Іі алфавит терминология əдістеме проф



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/11
Дата29.12.2016
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІ
АЛФАВИТ 
ТЕРМИНОЛОГИЯ 
ƏДІСТЕМЕ

Проф
. Қ
. Жұбанұлы
 1936 
жылы
 Қазақ
 пе
дагогик
а 
инстит
утының
 
тіл
-əде
бие
т
 факу
льт
етін
 бітір
уші
 түлек
т
ер
мен
 бірге

263
Алфавит. Терминология. Əдістеме
ƏЛІППЕМІЗ БҰҚАРАШЫЛ БОЛСЫН
*
 
Төр-аға: Сөз ж[олдас] Жұбанұлына беріледі. 
Жұбанұлы: – Кенеттен  ж.  Омарұлы  туыс  негізді  емлеге 
бейімдік  көңіл  білдіргендей  болды.  Сондықтан  мен  емленің  тек 
негізі жайынан ғана сөз қыламын. 
Емленің  бүге-шігесін  мен  талдап  жатпаймын.  Өйткені  ол 
жағын Константин Кузмич Юдахин толық жанап өтті. Күн бұрын 
біз  өзара  ойласқан  сөзімізді  ол  кісі  айтқан  соң,  мен  оның  сөзіне 
басқа қосарым қалмады. 
Бізге туыс негізді (морфология) емле керек пе, дыбыс негізді 
(фонетика) емле керек пе? 
Меніңше, баяндамашы айтқандай, емле негізіне қожа сол тілдің 
жаратылыс заңы болуы керек. Тіліміздің жаратылысына қарасақ, 
емлеміз  дыбыс  негізді  болу  керек.  Əрине  ол  Шонан  ұлы  баян-
дамасында айтқандай дыбыс негізді болу керек. 
Бізге дыбыс жүйелі емле неге керектігін Қазақстанның бірінші 
білім съезінде ең толық түсіндірген адам Омар ұлы еді. Біз туыс 
жүйелі емле жасасақ та бəрібір, оның өзі дыбыс жүйелі емлемізден 
онша басқа болып кетпес еді. Өйткені туыс жүйені сөз негізінде 
қолданар едік. Сөз негізі бізде өзгермейді де, дыбыс естілуіне сəйкес 
болады.  Жалғауды  бəрібір  туыс  негізімен  жаза  алмас  едік.  Неге 
десеңіз, жалғауды туыс жағынан əлі ешкім жете білмейді. Жалғауды 
туыс жүйесімен жазу үшін оның тарихын, бұрын қалай жазылып 
жүргенін, қысқасы, алғашқы түрін білу керек. Жалғаудың қай түрі 
тұңғыш, қай түрі кенже екенін бұл күнгі тіл білімі біле алмайды. 
Мəселен  «лар»  көнерек  пе,  я  «дар»  ескірек  пе,  болмаса  «тар» 
кəрі ме, оны дəлелдеу мүмкін емес. 
Сондықтан профессор Шобан-заданың ұсынысын мен керісін-
ше  ұстау  керек  дер  едім.  Проф.  Шобан-зада: «сөз-негіз  дыбыс 
жүйесінше, жалғау туысынша жазылсын» десе, мен сөз негізі туы-
сынша, жалғауы дыбыс жүйесінше жазылу керек дер едім. Сонда 
біздің  емлеміз  мінсіз  əрі  жеңіл  болады.  Себебі  сөз  түбірі  белгілі 
жолмен кейде болмаса, тіпті өзгермейді. Сондықтан біздің дыбыс 
емлеміз  бен  туыс  емлеміздің  арасында  айырмашылық  болмайды 
*
  Қызылорда  қаласында 1929 жылы  шақырылған  Бүкiлодақтық  ғылыми-орфо-
графиялық конференциясының стенограммасынан (үзiндi).

264
Алфавит. Терминология. Əдістеме
деймін.  Қопармалы  тілдерде  бұл  екі  негізді  емлелердің  арасы 
жуықтаса  алмайды.  Сондықтан  сөз  тұлғасын  бұзбау  үшін  туыс 
жүйелі  емленің  бізге  онша  керегі  жоқ.  Бұл  жайында  баяндамада 
айтылған. 
Проф. Шобан-зада туыс жүйелі емлені жақтағанда көздейтіні 
түрік  тілдерін  біріктіру  болса  керек.  Бұл – жай  қиял.  Омар  ұлы 
тіліміздің жазба тарихы ұзақ емес деді. Меніңше, тіліміздің жазба 
өмірі, орыс тілімен салыстырғанда да едəуір ұзақ: жазуымыз ұзақ 
өмір сүрген. Түріктерде VІ–VІІІ ғасырларда жазу болған. Славяндар 
(орыстардың аталары) X ғасырдан бастап жазулы болған. Орхон 
жазуын бұлай қоя тұрғанда да, бізге жеткен белгілерге қарағанда, 
түріктер  ІX–X  ғасырларда  ойғыр  жазуымен  жазып,  біраз  кітап 
қалдырған. Мəселен, «Екі ханзада», «Езгілік жəне жауыздық» де-
ген ертегі ойғыр əліппесімен жазылған. Тілшілер бұл ертегі ІX ға-
сырда жазылған деп ұйғарады. 
Сол  ғасырдан  бері  мың  жыл  ұдайынан  біз  туыс  негізді  емле 
ұстап келеміз. Онан түрік тілдерінің арасы қанша жақындасты. 
Жазу арасы жақындау үшін, ол жазу қалың бұқараға жеңіл болу 
керек. 
Қалың бұқара қолына үкіметті ұстағанға шейін, жазу бұқарашыл 
бола  алмады,  ж.  Е.Омарұлы  айтқан  сияқты  жазу  тек  жоғарғы 
таптың ғана еншісі болды. Сондықтан ол жазу қалың бұқара ара-
сына  сіңе  алмады.  Қалық  бұқара  тілін  біріктіре  алмады.  Мұнан 
былай, жазу бұқарашылданған соң, тілді біріктіруге болады. Бірақ 
тілдерді біріктіруге болмайды. Адам деген белсенді жануар, адам 
өз тұрмысын да, тілін де өзгерте алады. Бірақ жалғыз жазумен емес, 
түрлі  шаруашылық-əлеуметтік  шарттар  арқылы  өзгерте  алады. 
Ол  шарттар  түрік  тілдері  түгіл  барлық  адам  баласының  тілдерін 
біріктіруі де мүмкін. Бірақ ол қашан боларын ешкім айта алмады. 
Ол ертерек. Əзір біз туыс жүйелі емлені алсақ, бізде де англичандікі 
жəне басқа елдердікі сияқты жазу болады. 
Бізде «лар» деген жалғау -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болып 
жазылады.  Ойғыр  əліппесінде  көптік  жалғауы  «а»  арқылы  -лар 
болып жазылған. Шағатай тілінде -лір жазылған. Бері келе анатолы 
түркі мен татар тілінде де -лір жазылған. Бірақ онымен татарлар 
да,  анатолы  түріктері  де  тіл  тарамдануынан  (диалекті)  құтыла 
алмаған. 

265
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Сондықтан туыс жүйелі емлені алсақ та біз я жазуды, я тілдерді 
біріктіре  алмаймыз.  Мен  де  біріккеннен  қашпаймын,  бірақ  өте 
сақтық керек. 
Көптік  жалғаудың  қазақша  төрт  түрі  бар.  Біз  оның  бəрін 
тастап жалғыз лар-ды ұстап қала алмаймыз, мұнан оқыту жұмысы 
ауырлайды,  сауаттану  жұмысы  қиындайды.  Сауаттану  жұмысы 
тез жүру үшін жазу сөз естілуіне жақын болу керек. Əйпесе «ят» 
кезіндегі  орыстар  сияқты  емле  ережелерін  жаттаймыз  да  оты-
рамыз. 
Жолдас  Е.Омарұлы  айтқан  сияқты,  бұл  күнге  шейін  емле 
мəселесін  тіл  мамандары  шешіп  көрген  жоқ.  Емлені  шешумен 
келе  жатқан  тұрмыстың  өзі.  Өнерлі  елдің  қайсысының  болса  да 
жазуын алып қараңдар. Ірі тіл мамандары болса да, ол мамандар 
емле  мəселесіне  аз  жəрдем  берген.  Өйткені  бұл  күнге  шейін  тіл 
ілімі өмірмен байланыспай, таза ілім болып келген. Мұнан былай 
тіл ілімі жазудың іске асу жағына жəрдем бермеске амалы жоқ. 
Араб  жазуының  негізі  тарихи  жазу.  Ол  арабтардың  наданды-
ғынан  емес,  араб  тілінің  қасиеттерінен  болған.  Арабта  тіл  ілімі 
өте шарыққа шыққан. ж. Шонан ұлының көңілі өте құлап кеткен 
дыбыс  жайындағы  тіл  ілімінің  тарауы  əлі  арабтікін  жөнді  басып 
кете  алған  жоқ.  Іріту,  еліктіру  заңы  арабтарға  қашаннан  белгілі 
болған.  Біздің  оқытушыларымыз  ідғам,  ықпа  дегендерді  жақсы 
біледі.  Бірақ  араб  емлесін  жасаған  арабтың  бұл  ғылымы  емес, 
өзінің тілі, араб тілінің түбірі үш дауыссыз дыбыстан құралады да, 
дауысты  дыбысқа  өте  кедей  болады.  Сондықтан  емлесі  туыс 
жүйеге сүйенген. 
Енді профессор Вунцетельдің сөзіндегі дауыссыз дыбыс қатар 
келмейді дегенге тоқталам. Бірақ мұны сəл кейінге қалдырайын. 
Бірде  ж.  Байтұрсын  ұлы  газетте  туыс  жүйелі  емлеге  жуық  пікір 
айтқан  сияқты.  Ол  кісі  -дар, -тар, -дер, -тер  екі  түрде  -дар//
-дер  болып  жазылсын  деген.  Бұл  да  дар-ды  жалғаудың  байырғы 
түрі, дұрыс түрі деген, -тар//-тер бұралқы түрі деген қиялдан туған 
пікір.  Жалғаудың  қай  түрі  үлкен,  қай  түрі  кіші  екенін  əлі  ешкім 
аша  алған  жоқ.  Біздің  алтай  тілдері  қатаң,  ұяң  дыбыстарын 
бұрын айырмаса керек. Мəселен, ойғыр жазуында п мен б, к мен 
г айырылмаған. 

266
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Сондықтан ойғыр əліппесімен жазған түріктер қатаң дыбыстан 
ұяң дыбысты айыра алмаса керек. Көп зерттелген бір түрік тілінде 
бұл əлі бар. Мəселен, шуаш тілінде қатаң мен ұяң дыбыстар айы-
рылмады. Бітеу буында қатаң болған дыбыс, ашық буында ұяңға 
айналады.  Мысалы,  ит  (ат),  ұда  (атқа).  Бері  келе  қатаң,  ұяң  ды-
быстар жіктеледі. Оның бірі – ерте, бірі – кеш шықты деу дұрыс 
емес. Біздің емлемізде де екеуінің терезесі тең болуы керек. 
Бізге туыс жүйелі емленің келмейтін тағы бір себебі – тілімізді 
зат есім, сын есім деп сөз мүшелеріне бөлу қиын. Архангельский 
жолдастың тіл құралын түзеген кемеңгер ұлы жолдастар осылай 
депті.  Біздің  тіліміз  жалғамалы  (агглютинация)  тіл,  қопармалы 
күйге жетпеген тіл. Бұлай сатылауға англичан тілі қарсы болса да, 
англичан  тілі  қопармалылықтан  жалғамалылыққа  қайтса  да,  осы 
күнгі бір жаңа қисын қопармалы тілді жоғары қояды. Мен осы жаңа 
қисынды қолдаушыларданмын. Түрікшілдер де біздің тілімізде əлі 
дербес тұлғасы жоқ сөздер барын көрсетіп отыр. Бұған зат есімнен 
шыққан сын есімдер айғақ болып отыр. Олар мағынасы аяғындағы 
дыбысына қарай емес, сөйлемдегі орнына қарай білінеді. Сондықтан 
тіл құралымызды сөз жүйесі ғана емес, сөйлем жүйесіне де қоса құру 
керек екені байқалады. Тіліміз осындай сатыда тұрған соң емлені 
сөз жүйесіне құруға болмайды. Бізге ең қолайлысы дыбыс жүйесі. 
Енді жолай бөлек-салаққа кідіре кетем. Мен баяндамашының 
кейбір жаңылысын түзегім келмейді де, баяндамашы тіл маманы 
болуында дау жоқ. Сөз басында дауыссыз дыбыстар қосарланбайды 
дегенді  кеңітіп,  буын  ішінде  дауыссыз  қос  дыбыс  келмейді  деу 
дұрыс. Бұл барлық түрік тілдерінің заңы. Тек дауысты үнді шұғыл 
болса ғана екі дауыссыз дыбыс қатар келеді. Басқа түріктер екі да-
уыссыз дыбысты қатар жазса, ол тек емледен. Бірақ «екі дауыссыз 
қатар келмеу – барлық мешелдеген тілдер белгісі» деу жаңылыс. 
Араб-жебірей тілдерінде үш дауыссыз қатар келеді. Бірақ соңғы кез-
де олар да асты-үстіне қосымша белгі қойып айырып жүр, мысалы: 
зарыбун – ұру, зараба – ұрды, зарыба – ұрылды. Олардың дауыс-
ты əріптер жазып жүргенінің өзі дауыстыларды көп сезбегендігін 
көрсетеді.  Н.Е.Вунцетель  мұны  жетілген  тілдің  белгісі  қылып 
көрсетті. Əйтеуір мен солай түсініп қалдым. Түсінуім дұрыс бол-
са, ол кісінің ойына қосылғым келмейді. Өйткені дауыстыға түрік 
тілдерінен бай тіл жоқ. Жаңада ғана өзбектер 18 дауысты дыбыс 

267
Алфавит. Терминология. Əдістеме
аламыз деп дауласқан. Олар түрік тілдері жетілген тілдер болады 
дейді. Бодуэн де Куртенэ де солай деген. 
Мен  қопармалы  тіл,  жалғамалы  тілден  жетіліңкіреген  деген 
ойға  қосылам.  Бірақ  жалғамалы  тілдің  дыбысқа  бай  екендігін 
мойындамасқа болмайды. Осы күнгі бір жаңа қисынның айтуынша, 
əуелі қоспа дыбыстар шыққан. Сонан олар жіктелген. Ең соңынан 
дауыстылар шыққан. Сондықтан буында дауыссыздар қатарланып 
келуі ескінің мұрасы деп қарау керек. 
Осымен сөзімді тоқтатам. 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕСІН ӨЗГЕРТУ ЖАЙЛЫ
*
Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мəселесі 
дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол: өркендеп алға 
барған тілдің түрлі тарауының бəрі де сол емле, терминологиямен 
сабақтасады да отырады. Тілдің əліпбиінен бастап, жоғары сатысы-
на жеткенше ілім-техниканың не бар игілігін сөзбен айтып, ашып 
бере аларлық дəрежеге жетудің өзі де емле мен терминологиядан 
аулақ болмақ емес. Емле мен терминологияның қызметі сол қалың 
еңбекшінің қолын мəдениетке жеткізу болады да, ондай кезде емле 
мен терминологияның мəні əсіресе зор болады. 
*
 
Мақала  «Мемлекеттiк  термин  комиссиясының  Бюллетенiнде» (1935 ж.,  №4 
санында) жарияланған.

268
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Сүйтіп,  байтақ  бұқараның  білімге,  мəдениетке  қолын  осы 
емле  мен  терминологияға  жоламай  жеткізуге  болмайды.  Кезінде 
ағылшынның емлесін сынап, Энгельс былай деген:
«Ағылшын емлесінің шатақтығы сондай, оқи білу деген ілуде 
біреудің ғана қолынан келетін бір қиын өнер де, ол өнерге жету 
үшін көп уақыт, көп еңбек сарп етіп оқу керек; солай болған соң 
жұмысшы  табының  надандықтан  құтыла  алмауы  табиғи  қалып 
болмақ. Жаза білу деген тек азғантай ғана адамның қолынан келеді, 
емлеге келтіріп жазуды көп оқыған адамдардың да көбі білмейді» 
(Маркс пен Энгельстің ІІ томы, 403-беті).
Энгельстің  бұл  айтып  отырғаны – Англия  мен  Американың 
үстем тілінің емлесі; буржуаз Англия мен Американ елінің билігі 
буржуазия табының қолында тұрған кезде буржуазия мəдиениетінің 
маңдайалды  Англия,  Америка  сықылды  елдерде  о  сықылды 
шиеленіскен шатақ емленің сондай ілгері мəдениетпен сиысуы жөн 
болса да, еңбекші бұқараның ілгері басуы мүлде ақылға симайтын 
қалып болмақ. 
Сондықтан  емленің  жалпы  ережесіне  көнбей,  бөлек  жайыла-
тын оқшаулықтарды көбейтіп, тілдің шын қалпына жанаспайтын 
«академиялық»  ережелерді  аңдатып,  емлені  шатыстырып,  қиын-
дату  дегенді  ауызға  алмайтын  болуымыз  керек. Cондықтан 
кейбіреулердің  ағылшын  емлесін  бетке  ұстап,  емленің  қиынды-
ғы  мəдениеттің  көркеюіне  бөгет  болмайды  дегені  де,  Ə.Бөкей-
ханұлының: – Жапония  емлесіндей  жаман  емле  жоқ,  бірақ 
Жапония  сол  емлесімен-ақ  өнер-мəдениетін  Европа  елінің  дең-
гейіне  жеткізді» («Еңбекші  қазақ», 1924 ж.)  дегені  де  қисынға 
келмейді. 
Жапон  жазуының  негізі  иероглиф  (сөз  басы  бір  таңба)  бола 
тұрып,  бірқатар  сөздің  буын-буынында  таңбалайтын  жолы  бар; 
сондықтан  оның  жазуы  Бөкейханұлы  айтқандай,  ең  жаман  жазу 
болмағанмен, шатағы көп, қиын жазу. Ол, ол ма, əр ұлтының əдеби 
тілі бір ғана тіл болса, Жапонияның əдеби тілінің өзі бірнеше де, 
əрқайсысының жазуы да əртүрлі, өздері біріне-бірі жалғаса қиындай 
береді. 
Бірақ емленің жеңіл болуы керек дегенді əртүрлі түсінуі мүмкін. 
Емленің ережесі, əйтеуір, аз бола берсе, əсіресе, ережеге келмейтін 
оқшау қалыптары, əйтеуір, аз бола берсе, емле сонда ғана жеңіл 
болады деп жору мүмкін. 

269
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Ереженің саны неғұрлым аз болса, оны үйреніп алудың да оңай 
болатыны рас. Ережеге келмейтін одағай қалыптар аз болса, онан 
емленің  оңайлайтыны  да  рас.  Бірақ  ереженің  саны  да,  ережеге 
келмейтін одағайдың саны да азая келе, өзінің тиісті шамасынан 
мүлде кеміп кетсе, онда ол сықылды «жеңілдік» жеңілдік болмақ 
емес. 
Ереженің  санының  аз  болуы,  емлеге  керек  ережелердің  ол 
санның ішіне түгел кірмей қалғандығынан болса, ережеге жатпай-
тын  одағайлардың  аздығы  да,  өзінің  санымен  аз  болғандығынан 
емес, бірқатарының еленбей, ескерусіз қалғандығынан болса, олай 
болған  күнде  онан  емле  жеңілденбейді,  қайта  қиындай  түседі, 
cол  сықылды  тым  артып  кетсе,  тілдің  емлесі  жазуды  бір  ізден 
шығаратын  емле  болудан  да  қалады,  емлеге  келтіріп  жазу  деген 
мүлде болмайтын боп шығады. 
Қазақ тілінің 1929 жылы бекіген емлесі нақ осындай күйде. Бір 
көруге оп-оңай. Таза қазақша сөздің емлесіне арналған ережесінің 
саны 12-ақ, терминнің жазуына арналған ереженің саны – 18. Емле 
осы сықылды «жабайы» болған соң, дұрыс жаза білу оп-оңай болу 
керек еді, жұрттың бəрі де дұрыс жаза алатын болу керек еді. Бірақ 
шынында олай емес: жұрттың бəрі де дұрыс жаза алмайтын болып 
отыр. 
Кейбір сөздер, мəселен, тұрмыста ең көп айтылып, көп жазы-
латын сөздердің бірі – «коммунист» деген сөз 16 түрлі боп жазы-
лады, сонда о сөздің ішіндегі əріптерінің саны да оған жетпейді. 
Оны  біреулер  «кəмөнес»  деп  жазады,  біреулер  «кəмунис»  дейді, 
тағы  біреулер  «кəмуніс»  деп  жазады,  əркім  өзінше  жаза  береді. 
Cонда оны солай, əртүрлі жазғандардың əрқайсысының өз жазғаны 
дұрыс  екенін  айтатын  дəлелінің  толықтығы  да,  дұрыстығы  да 
тепе-тең түсіп, бірін-бірі бұзып кете алмайды. Бірақ сол 16 түрлі 
жазудың  біреуін  өзгесінен  артық  деп  табарлық  шын  дəлел  таба 
алмаймыз.  Оны  салыстырып  санағанда,  бірінен-бірін  артық  не 
кем  деп  айтарлық  дұрыс  критериямыз  жоқ,  емлемізде  оған  кри-
терий боларлық ережеміз жоқ. Сондықтан жаңағы сөздің 16 түрлі 
жазылғанының 16-cы да дұрыс болғаны секілді, 16-сы да дұрыс емес 
болып шығады. Міне, емле осы сықылды күйде болған соң, ешбір 
сөзді дұрыс жазуға болмайды. 

270
Алфавит. Терминология. Əдістеме
«Коммунис» деген сөз қазақтың өз сөзі емес, оның жазуының 
тұрақты болмауы содан – деп дауласушылар да болар, бар да. Бірақ 
ол сөз орыстікі де емес, немістікі де емес, cүйте тұра ол орыстікі 
де, қазақтікі де, немістікі де, тіл-тілдің бəріне бірдей халықаралық 
сөз, оны тегін қазып, латынша сөз деген қаншалық қисынды болса, 
қазақ тілінің өз сөзі деген де соншалық дұрыс болады (Бұл сөздің 
латыншасы – «гоммунис»,  жалпы,  көпке  ортақ  деген  мағынада). 
Қайта құл ұстап, теңдік, ортақтық дегенге мүлде жанаспаған баяғы 
Рим  (латын)  елінен  көрі  қазақ  елінің  бұл  сөзді  «менікі»  деуге 
правосы анағұрлым артық. 
Шынында, дұрыс жазу деген – қазақтың өз сөздерінің, «таза» 
қазақша сөздердің ғана правосы болып, емле сонымен ғана тұрып 
қалмау керек, қазақтың əдеби тілінде кездесетін сөздердің бəрі де 
дұрыс жазылып, əрқайсысының өзінің меншікті тұрақты таңбасы 
жазылған түрінен басқаша жазудың бəрі де қате делінетін болу ке-
рек; бірақ ол үшін мына сөз «таза» қазақша, мынаның тегі жат деп, 
сөз-сөздің тегін қазып жатудың қажеті жоқ, тегі қайдан шықса да 
бəрібір, қазақ тіліне кірген сөздің бəрі де қазақтың өз сөзі деліну 
керек. 
«Коммунист»  деген  сөз  тіл-тілдің  бəрінде  де  бар,  бірақ  оның 
түбі сол тілдердің ешқайсының да өзінікі емес; сүйтсе де оны орыс 
та, неміс те «өз сөзім емес» деп қалай болса солай жаза бермей, 
тұрақты бір таңбамен ғана жазады. 
Міне, қазақ тілінің емлесі де сол сықылды тұрақты болу керек. 
Жаңағы  «коммунист»  сияқты  мыңдаған  сөздің  осы  күнге  шейін 
ешбіреуі  дұрыс  жазылмай  келеді.  Біреуінің  де  тұрақты  таңбасы 
жоқ,  осы  күнгі  емленің  емле  болып  шығуы 1929 жыл  еді,  сонан 
бергі 6 жыл  бойы  жаңағыдай  сөздердің  ешбіреуі  бір  тұрақты 
түрге  түсе  алмастан  келеді.  Енді  о  сықылды  сорақылықтан  құ-
тылу үшін ең алдымен сол сорақылықтың түп себебін тауып алу 
керек. 
Əрине,  ол  себепті  əркім  өзінше  бүлдіріп  жазумен  келген 
«коммунист»  деген  сөздің  өз  бойында  деуге  болмайды.  Оны 
жазушылардың  надандығынан  да  көруге  де  болмайды,  емленің: 
осылай  жазу  керек  деп,  қолға  ұстатқан  тұрақты  жолы  болмаған 
соң, жазушы емленің анархиясынан қайткенде де құтыла алмаған. 

271
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Сөйтіп, о сықылды сөздердің тұрақты таңбасының болмауына 
шын себеп – осы күнгі емленің өзі, бұл емленің бір ережесі: «шет 
тілдерден  кіретін  сөздердің – терминдердің  емлесі  қазақ  тілінің 
фонетикасы  мен  морфологиясының  осы  күнгі  заңдарынша  болу 
керек, – дейді» (1929 жылғы  емле  конференциясының  стеногр., 
139-бет).
Бұл – «қазақ тілінің фонетикасының осы заңдарына» терминдер-
дің  емлесін  бағындыра  берудің  түбі  шиеленген  шатақ  болып 
кететін болған соң, соны келегейлеймін деп, оған: «аса бір керек 
жерлерде ғана болмаса, жат сөздердің түбірін бұзбай жазу керек...» – 
деп, бір эклектік бұлтарыс қосқан (сол стенограмның 140-беті).
Міне, терминдерді осы ережеге келтіріп жазу үшін, жазушы оны 
əуелі «қазақ» фонетикасының осы күнгі заңына бағындырамын деп 
бір əуре болады, «аса бір керек жерлерде ғана болмаса, терминдердің 
түбірін  бұзбай  жазамын» – деп,  екі  əуре  болады. Cөзді  мұндай 
ережеге келтіріп жазу үшін əр жазушы оны өзінше жазып, əр сөзді 
өз  алдына  қиыстыруға  тиіс.  Өйткені  олардың  əрқайсысында  өз 
көзқарасы бар ғой. Cонда біреуі: «коммунист» деген сөзді «кəмөнес» 
деп жазғанда оны «керегінше ғана бұзып», қазақ фонетикасының 
осы күнгі заңына бағындырдым – деп біледі, екінші біреу ол сөзді 
«кəмүнес» деп жазғанда сол шартқа келтірдім деп түсінеді, тағы 
біреуі  оны  «кəмүніс»  деп  жазғанда  ережеге  қисынады  деп  ой-
лайды. Ереже осының бəріне де өзі жол ашады. 
Cонымен, емле əркімнің өзінше жазуын қойдырып, сөз-сөздің 
таңбасын айнымайтын тұрақты қылып шығарудың орнына, емле 
жасағанда бұл мақсат еленбегендіктен, жазуда тұрғылықты бір із 
болмай, қайта теріс «жазғыштыққа» бастап, анархия шығарып отыр. 
Емлеміздің  бұ  сықылды  жолсыздығы  тек  халықаралық  тер-
миндер ғана емес, қазақтың өз сөздеріне де тиіп отыр. 
Жазуды  сыңарезу  ультра-фонетик  жолымен  жазатын  болған 
соң,  естілуі  əр  жолы  əртүрлі,  кейде  болып,  кейде  түсіп  қалып 
отыратын  көмескі  дауыстылардың  емлесі  мүлде  шатысып, 
былығып  кетті.  Мəселен,  бір  кісі  бір  жерде  «асра», «жамра», 
«Ахмет», «көбрек», «ру», «рет», «Абралы»  деп,  бұ  сықылды 
сөздердің  дауысты  «ы», «і»-лерін  жоғалтып  айтатын  болса, 
екінші  бір  жерде  сол  кісінің  өзі-ақ  сол  сөздерді  «асыра», «жа-

272
Алфавит. Терминология. Əдістеме
мыра», «Абыралы», «Ахымет», «көбірек», «ұруу», «ірет» –
деп те атайды. Соған қарап, емле о сықылды сөздерді қалай жазсаң 
да еркің дейді, ондай сөздердің жазуына тұрақты жол көрсетпейді, 
«ойын», «қиын», «ауылы», «шаруа», «алуа»-ларға ұсаған сөздердің 
айтылуы да, жазылуы да со сықылды: «қойны», «қолы», «шаруа», 
«алуа» боп келе береді. Əркімнің өзінше айтатын сөздері болады, 
əр жерде əртүрлі айтылатын сөздер де толып жатыр; бір кісінің өзі 
«жұрттың бəрі де» əр жерде əртүрлі қып айтатын сөздер де аз емес; 
о сықылды сөздердің емлесінде еш тұрақ жоқ, оған қарағанда қазақ 
тілінің мүлде емлесі жоқ деп түсінуге болғандай. Мəселен, «жана» 
деген сөз «жəне», «жəнə» болып та жазылады, «ішкім» – «ешкім», 
«едəуір», «əдəуір», «недəуір», «қарағын» – «қарқын», «шимай» – 
«шымай» – «шыжбай»; «кербіш» – «керпіш» – «кірпіс», «бибас-
тық» – «бейбастақ» – «би бастық» – «бей бастақ – «бейбастық»; 
«жəнтік» – «жəндік», «шыңара» – «шінара» – «шін-ара» – «ішін 
ара» – «ішінара», «саржан» – «шажын»-дарға  ұсап,  əр  жолы 
əртүрлі болып жазылатын сөздер толып жатыр. 
1929  жылғы  емленің  шешпей  қалдырған,  осы  күнге  шейін 
де  шешілмей  келе  жатқан  бір  мəселесі – түбірі  басқа-басқа 
болғанмен,  кірігіп  бір  мағыналы  бір  сөз  болып  кеткен  құрамды 
сөздердің  емлесі.  Мұндай  сөздердің  жазуында  еш  тиянақ  жоқ, 
оны  біреулер  қоспай,  бөлек-бөлек  жазады,  тағы  біреулер  ара-
сына  сызықша  қойып  жазады,  кейбіреулер  қосып,  бір  сөзге 
ұсатып  жазады.  Мəселен,  «жарқ  қанат» – «жар  қанат» – 
«жарғанат», «қол ғабыс» – «қол қабыс» – «қолғабыс», «жарым 
ес» – «жармес», «иін ағаш» – «иін əғаш», «аш көз» – «ашкөз» – 
«ашкөз», «жаздың  күні» – «жазды  күні» – «жазды  күн» –
«жаздыгүн», «жазғы тұр» – «жазғы тұрым», «бара жатыр» – 
«баражатыр» – «баратыр» – деп  əркім  өзінше  жаза  береді. 
Бұл  сықылды  мысалдардың  ұшы-қиыры  жоқ.  Осы  күнгі  емлені 
мақтап,  қазақтың  өз  сөздеріне  келгенде  оның  еш  кемшілігі  жоқ, 
кемеліне  келіп,  əбден  жетіліп  болған  емле;  аздаған  кемшілігі 
болcа,  тек  жат  сөздердің  жазылуы  жағынан  ғана  болып  отыр 
деп,  қазақ  тілінің  емлесін  көкке  көтерушілердің  мəселеге  жете 
түсінбей,  бетінен  сапырып,  балалық  қылық  көрсетіп  жүргендігі 
осы  мысалдардың  өзінен-ақ  аян  болу  керек.  Тіл  ғылымының 

273
Алфавит. Терминология. Əдістеме
емлеге  керек  бірқатар  ірі  мəселелерінің 1929 жылы  шешілмей, 
шикі  күйінде  қалғандығы, 1929 жылғы  емледен  ол  мəселелердің 
дұрыс шешіліп, тұрақты ереже болып орын ала алмай, елеусіз қал-
ғандығын да осы келтірген мысалдардың өзінен-ақ байқалу керек. 
Сөйтіп,  осы  күнгі  емленің  бір  көрмеге  жеп-жеңіл  болып 
отырғаны тілдің емлеге керек мəселелерінің түгел тексеріліп, азғана 
ереже болып, қорып шыққанынан емес, сол мəселелердің көбінің 
тексерусіз  ұмыт  қалып,  емледен  белгілі  ереже  болып  орын  ала 
алмағандығынан. 
Терминдердің  емлесіне 1929 жылғы  қаулы  ойына  келген  бір 
азғана мəселелерді ереже қылып кіргізді де, ең керек ірі мəселе-
лерді мүлде сөз қылмай ұмыт қалдырды. 
Қазақтың  өз  сөздерінің  жазуында  да  ол  емленің  кемшілігі  аз 
емес екенін жаңа көрсетіп өттік. Міне, cондықтан осы күнгі емленің 
ережесінің  аз  болуы – тілдің  шын  қалпын  аз  ережеге  сыйғызып, 
түгел  қорытып  шығарғаннан  емес,  тек  есіне  түскен  қалыптарын 
ғана ереже қылып шығарып, ең керектерін ұмытып кеткендігінен, 
елеусіз  қалдырғанынан  болған  соң,  емлеге  кірген  ережелердің 
бəрі жиылғанда да тілдің емлеге керек мəселелерінің бəрін түгелі-
мен  ішіне  ала  алмайтын  болған  соң,  қазірде  емле  бір  көрмеге 
оп-оңай сияқтанғанмен, өзі шын емле бола алмай, жазуды мүлде 
шатастырып, анархия шығарып отыр. Шынында, емле жеңіл болу 
үшін  ереженің  саны  да,  ережеге  көнбейтін  одағай  қалыптардың 
саны да құр аз болып шығу ғана шарт емес, тілде бар емлеге керек 
қалыптардың  бəрінің  түгел  тексеріліп,  ереже  боп,  қорып  шығуы 
шарт. Міне, солай қорып шыққан ереже – өзі барынша аз болып, 
емлеге керек мəселелердің бəрін де ішіне алатын болса, емле сонда 
ғана шын емле болады. 

274
Алфавит. Терминология. Əдістеме


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал