Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет84/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Мегзеу(синекдоха) — алмастырудың бір түрі — бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану. «Аудитория есігінен буаз портфель бұлт етті де, ізінше ақ жібек. шалбардың бір балағы мен ақ кенеп ботинка кірді.
Бұлардан сәл кейін көрінген сарғыш салом шляпаның астындағы төртбақ адам үнсіз жымиып, күліп келе жатты». Бұл арадағы мегзеу сездерге қарап әдеби қаһарманның сырт пішінін, кескін-кейпін ғана емес, жүріс-тұрысындағы ерекшеліктерді қоса аңғарып, оның мінез-құлқын топшылауға да болады.
Троптың бір түрі — кекесін, яки—ирония (грекше еігопеіа — келемеждеу); тағы бір түрі — мысқыл, яки сарказм (грекше sarkasmos — масқаралау). Кекесін мен мысқылдың сөз ажары мен мағынасын өзгерту, түрлендіру қызметіне тоқталайық:
— Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер! (Крылов — Абай.) Сырттай қарағанда, құмырсқа шегірткенің ала жаздай ән салып, көгалды қуып гөлайттап кеткенін қитықсыз қабылдап, түсініп, өлеңші, әнші есіл ерді кәдімгідей мүсіркеп тұрған секілді. Ал енді осы «мүсіркеудің» астарына үңілсек, мырс-мырс күлкі, келеке тұрғанын көреміз.
Иронияда, міне, осындай бүркеншік сын, сырты тәп-тәтті болғанмен, іші ап-ащы ажуа жатады; ирония әдеби тілдің түрі мен сырын осылай құбылтады.
Троптың бір түрі — ұлғайту, яки гипербола (грекше hyperbole — үлкейтілген қомақты); тағы бір түрі — кішірейту, яки литота (грекше litotes — қарапайым қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түседі.
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп, – деген ұлғайтуда жер мен көктің арасы түп-түгел ауызға айналып кеткендей. Ал литота шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді:
От орнындай тұяқтан Бір тұтамы қалыпты.
Оймақтайы қалыпты. Жалбыраған жалынан
Етектейін еріннің Жалғыз қарыс қалыпты.
Екі елісі қалыпты. Бір құшақтай құйрықтан
Қиған қамыс құлақтан Бір уыстай қалыпты. («Ер Тарғын».)
Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері ауыз әдебиетінде, әсіресе батырлар жырында көп қолданылған. Ондағы мақсат — тыңдаушы жұртқа тосын әсерлер туғызу, оларды қызықтыру, сөйтіп, суреттеліп отырған образды шындықты көңілге ұялату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет