37 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жаңашылдықты баяндаңыз. XX ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиет - XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің жалғасы ретінде дамуымен бірге, өзіндік өрнегін де тапқан әдебиет. Мұнда, әсіресе, өмір шындығын, замана өзгерісін, әлеуметтік тұрмысты нақты да шынайы бейнелеуге ұмтылу көзге айқын шалынады. Дегенмен, бұл тұстағы әдебиетте ақын-жазушылардың қоғамдық-әлеуметтік құбылыстарды суреттеудегі, өмір шындығын танудағы әркімнің дарын-талантына, білік-танымына сай өзіндік бағыт-бағдарын танытатын ерекшеліктері де болды. Мұндай әр алуандықтың болуы заңды да еді. XX ғасырдың басындағы ақын-жазушылардың өскен ортасы, шығармашылық мектебі, білім дәрежесіне орай әр түрлі бағыт-бағдарлар, ағымдар қалыптасып, олар сол бағыт арқылы қалыптасқан көзқарастарын шығармашылығы арқылы танытуға, халыққа жеткізуге тырысты. Бүгінгі жаңаша көзқарас бойынша ХХ ғасыр бас кезіндегі әдеби бағыттарды идеялық ұстаным тұрғысынан діни-ағартушы, ағартушы-демократтык, ұлт-азатшыл әдебиет деп бөлуге болады. Олардың көрнекті өкілдері XХ ғасырдың, яғни ұлттық сана ояну дәуірінің негізгі идеясына айналған халықты «оятуға» әр қырынан келіп, өздері дұрыс деп таныған мақсат тұрғысынан көтергені белгілі. Жаңа ғасыр басындағы қазақ ақын-жазушылары коғамдық-саяси өзгерістер алға тартқан көп мәселелерді шешуде өзіндік бағдар ұстанғанмен, оқу-ағартуға шақыру, әйел теңдігін көтеруде, кертартпа мінез-құлықтарды сынау тәрізді сол кездегі казақ қоғамы алға тартқан өзекті мәселелерде, оларды түзеуге ұмтылуда бірлік таныта білді. Ал азаттық, тәуелсіздік тәрізді күрделі проблемаларға байланысты ізденістер оларды көркемдік дәрежесі биік деңгейдегі туындылар жасауға ұмтылдырды. Соны соқпақтарға жетеледі. Сондықтан да бұл кезең әдебиетінде түрлі көзқарастар, түрлі пікір қайшылықтары көрініс тауып, көркемдік тұрғыдан артық-кем түсіп жатқан тұстар- дың болғанын жасыра алмаймыз. Қазақ даласына ХХ ғасырмен бірге еркін кірген өзгерісшіл рух 1905 жылы өзінің алғашқы шама-шарқын бір байқатып тастады. Сол тұста қазақ зиялылары да ел аманатын аркалап, өздерін толғандырған жер, оқу-ағарту, саяси күрес атты үш мәселені алға ұстап, күресшіл жолға бет алды. Мұнын бір белгісі - 1905 жылғы Қарқаралыда өткен 14 мың 500 адам қатысқан тұңғыш құрылтайдағы қазақ оқығандарының патшаға жіберген Қарқаралы талабы (петиция), қазақтың алдыңғы қатарлы азаматтарының алғаш бас біріктіруі. Бұл - толғағы жеткен мәселелерді көтерген саяси күреске шығудын басы, оған үлкен серпін берген әрекет еді. Қазақ даласындағы жандана бастаған саяси қозғалысты тек 1905-1907 жылдардағы революцияға ғана қатысты деп бағалау біржақтылық болар еді. Бұрынғы тарихи және әдеби оқулыктар- да дәл осындай баға беріліп те келді. Біздіңше, 1905-1907 жылдардағы қазақ даласындағы ірілі-уақты іс-қимылдардың негізі әріде жатыр. Ол - Ресей мұсылмандары қозғалысынан қуат алған қазақ зиялыларының көкейінде пісіп, көкірегін жарып шыққан күрес жолын таңдаған тұжырымның нәтижесі. Қазақстанның коғамдық-саяси өмірінде болып жатқан ірі оқиғалар мен саяси өзгерістер, қоғамдык-әлеуметтік өмір әдебиетімізде де кеңінен көрініс тапты. Қоғам шындығын көркемдікпен суреттеудегі жазушы ерекшелігі жоғарыда атал- ған түрлі бағыттардың қалыптасуына алып келді. 1905 жылдан кейінгі әдебиетте ұлт-азатшыл (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т.б.), ағартушы-демократтық (М. Сералин. C. Дөнентаев, С.Торайғыров, т.б.) бағыттар белең алды. Бұрын- нан әдебиетімізде бар діни-ағартушылық бағытты (М.Ж. Көпеев, М. Қалтаев, Н. Наушабаев, Ш. Жәнгіров, т.б.) қосқанда осы кезең әдебиетінде үш бағыт өркен жайды.
Жалпы, XХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетке тән басты ерекшелік - ұлт қамы қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы болсын ортақ тақырып ретінде көрініс табуы. Олар өз ұлтының өзге өркениетті елдердің қатарынан көрінуін аңсап, ел тілегінен шығып, әдебиеттің ұлттық рухын шырқау биікке көтерді. Қазақ халқының алдында тұрған биік мақсаттарды әрқайсысы әл- қадірінше, ой-өрісінің жеткен қырынан тани отырып, негізгі мәселе ретінде алға тартты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиет- тің басты белгісі - азаттыққа ұмтылу, халық санасын азаттық жолында күресу үшін «ояту» әдебиеті болғандығында. Бірақ «оятудың» жолын әрбір өнер иесі өз көзқарасы арқылы айқындады. Мәселен, бірі (ағартушы-демократтар) оны тек ағар- тушылықта, әлеуметтік теңсіздікті жоюда, екіншісі (ұлт-азатшылдар) ұлт болып азаттыққа, теңдікке, бостандыққа ұмтылуда, соған қол жеткізуде деп білсе, үшіншілері (діни-ағартушылар) адамгершілік тәрбиесінің негізі діни-рухани бостандыққа насихаттауда деп ұқты. Сондықтан да XX ғасыр басындағы әдебиеттегі көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Қаранғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?
Мұздаған елдін жүрегін
Жылытуға мен кірермін, - деп, өз поэзиясының, өмірінің мақсаты ағартушылық, қараңғы- лықпен айқас екенін асқақ романтикалық үнмен жеткізді.
Мен жазған кеңес,
Мактаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.
Ер батканда - жорғалык,
Молда жоқта – молдалық
Қазақ әдебиетінде прозаның күрделі жанры - роман XХ ғасырдың басында пайда болды. Қазақ қаламгерлері дәуірдің аса күрделі мәселелерін басты тақырып етіп алып, оларды мейлінше терең ашып көрсетуге тырысты. Көлемді шығармада сол тұстағы «дертті мәселелерді» кең тыныспен жазуға болатындығына сенім молайды. Мұнда, әсіресе, сол бір тұстағы ең өзекті мәселе 15 ретінде әлеуметтік теңсіздіктің нақты белгісіндей әйел теңсіздігін өзек еткен шығармалар көзге ерекше шалынады. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің «Қалың мал», C. Торайғыровтың «Қамар сұлу» сияқты романдары - жас прозамыздың даму деңгейін белгілейтін шығармалар. Осы туын- дылардың басты кейіпкерлері: Жамал, Ғайша, Қамар бейнелері - сол кездегі казақ қыздарының іс-әрекетін, мінез-құлкын, бүкіл болмысын тануға мүмкіндік беретін типтік образдар. Бұл роман- дарда біраз көркемдік жетістіктерге қол жеткізілді. «Бақытсыз Жамалдағы» Жамалдың бойында қайсарлық, күрескерлік айқын таныла қоймады. Кейбір шығармаларда («Қалың мал») өмір шындығынан алшақтық бой көрсетіп, екі жасты бақыт құшағына орау мақсатынан туындаған дәлелсіздік белгі беріп қалады. Ол кездегі прозамыздың үйрену, қалыптасу сатысында екенін еске алсақ, олардың ортак жетістігі роман жанрынын алғашкы карлығаштары болуымен бірге замана шындығын ашып көрсетіп, кейінгі өскелең прозамыздың дамуына игі әсерін тигізуінде. Жана ғасыр бас кезіндегі өзекті мәселелерді көркем өнерде бейнелеуге әдебиетіміздегі тын да тосын жанрлардың бірі драматургия қосылды, қазақ драматургиясының тырнақалы туындылары жазылған сәттен-ақ колданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын сахналарда қойыла бастады. Қай ұлттың болсын, қазіргі кемелденген драматургиясы бүгінгі күйінде өмірге келе қоймағаны белгілі. Қазақ драматургиясы да бүгінгі жеткен биігіне сан қилы қиындықтар арқылы келді. Мұнда, ең алдымен, Б.Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның қолжазба күйіндегі - «Жер дауы» (1912), «Қызыл бұзау» (1913), «Бақсы» (1914), «Әйел теңдігі» (1915), «Ғазиза» (1915) пьесалары белгілі болған. Бірақ бұлар баспа бетін көрмеген. Ал жарык көрген бірді- екілі пьесалар бар. Бұлар - Көлбай Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (1915), Алматы уезінің начальнигі А.И. Лихановтың «Манап» драмасы (1913). «Надандық құрбаны» қазақтың ескілікті надандық заңының ішкі сыр-сипатын әшкерелеп, халықты өнер-білімге шақыру міндетін - ислам дінінің кертартпалық кырын ашу, халыктың 16 озық ойына өре салып, сана-сезімін улап келген дүмше дін иеле- рінің ұнамсыз іс-әрекетін сынау, әшкерелеуді басты проблема етіп қойған ағартушылық бағыттағы шығарма болды. XX ғасыр басында әдебиеттің құлашын кеңге жайып, өркен- деуіне қазақ баспасөзінің дамуы ең басты қозғаушы күш болғанын атап өтуіміз керек. «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан», «Ешім даласы» сияқты баспасөз беттерінде әдебиетіміздің ірілі-ұсақты өкілдері өз шығармаларын жариялап отырды. Бұл басылымдар өз кезегінде жана шығармаларға сын айтып, бағыт берді. A. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», «Әдебиетімізге көз салу», «Роман не нәрсе?», «Білім жарысы», Ә. Бөкейхановтың «Сын», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман Мамыр», M. Дулатовтың «Абай», «Манап драмасы».