Форма шеберін пайдалана отырып, біршама өзгергіш форма құруға болады, және де құру үрдісі кезінде тікелей топтастыру тәсілін және деректердің сортталуын анықтауға болады, сол сияқты кестелер мен сұраныстардың ара қатынастары алдын ала анықталған жағдайда формаға бірнеше кестелер мен сұраныстар өрістерін енгізуге болады.
Форма шеберінің көмегімен форма құру үшін келесі іс-әрекетті орындаңыз:
Ауысулар облысына өтіңіз, содан кейін деректері бар кестеде немесе сұраныста тышқанды шертіңіз, осының негізінде форма пайда болады.
«Құру»қосымшасына өтіңіз, «Форма» тобын таңдап алыңыз, содан кейін ашылған мәзірден «Формалар шебері» пунктін таңдап алып, «Басқа формалар» пиктограммасында тышқанды шертіңіз.
РЕЖИМДЕР.
РЕЖИМДЕР.
Формалар режимі. Қарапайым формалар құрылатын және түзетілетін стандартты режим. Бұл режимді таңдап алу кезінде Негізгі қосымшасы бейнеленеді, жұмыстық экранның сол жақ бөлігінде ауысулар облысы, ал орталық бөлігінде ертеректе анықталған барлық өрістерімен бірге форма көрінеді.
Макет режимі. Орташа дайындығы бар пайдаланушыларға арналған бұл бөлімде, сіз формалар өрісінің қасиеттерін өзгертуге (жұмыстық экранның оң жақ бөлігінде қасиеттер терезесі бейнеленеді), формалар өрісінің пішімін анықтауға ,сол сияқты Автоформа командалар тобындағы формалар макетін толығымен өзгерте алуға мүмкіндік аласыз.
Есеп беру
Есеп беру
Есептеу өте қарапайым (кәдімгі тізім) және өте күрделі болуы мүмкін. Кез келген есептеулер нәтижелерін құру деректер көзін анықтаудан басталады. Екінші этапта интерактивті режимде есеп беруді «құрастыруды» қамтамасыз ететін, есеп беру шеберін пайдалануға болады.
Есептеуді «Құру» қосымшасындағы «Есеп беру» тобының «Есеп беру» командасының көмегімен құруға болады. Бұл кезде қосымша ақпараттардың қажетінсіз–ақ есеп берудің кідіріссіз құрылуы жүзеге асырылады. Сонымен бірге бұл есеп беруге қордағы кестелер мен сұраныстардың барлық жазбалары енеді.
Ауысулар облысына өтіңіз, содан кейін «Есеп беруді» құру үшін пайдаланылатын кестеде немесе сұраныста тышқанды шертіңіз.
«Құру» қосымшасына өтіңіз, содан кейін «Есеп беру» тобының «Есеп беру» пиктограммасында тышқанды шертіңіз.