•
assess the improvement of the pupil compared to his/her previous achievements
•
point out to what extent the pupil has used his/her own abilities
aspects of the evaluation are complex and focus on the development of the personality of a pupil rather than a
subject. these aspects include the assessment of:
•
factors influencing the process of learning
•
levels of different learning techniques
•
communication and reading skills
•
counting and mathematical skills
•
artistic and kinetic activities
and the most important features of the pupils’
•
emotional life
•
and social relationships.
Conclusion
traditional methods are turning to be obsolete nowadays. the present situation of the world tremendously
brought new faces of teaching and learning. it is high time for us teachers to be open with the new definitions
of teaching and learning. learners are different today. they are active and prefer to go for interactive learning
environment. all these ask teachers to keep abreast on the new concepts of handling them (learners), and
consequently ask teachers to retool her teaching competencies to suit the current learning environment.
references:
1. techniques for creative teaching - http://www.celt.iastate.edu/creativity/techniques.html
2. [pdf] 101 ideas for innovative teachers – microsoft - download.microsoft.com/.../101_angol_3.p...
3. [doc] traditional & modern - clsu open university - www.openuni-clsu.edu.ph/.../lesson5-1.
doc
4. traditional versus innovative methods of education - http://www.educationcenters.com
5. innovative methods of teaching - http://math.arizona.edu/~atp-mena/conference/proceedings/damod-
haran_innovative_methods.pdf
МұғаліМнің кәсіби даМуын ҚаМтаМасыз ететін біліктілікті бекіту
орталығының заМанауи талаПтары
касентаева к. у.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
Қазақстан Республикасы
аңдатпа
мақалада мұғалімнің кәсіби дамуына қойылатын заманауи педагогикалық талаптарының мазмұны
мен құрылымына талдау жасалған. кәсібилікті арттыратын білім, білік, дағдылардың жиынтығына си-
паттама берілген.
аннотация
в данной статье дан анализ содержанию и структуре современных педагогических требований,
предъявляемых к профессиональному росту учителя. в статье также приводится описание системы зна-
ний, умений и навыков, необходимых для повышения квалификации педагога.
Abstract
in this article the analysis is given to the contents and structure of modern pedagogical requirements for
professional growth of the teacher. the description of system of knowledge and skills necessary for professional
development of the teacher isalsoprovided in the article.
Қазақстан республикасының заманауи білім беру жүйесі қоғам дамуының тарихи-мәдени моделінің
өзгеруіне байланысты мәнді өзгерістерден өтуде. білім саласында болсын, жалпы қоғамда болсын
қандай да бір реформа жүргізілген кезде оны жүзеге асыратын маңызды тұлға мұғалім болып табы-
лады. сондықтан да педагог әр түрлі инновацияларды тәжірибеге енгізе білетін, алдына қойылған
міндеттерді нәтижелі жүзеге асыра білетін кәсіби құзіретті және кәсібиліктің белгілі бір деңгейін
меңгеруі тиіс. білім үрдісінің модернизациялауы жүріп жатқанда, құндылықтар жүйесі мен білім беру
субъектілерінің құзіреттілігі туралы мәселе бірінші тұрады. оның мәні-педагог пен білім алушыға білім
беру парадигмасының өзгеруі білім, білік, дағдыларды меңгере отырып оны жария ету ғана емес, енді
жаңа әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық, ақпараттық-коммуникациялық кеңістікке бейімделе
білу жағдайында өзгеріске қабілетті де құзіретті болу керектігін білдіреді. мектеп өмір бойы қажетті
348
349
білім бере білу емес, мектеп өмір бойы білім ала білуге және алған білімді практикада тиімді пайдалана
білуге үйретуі қажет. Аталған міндетті оқушыларды нәтижелі де тиімді оқыту, тәрбиелеу және дамыту-
ды қамтамасыз ете алатын құзіретті, шебер педагог жүзеге асыра алады.
Заманауи білім беру жүйесі педагог кадрлардың кәсіби деңгейін көтеруді талап етеді. Диплом алғаннан
кейін педагогтың кәсіби тұлғалық және кәсіби қажеттілігін есепке алатын болашағы бар педагогтың
кәсіби дамуын қанағаттандыратын білім алудың мазмұнын жетілдіру қажет.
в.и.нефедова диплом алғаннан кейінгі білім беруді маманның кәсібилігінің және тұлғалық даму-
ын қамтамасыз ететін үрдіс деп қарастырса, т.Ю.ломакина кең көзқарасты, тұтастықтағы педагог
тұлғасының үздіксіз кәсіби білім алу жүйесінде диплом алғаннан кейінгі білім алуының үлкен маңызын
көрсетеді.[1, б. 45, 48].
сөйтіп диплом алған кейінгі білім деңгейінің көтерілуін, дайындықтың жетілдірілуінің, педагогтың
біліктілігінің көтерілуі бүгінгі талабына мән беретін мәселе болып отыр.
с.Аманжолов атындағы шҚму «біліктілікті бекіту» орталығының іс-әрекетінің мазмұны педагогтың
кәсіби дамуының сапалы үрдісіне сай келеді. кәсіби дамуының үздіксіздігі педагогтың кәсіби және
тұлғалық даралық тәжірибесіне қажетті.
кәсіби даму – мұғалімнің ішкі дүниесінің белсенді де сапалы, кәсіби іс-әрекетінде жаңа сапаға
жетелейтін өзгеріс. педагогтың кәсіби даму деңгейінің қоғамның, инновациялық білім беру жүйесінің
сұранысына сай келмесе түрлі даулы мәселердің пайда болуы ықтимал. инновация енгізудің мақсаты
мен мәнін түсіну, білім беру сферасының жаңаруы, педагогты тұлғалық маңызды кәсіби дамуына
енгізу білім беру саласындағы модернизациялау үрдісінің маңызды шарты бола тұра, біліктілікті бекіту
орталығының мақсаты болып табылады.
бүгінгі педагогқа деген талаптардың өзгеруі мен қоғам өмірінің жаңа жағдайлары арасындағы пайда
болған қарама-қайшылықты шешу міндетін біліктілікті бекіту орталығы өз жауапкершілігіне алып оты-
рып, оның қызметі мазмұны жағынан екі бағытты қамтиды. біріншісі дипломын қолына жаңа алған жас
маман мен жұмыс және еңбек өтілімі азды көпті болатын тәжірибелі мамандарға кәсібилігін арттыруға
теориялық, практикалық, әдістемелік көмек көрсету болып отыр.
Қоғамның мақсаттылық ұстанымдарының өзгеруі, білім беру ортасының өзгеруіне әкеледі. осыған
байданысты мұғалімге заманауи қоғамның талабына сай келетін сапалық қасиеттердің жиынтығы қажет.
әрине оқушысының дамуы қаншалықты сапалы болатыны педагогтың кәсібилік деңгейіне байланысты.
педагогтың кәсібилік деңгейі кәсіби құзырлығының қаншалықты даму деңгейіне сай.
к.с.Құдайбергенова кәсіби құзырлылық – өзінің кәсіби қызметі аймағындағы осы қызметке араласу
тәсілдерінен хабардарлығынан және беделділігінен тұрады деп көрсетеді. [2, б.112].
н.в.кузьмина кәсіби-педагогикалық құзырлылықты педагогикалық мәселелерді тиімді шешуде
ғылыми, практикалық білімді ерекше құрастырудағы педагогтың педагогикалық әсер субъектісінің,
біліктіліктер жиынтығы деп қарастырады және оның негізгі көрсеткіштері ретінде төмендегілерді
жіктейді:
ғылыми –техникалық талаптарына сай арнайы кәсіби білімі және біліктілігі, оның көлемі, құрылымы,
сипаты;
психологиялық, педагогикалық білімі және біліктілігі, яғни педагогтың алдындағы субъектінің
даралық ерекшеліктерінен хабары;
педагогикалық нәтижеге жетуге дұрыс немесе кері әсерін тигізуші қарым-қатынас орнату
үрдістерінен хабары;
әдістемелік білімі мен біліктілігі. [3, б.111].
к.с.Құдайбергенова кәсіби құзырлылықтың төрт түрін анықтайды:
кәсіби қызметті жоғары дәрежеде меңгеруіне және өзінің кәсіби дамуын жобалау қабілетіне байла-
нысты арнайы құзырлылық;
субъект-субектілік біріккен қызметті ұйымдастыру біліктілігін меңгеруімен байланысты әлеуметтік
құзырлылық;
тұлғалық өзін дамыту, өзін көрсету тәсілдерін меңгерген, сол секілді, тұлғаның кәсіби деформация-
лануына қарсы тұра алатын тұлғалық құзырлылық;
Өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі ұйымдастыру, өз кәсібі төңірегінде даралығын дамыту, кәсіби-
тұлғалық өсу дайындығын меңгерген даралық құзырлылық. [2, б.113].
нәтижелі педагогикалық қызмет тек қана арнайы дайындық пен білімі болғанда ғана мүмкін. түрлі
жағдайларға талдау жасау арқылы педагог мәселенің мәнін түсінеді. тек арнайы дайындығы бар педагог
қана педагогикалық мәселелерді шешуге жол таба алады. педагогтың кәсіби құзырлығы осымен байла-
нысты.
педагог кәсібилігін дамытудың тағы бір талабы оның өзін-өзі кәсіби дамытуға, өзінің тұлғалық және
кәсіби қасиеттерін жетілдіру болып табылады. кәсіби біліктілігін арттырудың қозғаушы күші болып
өзін-өзін жетілдіруінің қажеттілігі пайда болады.
педагогтың кәсіби біліктілігін дамытудың кең тараған жолдырының бірі біліктілікті көтеру. жаңа
тұрпатты стильде с.Аманжолов атындағы шҚму құрылған «біліктілікті бекіту орталығы» солтан-
бекова о.т. ханымның бастауымен педагогтың кәсібилігін арттыруда бұрыннан қалыптасқан білікті
көтеру жолын сақтай отырып, оның мазмұнын заманауи талаптарға сай кешегі білім берудің тиімді
нысандарымен қатар жаңа инновациялық жұмыстың түрлерін енгізе отырып, шет елдердің шыңдалған
тәжірибесімен, нақтырақ айтатын болсақ, францияның білім беру минитрлігіне қарасты педагогикалық
зерттеу орталғымен тәжірибе алмаса отырып, Қазақстанда қалыптасқан біліктілікті көтерудің
тиімді әдіс-тәсілдерімен француз әріптестердің сапалық тәсілдерін ұштастыра отырып өз жұмысын
ұйымдастыруда.
мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін біліктілікті бекіту орталығының заманауи
талаптарының мақсаты теориялық және практикалық білімдерінің мазмұнын күн талабына сай жаңарту
болып отыр. педагог біліктілігін орталықта шыңдай отырып, кәсіби міндеттерді шешуде жаңа әдістерді
меңгереді, заман ағымына сай кәсіби деңгейін көтереді.
біліктілікті көтеру орталығының қызметі жан-жақты болғандықтан педагогтың кәсіби құзырлығының
бір сапасы болып келетін түрлі қайшылыққа деген педагогтың конструктивті қатынасын қалыптастыру.
оның мәні оқушыға эмоционалды қолдау беру, эмоционалды тұрақты болу, яғни оқушының қажеттілігін
қанағаттандыру: оқушыға көңіл бөлу, бала ретінде керекті кезде қабылдау, оқылатын пәнді мүмкіндігінше
тереңдете оқып меңгеруге бағыттау.
біліктілікті бекіту орталығы казіргі кездегі зерттеулерге талдау бере отырып, нәтижелі педагогикалық
қызметке жету үшін педагогтың келесі кәсіби дағдыларын меңгеруге: кәсіби дайындығы, педагогикалық
құзырлылығы, кәсіби терең түсінігі, педагогикалық қызметке дайындығы, педагогикалық қатынас,
кәсіби өзін-өзі дамыту, білімі мен біліктілігін көтеруге дайындығын қамтамасыз ету болып табыла-
ды. педагог кәсіби даму үрдісі барысында қызметінде үлкен нәтижеге жетеді, еңбегі тиімді де қажетті,
кәсібилігі жоғары деңгейге көтеріледі.
біліктілікті бекіту орталығының педагог мамандардың кәсібилігіне заманауи зерттеулерді сұрыптай-
талдай отырып келесі талаптар қояды:
педагог өзінің қызметі нәтижелі болу үшін қазіргі қоғамның даму үрдісін біле отырып, заман
сұранысының талаптарын орындай білуі қажет;
педагог үздіксіз кәсіби дамуына және өзін-өзі жетілдіруге талпынуы қажет;
білім алушыны сапалы да терең біліммен қамтамасыз етуге талпыну керектігі.
кәсіби дамыту талаптары заманауи білім беру жүйесінде педагогтың сапалы да тиімді еңбегін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
педагогтың кәсібилігінің деңгейін анықтаудың қандай жолдары бар деген сауал ойға келеді?
ғалымдардың пікірлеріне сараптама жасай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады: жас
мамандардың кәсіби біліміне заманауи баға бергенде білім алудың ұзақтығы мен мазмұнына ғана бағдар
алмай, кәсіби дайындықтың нәтижесіне (білім, білік және оның құзырлығына) қарай бағалануы тиіс.
Қазіргі жағдайдың сұранысына қарай біліктілікті бекіту орталығы педагогтың кәсіби құзырлығын
дамытудың негізгі жолын анықтайды:
350
351
• шығармашылық топтардағы, әдістемелік бірлестіктерде, секторлардағы жұмыс;
• ғылыми зерттеу жұмысы (педагогтың кәсібилігінің жоғары шыңына «акме» жету мүмкіндіктері);
• жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге бағытталған инновациялық іс-әрекет;
• педагогикалық қолдаудың түрлі нысандары;
• педагогтың шеберлігін шыңдау мақсатындағы педагогикалық жарыстар мен фестивальдар
ұйымдастырып, оған мұғалімдерді белсенді қатыстыру;
• жеке педагогикалық тәжірибесін танымал ете білуі;
• Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, кейс технологиялар мен интернет технология-
ларын оқу-тәрбие үрдісіне пайдалана білу және т.б.
бұл көрсетілген көмектердің ешқайсысы нәтижелі болмайды, егер педагогтың өзі жеке кәсібилігі мен
кәсіби құзырлығын жетілдіруге талпыныс жасамаса, сондықтан да педагогтың талпынысын қолдап,
түрткі беруге, жағдай жасауды білікті бекіту орталығы өзіне міндет етіп отыр. педагог өзінің кәсіби
деңгейін көтеру қажет екені, сапалық көрсеткіштерге ұмтылысын тудыратын жағдай жасау, өзінің
жеке педагогикалық тәжірибесіне сараптама жасай отырып, педагог өзінің қызметіне өзіндік талдау
жасау және қажеттілікті түсіну; өзін-өзі дамытуды жоспарлау (мақсаты, міндеті, шешу жолдары); өзін
көрсете білуі, талдау, өз-өзіне коррекция жасау мүмкіндіктерін біліктілікті бекіту орталығы қызметінің
мазмұны етіп алып отыр.
біліктілікті бекіту орталығының педагог мамандардың біліктілігін бекіту қызметінде түрлі форма-
ларда ұйымдастырылмақ: қатысушылардың санына қарай ұжымдық жұмыс: дәрістер, теориялық семи-
нарлар, семинар-практикумдар, тренингтер, пәндік апталар, көрмелер, мультимедиялық презентациялар
жарыстары, ғылыми-практикалық конференциялар; топтық
пән бойынша мұғалімдердің бірлестіктері, шығармашылық топтар, іскерлік ойындары, өзара сабаққа
қатысу және рефлексия, ашық сабақтардың, семинарлардың видео көрінісін көре отырып талқылау;
жеке-даралық жұмыс- ағалық көмек, консультация, әңгіме, жеке шығармашылық тақырыбына талдау
жасау, мультимедиялық презентацияларды құрастыру, өз сабағына рефлексивті талдау жасау, өз білімін
жетілдіру.
біліктілікті бекіту орталығының педагогтардың біліктілігін көтеруде оқу үрдісін ұйымдастыру фор-
маларына келетін болсақ, оны екі топқа бөлуге болады. кеңінен қолданылып, өз мәнін жоғалта қоймаған
тиімді дәстүрлі және заман талабына сай инновациялық оқыту әдістері мен формалары. оқыту үрдісін
ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен формаларына дәріс, консультация, семинар, практикалық
сабақтарды жатқызатын болсақ, инновациялық ұйымдастыру әдістері мен формаларына рефлексивті
бақылау мен белсенді практика, кейстік әдіс, видео-дәріс, дискуссиялар, диспуттар, дебат,on-line кон-
сультация, телеконференция, интернет-конференция, вебинар, шығармашылық есеп және презентация-
лар және т.б. қолдана отырып орталық қызметін ұйымдатыру жоспары бар.
біліктілікті бекіту орталығы өзінің қызметінде заманауи мұғалім өзі оқытушы, өзі тәрбиеші,
өзі балалардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, оқушылар, ата-аналары және әріптестерімен қарым-
қатынастың белсенді қатысушысы, педагогикалық үрдістің зерттеушісі, кеңес беруші, ағартушы және
қоғам қайраткері екенін ескере отырып, кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігін ұшқырлай отырып,
жаңа шығармашылық ізденіске жетелейді.
орталық педагогтардың біліктілігін көтеруде жұмыс орнындағы сабақ үрдісіне зиян келтірмейтіндей
қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерін қарастыруда.
педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген жұмыс өтілімі 5 жылға дейінгі жас мамандарға арналған
жеке бағдарламалар қарастырылады. мысалы, «жас мұғалім мектебі», «әлеуметтік-гуманитарлы
циклдегі пәндерді оқытудың заманауи талаптары», «жас мұғалімнің кәсіби және әлеуметтік-
психологиялық бейімделу мәселелері», «мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеші жұмысын
ұйымдастыру», «жас маманды жалпы білім беру мектебіне психологиялық бейімдеу» және т.б. арнайы
дайындық өткізу жоспарлануда.
көп сөздің қорытындысына келетін болақ, А.Дистервергтің ойы өзекті: «... біздің білетініміз шектеулі,
ал білмейтініміз шексіз», «Өзінде жоқты басқаға бере алмайсың, сол сияқты, егер өзі дамыған, тәрбиелі,
білімді болмаса, басқаны дамыта да, тәрбиелей де, білім бере де алмайды. ол қай уақытқа дейін өзін
тәрбиелей алса, сол уақытқа дейін басқаларды да тәрбиелейді» деген ой бүгінгі күнгі барлық педагогтар
қауымына арналса керек. Өмір бойы білімін жетілдірген маман ғана нағыз қоғамның сұранысы мен та-
лабына сай келеді.
әдебиеттер тізімі
1.
повышение квалификации и профессиональная переподготовка руководящих и педагогических ка-
дров учреждений профессионального образования на основе сетевого взаимодействия: учебно-методи-
ческое пособие под ред. и.п. пастуховой. - ярославль: изд-во ягту, 2009, б.45, 48.
2. Құдайбергенова к.с. Құзырлылық білім апасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми-теориялық
негізі.А., «Қайнар», 2008, б.112-113
3. кузьмина н.в. профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения.
м.,изд-во «мгу», 2010. б.111.
Жаңа форМаттағы біліктілік арттыру курсы Құзіреттілікке бағытталған
біліМ беру Құралы ретінде
касмуханова г. М.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы
№22 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасы
аңдатпа
мақалада автор жаңа форматтағы біліктілік арттыру курсының мазмұны құзіреттілікке бағытталған
білім беру құралы ретінде мүмкіндіктерін қарастырады.мектепте жүргізілген әрекеттегі зерттеу
қорытындысы негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары сипатталған.
аннотация
в статье рассматривается содержание курсов нового формата как инструмент компетностно-ориен-
тированного образования. описывается развитие функциональной грамотности учащихся на примере
результатов исследований в действии в школе.
Abstract
in article the course content of new format considers as a tool of competent oriented education. the progress
of functional literacy of students describes in research activity at the school.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді
жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау екендігі
баршамаға мәлім. жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген
педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі,
шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл
әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім
көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алды-
мен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы
352
353
және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау
мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1].
жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету мақсатында «назарбаев
Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығы мен кем-
бридж университеті қызметкерлерінің қатысуымен жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің
біліктілік арттыру курстарының бағдарламасы жасақталып,іске асырылуда. 2012 жылдың сәуір-маусым
аралығында жаңа форматтағы біліктілік арттыру курсының тыңдаушысы болу мүмкіндігін алдым.
курс бағдарламасы құзыреттілікке бағытталған білім берудің нақты мектеп тәжірибесінде пайдалануға
қажетті оқыту құралдарымен қаруландырды.оны ғылыми зерттеу еңбектерінде тұжырымдалған ойлар
мен сыныптағы әрекеттегі зерттеу арқылы сипаттауды осы мақалада мақсат қойып отырмын.
«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр
(компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жа-
сау» деп берілген. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том, 96 б.) «құзырет (компетенция)» –
нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен
міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген.
латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны
білдіреді. белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен
қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есеп-
теуге болады. енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі
бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан
сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі.
бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына
алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі
бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.
Құзырлық – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты
қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған
ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында зерттеуші ғалымдар в.и. слободчиков, Ю.г.Юдина
«әлеуметтік құзырлық» ұғымын ғылыми педагогикалық айналымға енгізген. ғалымдардың басым
көпшілігінің пайымдауынша, іс-әрекеттегі оқушы өміріндегі басты оқиға - өзіндік «менін» ашу, адамдар
қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзінің өмірбаянын өзі жасаушы ретінде сезіну деп есептейді.
Ал жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу
үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық ақпараттық технологи-
яларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте
алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде
берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. оқушылар педагог қауымнан
тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек,біздер,мұғалімдер,осы
ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық
қабілетті: нақты бағыт- бағдар беру - бұл қазіргі заманның талабы. міне, құзыреттілік қалыптастыру
дегеніміздің өзі мұғалім – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың ,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін
сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір
құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. мұндай құзырлылықтың
қатарына мыналар жатады:
• бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық,
т.б);
• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен
өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу,
ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер
көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра
білу қабілеті);
• әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім
қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете
білу қабілеті);
• тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық
қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік
білім беру құзыреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі.егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын
дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде
қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін
қалыптастыруға мүмкіндік табады. бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стан-
дартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына
қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады [3].
оқушылардың білім негізі бастауышта қаланады. сондықтан мен үнемі ізденісте жүремін. жаңа
форматтағы біліктілікті арттыру курсының і кезеңінен кейін өз іс-тәжірибемде өзгерістер енгізіп,
оқушыларға жаңаша білім бергім келді. енді сол іс-тәжірибемдегі өзгерістерге тоқталғым келеді.
мен оқытудың ұтымды әдістерін, оларға диалогтық оқыту, формативті бағалау, сын тұрғысынан ой-
лау, талантты және дарынды балаларды оқыту, Акт-ны пайдалану сияқты модульдерді сабақтарға енгізу
жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым.
жаңаша көзқарас, білім берудегі жаңаша әдіс-тәсілдер өз тәжірибеме жаңаша сипат әкелді. оқу
сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түрі өзгерді, қарапайым сынып парталарының топтық жұмысқа
ыңғайланып қойылуы, оқушылардың бірлесе, топтаса жұмыстануға мүмкіндік алуы, бағалаудың
түрлерін енгізу т.б.
жаңа форматтағы біліктілік арттыру курсында алған білімім бұрыннан білетін және тәжірибемде
қолданып жүрген әдіс-тәсілдерге тереңінен, философиялық тұрғыдан қарауыма себепші болды.
бұрынғы сабақтарымда оқушыларды топта жұмыстандыру барысында топқа не үшін, қандай
мақсатпен бөлетіндігіме баса назар аудармаушы едім. Қазір топқа бөлер алдында қандай деңгейдегі
оқушыларды топтастыруым керек, оны қалай жүзеге асыруым керек деген мәселелерді алдын-ала ой-
ланамын.
Демек, топтық жұмыстар мен үшін ғана емес, оқушылар үшін де үлкен өзгерістер әкелді. менің
түсінгенім – топтық жұмысты ұйымдастыруда алдымен оқушылардың талабы мен мүмкіндігі ескерілуі
тиіс, одан кейін мұғалімнің шеберлігі қажет.
мысалы, «төрт мезгіл» атты сабағымның тұсаукесер бөлімінде кестені толтыруда оқушылар топ-
пен белсенді жұмыстанды. Даулетова, уразгалиева, сисенова, мәдиұлы, ражман сынды оқушылар
топты жұмылдандыра білді. тіпті уразғалиева гүлжан «көктем қандай, қандай түске теңейміз» де-
ген сұрақтарға жауап алу үшін топ мүшелерін терезеге қаратып, ой туындауына жетелеп отырды.тек
үшінші топта Амангелді Аружан мен Айтлесова Аягөз кестені толтыруға таласып қалған сәтте сол топ
мүшесі ражман Алихан көшбасшылық танытып, жұмыстандырды. соңында екі оқушы да бірлесе топ-
пен жұмыстанды.
Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеді. олар-
да ортақ проблема болды, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырды, идеялармен пікір
354
355
алмасты, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды.
осының бәрі сабақтарымдағы топтық жұмыстарда айқын көрінді.
бастауыш сынып оқушылары көрнекілікпен түсіндірген кезде, олардың естерінде жақсы сақталады.
Акт-ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы
инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және оны осы
түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады [2].
сондықтан екі өткізген сабақтарымда Акт-ны пайдаландым. Ана тілі сабағында Қ.Аманжоловтың
«көктем» өлеңін өткен кезде тұсаукесер бөлімінде бейнеролик көрсету оқушыларға ұнады. сол бей-
нероликке қарап, оқушылар көктемдегі табиғат құбылыстарын айта білді. бұл әдісті практикалық
сабағымда алғаш қолдандым. осы күнгі өткізген сабағымда оқушылар өздерін еркін сезініп, тапсырма-
ларды орындаған кезде кей оқушылар қалыс қалып жатты. Ал бейнеролик бойынша берілген тапсырманы
оқушылар қызығушылықпен, ынтамен орындағандарын байқадым. Ана тілі сабағында Акт-ны пайдалану
мәтінді толық аша білуге, сыни тұрғыдан ойлау арқылы көктем туралы мол мағлұмат алуға көмектесті.
олардың айтуынша егер жаңа технология оқытуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс
болса, онда жоспарлау үрдісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы
білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. мен олардың ойларымен келісемін.
Ана тілі сабағында «гүлдер» тақырыбында:
Ал енді мына бір гүлге назар аударайықшы. Осы гүл туралы не айта аласыңдар?(қураған гүлді көрсету)
-Ал гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? бұл жерде оқушылар бұдан әрі де
ақпарат немесе түсініктеме іздеуге, білімге құштарлықты дамытуға және зерттеуге ынталанды. Зерттеу
жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс
анықталды. гүл туралы өз ойларын айтып, оқушылардың арасында сұрақ-жауап, диалог жүргізілді.
жалпы мерсер мен лилтонның зерттелуінде диалог сабақта оқушылардың қызығушықтарын артты-
рады, ал достарымен бірігіп жүргізілетін жұмыстың балалардың оқуына және когнитифті дамуына әсер
ететіндігі туралы айтылған [2].
сұрақ қою маңызы дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ
берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта кеңейте
алады. оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі
түрі төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.
кей кездері төмен дәрежелі сұрақтар олар жаттап алуға бағытталған және оған берілген жауап дұрыс,
дұрыс емес деп бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір
жолдармен қолдануға, қайта құруға , бағалауға тиіс болады.оның үстіне, сұрақтарды білім алу қабілетіне
сай болатындай етіп, құру қажет. түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға
болады. (мерсер,1995)
Дарынды балалармен жұмысты жүзеге асыру барысында , ана тілінен Қадыр мырза әлидің «санамақ»
өлеңін өткен кезде топқа бөлу және үй тапсырмасын сұрау кезеңінде, деңгейлік тапсырмаларды орындау
сәтінде қолдандым. мысалы сыныпты топқа бөлу үшін оқушыларды ортаға шақырып, сұрақтар қойдым:
- 2 тышқанның құлағы нешеу ?
- 2 мысықтың аяғы нешеу ?
- 5 тырнаның мойны нешеу ?
- 2 сиырдың мүйізі нешеу?
сұраққа бірінші болып жауап бергендер ітопқа, іі топқа осы жауаптағы сөздерге (4 құлақ, 8 аяқ, 5
мойын, 4 мүйіз ) сұрақ қою арқылы, ііі топқа «бұл қандай сөздер?», іvтопқа «заттың санын білдіретін
сөздерге қандай сұрақтар қойылады?» деген тапсырмалар беру арқылы бөлінді. бұл кезеңдегі менің негізгі
мақсатым дарынды және талантты балалармен жұмысты айқынырақ көрсету. і топқа бөлінген оқушылар
үй тапсырмасы бойынша «піл» мәтінінің мазмұны бойынша сұрақ қояды, қалған топтар қойылған
сұрақтарға жауап береді. оқушылар қол көтеріп жауап беріп, үй тапсырмасын қаншалықты түсінгендерін
білуіме көмектесті.
Ана тілі пәнінің басты мақсаты - оқушыларды сөйлету, ой-қиялын жетілдіру, сыни пікір қалыптастыру
болса, әр сабағымда оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыруға тырыстым. Өз іс-тәжірибемдегі
өзгерістердің біріне сын тұрғысынан ойлауды, дамытуды қолдандым.
сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең
басты педагогикалық түсінік. бұл модуль оқушылардың да, мұғалімнің де сыни тұрғыдан ойлауды дамы-
туды, саналы және оймен қабылдауды көздейді. сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің , ойлау
мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға, синтездеуге бағытталған
пәндік шешім. ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір
айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және жаңа іс-әрекетімізге түрлендірілген тәсілдерді
енгізуге, дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға
баулуды білдіреді [2].
мен осы ойларды негізге ала отырып, оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде сыни тұрғыдан ой-
лауды дамыту технологиясымен жұмыс жасау арқылы алған білімді дамыта отырып, тәжірибеге енгізу,
жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруді нәтижеге жеткізетінін байқадым.
«сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арт-
тыруда алатын орны ерекше. сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шындалған ойлау. бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жетері сөзсіз.
сыныптағы ахуалдың басқаша көрініс табуы, мұғалім тарапынан мадақтау мен сенімнің артуы
оқушыларға айтарлықтай өзгеріс әкелді. «Дұрыс емес» сөзінің оқушы ынтасын қаншалықты төмендететіні
туралы бұрын ойланып көрмеппін. Қазір бұл сөзді «жарайсың», «бағытың дұрыс», «тағы да ойланып көр»
сияқты сенім білдіру, ынталандыру, қолдау көрсету сөздерімен алмастырғанда , балалардың сенімі артып,
өзгелерді тыңдай отырып, өз ойларын толықтыруға талпынысы байқалды.
Ұрпағымыз ел мақтанышына айналып, болашақ ел тірегі болу үшін, жан-жақты білім беру мақсатында
даралап дамыта оқытудың модульдік технологияны пайдалану жұмыстарына кешенді жоспармен, үлкен
дайындықпен келу – өмір талабы. сабақты тиімді әдістермен өткізу, оны жүйелі де жоспарлы жүргізу жас
ұрпақты ғылымға баулу, тәрбие беру, әр ұстаздың міндеті.
жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. нарық жағдайындағы
мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-
рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық
- әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты,
шығармашыл тұлға.нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жеке-
леген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың
кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
2. мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші (негізгі) деңгей/
3. с.е. шишов. понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «государство и
образование», 2002. 88-б
356
357
Достарыңызбен бөлісу: |