы ,білім беру деңгейін неғұрлым жоғарылауы үшін барлык жағдайды жасаймын. Иә, мен әлі студентпін. Сонда да алдыма қойған мақсатымның мазмұны айқын, арманымның тұғыры биік.
Біздің жер – талай батырлардың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен арпалысқан, қиыншылықтың тауқыметін көрсе де, шыдамдылық пен табандылық танытқан азаматтарымыздың арқасында жастарға, яғни біздерге мұра етіп қалдырылған жер. Ол жерді сақтау енді – біздің міндетіміз.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп өлең сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, өнеді, «еңбекпен тапқан нан тәтті болады» қағидасын берік ұстанып, қалаған мамандықтарының қызығын көруге ұмтылады. Түбінде осындай бір текті жүйеліліктің арқасында әр біріміз белсенді азамат, Отанымыздың патриоты болу жолына түсіп, республикамыздың дамуына үлес қосу үшін мүмкіндік аламыз. Олай дейтінім, адам баласының жүрегінде әуелгі орынды ақ сүт берген анасы иеленсе, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім алады екен. Қазіргі кездің кейбір қателерін ескеріп, әркім өз өміріндегі дара жолын салады, өз өмірін өзі қалайды.
Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын азаматтар мен азаматшалар саны көбейеді деп сенемін.Соның арқасында еліміз көркейіп,дамып,биік белестерден көрінетін болады.
Әрине, ауызбен айтқан оңай, іспен орындау қиын. Бірақ мен жоғарыда айтып кеткен мәселелерді шешуге өз үлесімді қосатыныма сенімдімін. Өйткені әр адам өз елінің өркендеуі үшін үлес қосуға міндетті. Мен осы міндетімді орындайымын және де болашағымыздың жарқын болатынына сенімдімін
Достарыңызбен бөлісу: |