258
259
бойындағы мінсіздік пен мінділікке назар аударды. топтағы оҚо, Арыс ауданынан келген Айнұр есімді
математика пәнінің мұғалімі: «мен өзімді мінсіз мұғаліммін, оқушыларымнан уақыт аямаймын, барлық
өтініштерін орындаймын, қажет болғанда қатаң талап та қоя аламын»,-деп ойлайтынмын. сыныбым
мектеп бітіретін жылы бір оқушым:
-
Апай, ең сүйікті оқушыңыз кім? - деп сұрады.
-
мен бәріңді де жақсы көремін, - дедім.
-
жоқ, апай, сіз әсемді бәрімізден артық санайсыз, - деп, олар өзім байқамаған әрекетімді бетіме
басты. кейін ойласам, әсемге ерекше көңіл бөлетінім рас сияқты. сыныпқа хабарландыру айтсам да,
әсемге қарап сөйлейді екенмін. балаларым менің мінімді өздері айтты. бұл – Айнұрдың шындығы.
мұғалімдерге: «мәдениет тұрақты ма, әлде өзгере ме?»-деген сұраққа оҚо, мақтарал ауданынан кел-
ген мадина есімді бастауыш сынып мұғалімі өз ойын мысалмен жеткізді: «біздің мектепте пәкістаннан,
Өзбекстаннан көшіп келген қазақтардың балалары оқиды. олар қыз балаларды оқытпайды, бантик
тақтырмай, орнына орамал байлатады. біздің елдің Заңына сәйкес ол балалар оқу керек. оларды мектепке
әкелу, ата-аналарын көндіру өте қиын болды. бірақ соларды үгіттей-үгіттей көндірдік, қазір олар мектеп-
ке келіп, орамалдарын шешіп, ел қатарлы оқып жатыр. осы мысалға қарап, мәдениетті өзгертуге болады
деп ойлаймын», - деді. мұндай өмірлік тәжірибелерді қажет жерінде сыни ойлай алатын мұғалімдер
қолданады деп есептеймін. мұғалімдерді диалогке шақыру арқылы олардың педагогикалық және ада-
ми қасиеттерімен танысуға болады. мұғалімдердің бойында адамгершілік, сенімділік, әділеттілік,
толеранттылық, коммуникативтілік қасиеттер байқалса, мектеп пен шәкірттердің жолы болғаны. мұғалім
бойындағы аталған қасиеттерді тануға тренердің
зерттеушілік рөлі қызмет етеді.
мұғалімдерге
«сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулін меңгерту кезінде өзімнің 2003 жыл-
дан білетін «сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» дайын формаларда бермей, сол әдістер арқылы
тақырыпқа сай тапсырмалар орындаттым. мысалы: «екі бөлімді күнделік» толтыруды бір топқа тапсыр-
дым:
сабақта оқушы не істейді?
сабақта мұғалім не істейді?
келесі топтарға «мінсіз мұғалім» тіркесіне топтАстыру жаса, концепциялық картаны толтыр,
мінсіз оқушыға мінездеме жаз деген тапсырмалар берілді. осы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін,
мен мұғалімдерден:
-
тапсырмалар қалай орындалды ?-деп сұрадым. олар әртүрлі жауап берді. одан әрі осы әдістерді
әр мұғалім өз пәндеріне сәйкестендіріп қолдана алады,- дегенді айттым. мұғалімдер «қалай қолданамыз?»-
деп, қарсы сұрақ қойды, «өзіңіздің бір сабағыңыздан үлгі көрсетіңізші»,- деп сұрады. мұғалімдер неге
бұлай деді? педагогикалық әрекетіндегі барлық әдіс-тәсілдерді көшіріп қолдануды қалай тоқтатуға
болады? мұғалімнің өзіндік идеясы, фантазиясы неге төмен? осы сұрақтар төңірегінде ойлануымыз ке-
рек. келесі күні мұғалімдерімді сыни ойлауға жетелеу мақсатында, жеке тапсырма бердім: өз пәні бой-
ынша жаңа технологияларды пайдаланып, бір сабақтың жоспарын жасау, кейін өз сабағынан қандай
нәтиже күтетінін әңгімелеу. осы тапсырманы орындау барысында мұғалімдер өз сабақтарында нені ұмыт
қалдырды, қалай өзгертуге болады, ол өзгеріс сабақ процесіне қалай әсер етеді деген сұрақтардың жауабын
іздеді. сабақ жоспарларын қорғау кезінде мұғалімдер «Джиксо», «блум таксономиясы», «бірлескен оқу»,
«Зерттеушілік әңгіме» әдістерін бірде-біреуі қолданбаған. неге? себебі бұлар-күрделі әдістер: мұғалімнің
уақытын алады, оқушыдан терең ойлауды талап етеді. сабақ мазмұнын күрделендіріп, оқушылардың өз
білімін өздері реттеп отыруы үшін аталған әдістердің оң әсерін ескергеніміз дұрыс. бір күнгі сабақтар
барысында осы әдістер арқылы мұғалімдерге тапсырма орындатып, оқушы рөліне ендіруге тура келді.
«инклюзивтік мектеп» тақырыбы кезінде бір аяғы жоқ жігіт пен бір қолы жоқ қыз бала билейтін
«Қытай балеті» атты бейнеролик көрсетілді. мұғалімдер көзіне жас ала отырып көрді. «көріністің әсері
қандай болды?» -деген сұрағыма, «аянышты, бірақ бишілігінде сөз жоқ»,- деп жауап берді. Ал егер осы
көріністі ауызша әңгімелеп берсем, қалай әсер етуі мүмкін? – деп сұрағанымда, «әрине, көргендегідей
болмайды»,-деді. бұл сұрақтарымның 7 модульге қандай қатысы бар?- деп сұрадым. мұғалімдер біраз
ойланды. оҚо, мақтарал ауданынан келген ғалия есімді информатика пәнінің мұғалімі
«АКТ пайдала-
нылды», - деп дауыстап жіберді. жауабы дұрыс еді. сабақтағы тиімді кезеңдердің бірегейі – Акт пайда-
лану. кестелерді, суреттерді, кескіндерді, көрнекі жазылған ережелерді, бейнекөріністерді сынып ішінде
экраннан көрсету балалардың есінде қалады. сабақ барысында қарап отырып, ойларын айтады. осы
жерде өзімнің тәжірибемнен бір оқиға есіме түседі: ол кезде орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиетінен
сабақ беретінмін. 8 сынып әдебиеті бойынша «Қыз жібек» лиро-эпостық жыры тақырыбын өтетін бол-
дым. сабақты «Қыз жібек» фильмінен (соның ішінде төлеген мен жібектің алғаш кездесетін жері) үзінді
көрсетуден бастадым. оқушыларға жібектің әдеби портретін жасаңдар деген тапсырма берілді. Қанша
дегенмен орыс тілді сынып қой, «өте көркем», «шашы ұзын», «көзі әдемі» деген тіркестер айтылды. Ал
вадим попов деген оқушы қолын көтеріп, «можно на русском» ,- деп рұқсат сұрады. вадим: «мне очень
понравилась красавица жибек. особенно национальная одежда красавицы»,- деген таңданысын жасыр-
мады. Үзінді көрсетілмесе ол оқушы бұл сөздерді айтпауы да мүмкін еді. Акт жалпы оқушыларға ерек-
ше әсер етеді және оқушылар оны жетік меңгеріп алды деп ойлаймын. осы мысалдарымды тыңдаушы
мұғалімдеріме айтып өттім.
Өздеріне баға бергізу, яғни,
рефлексия жасату мақсатында мұғалімдерге төмендегі сұрақтарды
қойдым:
-
сіздерді осы курсқа мектеп басшылары неліктен жіберді?
-
жаңа технологияны меңгерсін деп жіберген шығар?
-
неліктен басқа мұғалімді емес, сіздерді жіберді?
-
... (жауап болмады)
-
Өйткені сіздер жаңалықты тез қабылдайды, келген соң ұжымға түсінікті етіп айтады, яғни,
көшті
бастай алады деп жіберді деп ойлаймын. сіздер өз оқушыларын зерттей алады, оларды ойлауға, сөйлеуге
үйрете алады, оқушылардың дамуына ықпал етеді деп сенгендіктен жіберді, - деген ойымды айттым.
оқушыларына түрткі болу сұрақтары арқылы бағыт беретін, сыни ойлай алатын мұғалімдер –
көшбасшы
Достарыңызбен бөлісу: