Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз



бет48/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

28. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз.
Ұлттық сөз өнерімізге айрықша еңбек сіңірген Ж. Аймауытұлы проза жанрында өнімді істер атқарды. Ең алдымен, шағын жанрдан көлемді романға дейін еңбек етті. Соның ішінде 1916 жыл оқиғасы мен қазақ әйелінің өмір тағдырын арқау еткен – "Қартқожа", "Ақбілек" романдарының алатын орны да, маңызы да зор.
"Қартқожа" романы 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көріп, онда дүрбелең жылдардағы қазақ өмірі, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлар, қыр көріністері, ондағы кедейдің түрмыс-тіршіліктері кеңінен көрсетіледі. Бұл шығармасы арқылы сыншылдық дәстүрді жалғастырды.
Қартқожа бейнесі – бүкіл қазақ кедейінің жиынтық бейнесі. Осы бейненің ішкі тілінде қазақ халқының феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен батырлығы да, жаңа заман лебізін сезініп, күресе алатын қадір-қасиетін көреміз.
"Қартқожа" романында ұзақ заман хикаясы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты характерлер, мінез- қүлықтар бар. Ескінің өшіп, жаңаның өсіп келе жатқан заманында күрескерлік дәрежеге көтерілген Қартқожадай қажырлы жанмен танысамыз. Қартқожаның көзқарасындағы, дүние танымындағы үлкен эволюция нанымды дамып отырады. Бұған романның соңғы бөлімінде Қартқожаның – саяси күрескер, қоғам қайраткері ретінде көрінуі дәлел бола алады.
Жазушы қолтаңбасынан өмір-тұрмыстың сырлы суреттері, ой-сөз жүйесінің үйлесім-өрнектері, стиль сұлулығы ерекше серпінмен, шабытпен баяндалады. Алдыңғы дәуірлерде қалыптасқандай, дәстүр жалғастығы ретінде ойды әсерлі ету мақсатында автор –ған жұрнақты есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсау тәсілін актив пайдаланған: ел қонбаған жер, соғып кеткен мынау жел, қасірет ойлаған жамандар.
Мазмұны: Қартқожа романы қазақ кедейлерінің шынайы өмірін суреттейтін көркем шығарма. Романда сол замандағы кедей тап өкілдерінің басынан кешкен қиыншылығы суреттеледі. Шығарманың басты кейіпкері Қартқожа есімді кедейлерден шыққан момын жігіт. Ол бай балаларының әлімжіттігінен құтылудың жолын іздеп, дін жолына түседі. Молдалардың үйреткен ілімдерін көңіліне тоқып, жарқын болашақты армандап құдайға жалбарынады. Бірақ қанша сауатын ашып, білім алғанымен Қартқожаның басындағы қиындықтар азаймады. Оның әкесі де бай-шонжарлардың әлімжіттігіне шыдап келген. Басынан ауыртпашылық кетпеген Қартқожа бір күні тірмаштардың өміріне қызыға бастайды. Ол солар секілді еркін болуды алмандап, тілмаш болғысы келді. Кедейліктен құтылудың жалғыз жолы осы деп орысша үйренуге талпынады. Бірақ білім алып қайтсем де кеделіктен құтыламын деген Қартқожаны ауыл болыстары өз балаларының орнына әскерге жібермекші болады. Ол да сол уақытта бай-содырлардың көрсеткен қиянатына шыдамаған кедейлерге қосылып, көтеріліске шығады. Олар байлар неліктен өз баласының орнына кедейлерді тіркеп қойды деп ашуланды. Алайда әділеттік үшін күрескен төменгі тап өкілдерін орыс әскерлері басып жаншып тастады. Содан кейін шарасыз қалған Қартқожа әскерге кетуге мәжбүр болады. Дегенмен, әскер өмірі оның қоғамға деген көзқарасын өзгертіп, жаңа серпін береді. Мұнда білімсіз адамның күні қараң екенін түсініп, болашақта оқимын деп шешім қабылдайды. Көзі ашылған кедей баласы оқу оқып, жақсы адамдармен танысады. Ол 1916 жылғы көтеріліске де қатысады. Қартқожа өмірінде екі рет шаңырақ көтереді. Алғаш рет қазақтың әмеңгерлік салты бойынша жесір қалған жеңгесіне үйленеді. Одан соң әкесі зорлап малға сатқанына көнбей, қалаға қашып келген Гүлсіммен тұрмыс құрады. Роман соңында қиындыққа мойымай алға ұмтылған кедей жігіт аңсаған арманына жетеді. Ол Омбыдан елге оралып, ел алдында еркін сөйлеп халықты надандықпен күресуге шақырады.
Жазушы игерген әдеби әдіс өзінің стилімен, өзінің тіл өрнегіне қатысты ерекшелігімен тұтас бірлік тауып, шығарманың идеялық, көркемдік сапасын анықтаған жағдайда, сол сапаның белгісі шығарманың мазмұны мен пішінінің жарасымды бірлігі деп қаралған.
Қазақ прозасының қалыптасу тұсында көр- кемдік ойдың даму үдерісіне фольклор мен ауыз əдебиеті дəстүрі үлкен ықпалын тигізді. Еуропа əдебиеттерінде фольклорды пайдалану əдеби тəсіл деңгейінде ғана жүзеге асса, қазақ əдебиетінде фольклор көптеген күрделі функцияларды атқарды. Суреткердің дүниетанымын, дүние қабылдауын бейнелеуде Ж. Аймауытов «Ақбілек» романында көрініс тапты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты классикалық шығармасы қазақ əдебиетіндегі əйел бейнесін кең түрде жан-жақты ашып, айшықты сомдаған тұңғыш көлемді көркем туынды.
«Ақбілек» романынан ілкі көзге шалынатын Жүсіпбек Аймауытов қаламына тəн бір белгі – ақынжандылықпен кұбылта жазар қалам жүйріктігі. Бұл стиль оның кейінгі жазушылық шеберлігінің айқындауышына айналды десекте болады. Қаламгер ырғақты ұйқас үлгісімен төгіліп түскен жолдар арқылы оқырманды өзіне еріксіз баурай жөнеледі. Мысалы, автор жаңашылдық ретінде арға, уға формаларын жарыстыра қолданған: мықтымсып мүгедекті жеңуге, ағызып арам қанын аузын ашарға деген сынды жолдарда қолданған.
Романның құрылымдық жүйесі Ж. Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі, жаңалығы ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді.
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры.әйел теңсіздігі.
Мазмұны: "Мамырбайдың—Ақбілегі, Ақбілегі—жас түлегі" деп бастау алған роман, әрі қарай немен, қалай жалғасады?Мен бұл романды оқығанда,"мынау бір ғана қазақ қызының басынан өткен тағдырма?!"деп таңдандым. Неге?
Ақбілектің сүйгені Бекболат.Бірақ ол Бекболатқа қосыла алмады.Тағдыр қоспады ма, әлде жол қоспады ма?Әрине, тағдыр. Ақбілектің қатал тағдыры.Неге қосылмады деген сұрақ көкейіңізге келген болар. Ендеше айтайын. Ақбілекті орыс офицер алып қашады.Оған қазақ қызы "қара мұрт" деп ат қояды.Өз отауына алып келіп, ойнас қылады.Бір күні Ақбілек "қара мұрттың" соғысқа кеткенін пайдаланып, ауылына қашып, қайтадан оралады. Ел-жұрттың сөзінен гөрі оған әкесінің суық көзқарасы өте ауыр батты. Ал анасы Ақбілекті құтқарамын деп қаза тапқан еді. Енді жалғыз сенері де серігі де жеңешесі Ұрқия.Ол Әміре дейтін ағасының әйелі, бала көтере алмай жүрген бейкүнә әйел, қамқор жеңеше. Ұрқия Бекболат екеуін кездестіреді, сөйлесіп жүреді.Енді той болуға дайындалып жүргенде, Бекболат Ақбілекке үйленбейтін болады. Себебі ол қара мұрттан жүкті еді. Елдің сөзіне қарамастан ол босанады. Босана салып,оны алып кетуін тапсырады.... Арада 5 жыл өтеді.Ақбілек қалаға ағасы Төлеген мен жеңгесі Мағишаның үйіне келіп, сауатын ашады, оқиды, білім алады.Көзі ашық, көкірегі ояу жанға айналып, ағасы, жеңшесі, үшеуі ауылға оралады.
Ұрқия мен Ақбілек сыртқа шығып, әңгімелесіп тұрғанда, алдынан бір балақай жүгіріп шығады. Ол—Ескендір.Ақбілек "жеңеше мынау бала өзі маған ұқсайды" екен деп айтады."Мүмкін оны сен туған боларсың"дегенде Ақбілектің көзіне еріксіз жас келеді. Демек, Ескендір Ақбілектің тастап кеткен баласы еді, енді міне ол өз баласы.Сөйтіп, Ақбілек күйеуі Балташпен қалаға жол тартты.Айта кетейік, Балташ—оның қалада таснысып,Ақбілектің өткеніне қарамастан, құлай сүйіп, үйлегенген батыл жігіт
Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет