Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы 
№ 3 Қазақстан бастауыш мектебі 
Бастауыш сынып мұғалімі Жунаева Жанат 
Күні:  14.12.2016ж
Сынып: 1 « А»
Қатысқандар саны:15 
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Басқатырғыш  тапсырмалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу бағдарламасына 
сілтеме)
1.1.5.6. Бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш 
есептерді, ребустарды шешеді.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы  білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Бағалау критерийлері
Әріптерді таниды және ажыратады.
Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.
Дескриптор
сөздерді дұрыс оқиды
көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды
және белгілейді
Пәнаралық байланыс
Өнер,  ана тілі, орыс тілі,ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Тілдік мақсат
Ұшақ – самолёт – plane 
Ұшқыш – лётчик – pilat
Ұста – мастер – master 
Мұғалім – учитель – teacher 
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық 
атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Топқа бөлу:
1топ – ұшақ
2топ – ұршық
3топ – ұста 
Психологиялық ахуал:
Тұғырлы тілде амандасу
қазақша, орысша, ағылшынша.
Өткенді пысықтау.
Өткен сабақтарда біз қандай әріптер өттік?
 қазақ тілі
орыс тілі 
ағылшын тілдерінде қайталау.
 1топ -Қазақ тілінде қанша әріп бар?
13- дауысты, 25- дауыссыз, у- әріпі дауысты да дауыссыз да бола 
береді.
 2топ- Орыс тілінде қанша әріп бар?
В русском алфавите тридцать три буков.
Гласные звуки  десять.
Согласные звуки  двадцать один
  3топ –Ағылшын тілінде неше әріп бар?
26- әріп, 6-дауысты, 20- дауыссыз.
Бағалау:топ- топты смайлик арқылы
Біздің отанымыз қандай ел?
-Егеменді ел!
Биыл егемендігімізге неше жыл толды?
-25 жыл!!!
Отан неден басталада?
-От басынан басталады.
Отбасы мүшелері кімдер?
1топ: Ата, әже, ана, әке, аға, апке, іні, сіңлі, қарындас.
2топ: Дедушка,бабушка, папа, мама, сестра, брат, младшый брат, младшая сестра.
3топ:Грэндфазы, грэндмазы, мамми,дәди, бразы, систы.
Сабақтың ортасы
8 минут
Ой қозғау:
Балалар топтарымыздың аттарын сын тұрғысынан ойлап көрейік.
Ұшақ дегеніміз не?
Ұшқыш дегеніміз не?
Ұста дегеніміз не?
Осы топтарымыздың бас әрпі қандай дыбыстан басталады?
157

Ұ ұ Олай болса балалар бүгінгі жаңа сабағымыз Ұұ дыбысы жіне әрпі.
№1  Әр отбасы мүшелеріне  тиесілі заттарды сурет арқылы
 болжа. 
Жазылым
Ұ ұ әрпін жазу.
Оқылым- тыңдалым.
Ұр    ұн   ұт    ұш  ұста   ұршық   ұнтақ    ұтқыр    ұшақ   ұсақ  құлын   құрақ    ұран   
құмыра Нұрлан  құлан   құлақ  Ұлан  құмырсқа Ақнұр
 Тапсырма:
Берілген сөздерді оқыңыз.Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті 
қоршап сыз.
До...быра       к.....рпі      к....шік    құл.....н
(н,м,ң) (ы, і)           (ү, ұ) (ы,ұ)
Сергіту сәті
1 минут
Сергіту сәті: 
« Анамызға көмек »
(Оңға,солға, жуамыз, сығамыз, қағамыз, жаямыз, кептіреміз, себетке саламыз,үтіктейміз,
бүктейміз,полкаға саламыз)
Қызықты тапсырма
8 минут 
Аяқталуы
16 минут
Топтық жұмыс:
1топ- кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып,боя.
2топ – спираль әдісі арқылы әріптерді қосу.
3топ – Тридиформат әдісі арқылы буынды қосу
Айтылым:
№3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.
Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дифференциация – 
оқушыларға көбірек қолдау 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? Қабілеті 
жоғары оқушыларға қандай 
тапсырмалар қоюды 
жоспарлап отырсыз? 
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? 
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар 
айтылған сөздер мен 
сөйлемдердің көпшілігін 
дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. 
(қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Қортынды
Бағалау
Сабақтың сәтті тұстары: 
Өткен тақырыптарды үш тілде қайталау. 
Топ аттарын сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың табысты тұстары.
Спираль әдісі.
Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып, бояу.
Қуандықова Жадыра
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
Ажар бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Білім саласы: «Қатынас».
Білім бөлімі: «Тіл дамыту».
Тақырыбы: «Ас - атасы нан». 
Мақсаты: «Нанның қандай еңбекпен дастарханға келетінін түсіндіру. Нанды 
                    қастерлеуге үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың 
                    ой-өрімін, тілін дамыту. Балаларды  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Нанның дастарханға қалай келетіні туралы сериялық суреттер.  
                      Нан түрлері.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы.
Жылулық шеңбері.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойлайды.
Әлемдегі бар адамға
158

Тек жақсылық ойлайды.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күз айларында қандай құбылыстар болады?
- Жапырақтар жерге сарғайып түсе бастайды. Күн суытып жаңбыр жауады.
Күз көкөністері туралы тақпақтар.
Оралхан: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып түзілдім
Сары күзде үзіліп
Себетке кеп тізілдім.
Мери:       Мен қиярмын, қиярмын
Жап-жасыл боп тұрамын
Балғын дәмім бойымда
Қызанақпен сыңармын.
Бүгінгі ұйымдастыру оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ас – атасы нан»
Балалар нан дастарханға көп еңбекпен келеді екен.
1-сурет Жайқалып өсіп тұрған егін.
2-сурет Егінді орып жүрген комбайн
3-сурет Диірмен
4-сурет Наубайхана
5-сурет Нан дүкені
Бидай туралы тақпақ
Дана: Нан анасы бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнегі толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Нан түрлерімен таныстыру: Тоқаш, ақ нан, қара нан, печенье.
Нан туралы тақпақ.
Бағжан: Нан болса ойнап күлеміз
Нан болса еркін жүреміз
Нан – қасиет, нан-береке, нан-мереке
О, адамдар, айтарым бар,
Нанды баспаңдар.
Жанерке: Тәтті-тәтті тоқаш
Тамаша ақ қалаш
Шекер қосқан нан
Бәрі де жерден табылған.
Нұрсая:  Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Жұмбақтар
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас                        (нан)
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қолды жоғары созайық
Оңға қарай иіліп
Бір отырып тұрып
Бір тынығып алайық
Жапсыру: «Нанды жапсыру».
Қорытынды.
1. Нан дастарханға қалай келеді?
2. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы қандай?
3. Дастарханға бірінші қандай тағам қойылады?
Балаларды мақтап, мадақтау.
Кожабекова Аягоз Бектаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың  тақырыбы. Есеп шарты бойынша теңдеу құру.
159

Сабақтың мақсаты: Қосудың ауыстырымдылық  қасиетін  қолданудың  тиімділігін  көрсетіп  беру. Екі амалмен 
шығарылатын  есеп және  оны түрлендіру  Ойлау  қабілетін дамыту. Зеректікке  ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеті; 1 Қосудың  ауыстырымдылық  қасиетін  есептеулерде  қолданудың  тиімділігін  көрсетіп  беру,қолдануға 
үйрету.Екі амалмен  шығарылатын  есеп  және  оны түрлендіру  дағдыларын  арттыру.
2.Ойлау  қабілетін,шығармашылығын,есте  сақтау қабілетін,зейінін  дамыту.
3.Шапшаңдыққа  тәрбиелеу.
Түрі; қайталау.
Көрнекіліктері; суреттер. Үлестірмелер.
Әдісі; талдау, іздену, жаттықтыру, түсіндіру, көрнекілік, ойын, салыстыру, бекіту, ойландыру, өз бетінше жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық   дайындық
Шырылдады  қоңырау
Біз  сабақты  бастаймыз
Жаңа  білім  алуға
Алға  қадам  бастаймыз.
Топқа  бөлу
1-топ.Шапшаңдар
2-топ.Алғырлар
3-топ.Ойшылдар
Амандасу,түгелдеу,сабаққа  әзірлігін  тексеру.
Мақсат қою кезеңі; Есеп шарты бойынша  теңдеу құру және оны шешу.
Үй тапсырмасын тексеру.Мысал; 5 оқу, талдау.
Өткенді  қайталау.
Жаңа сабақ
Сабақ  тақырыбын  хабарлау,мақсатын  айту,күн ретін  жазу.
Оқулықпен  жұмыс  №1
Ой  сергіту.Логикалық   сұрақтар.
Мысал :1.Есепті  шығар.Ауызша  есептеу.
а)4*5=20  шар  үрледі.
б)5*х=45                                                           в)100*х=600
х=45/5                                                                   х=600/100
х=9                                                                         х=6
5*9=45                                                                  100*6=600
45=45                                                                        600=600
Мысал:2
Шарты                                                     Шешуі
Қыз  бала-8
Ұл  бала-2есе  артық                               8*2=16
Неше  ұл  бала-?
Ой  қозғау.Кенеттен  сұрау.
а) 1дециметрдің  жартысы  неше  сантиметр  болады?
ә)1  метрдің   1/10 бөлігі  неше  сантиметр  болады?
б)20сантиметрдің  ширегі  неше  сантиметр  болады?
в)Егер  1/5 бөлігінің  ұзындығы  6см  болса жолақшаның  ұзындығы  қандай?
г) Жартысы  9см  болатын  сымның  ұзындығы  қандай?
ғ)Ширегі  3м болатын  жіптің  ұзындығы   қандай?
Мысал:5 Қалып  қойған таңбаларды  орнына қой: +, -, *,  / .
7...2...8=6 3....4....5=7
3...3...3=3                                    2....6....3=4  
3...7...9=30                                  4...4...4=20
Қорытындылау.
Сұрақ  жауап  арқылы. 
Бағалау.
Үйге   тапсырма.  
* * * * * * *
Паташова Мамура Артыкбаевна. Бастауыш сынып мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі КММ
Пәннің аты: Әдебиет
Уақыты:8.10.2016ж
Мұғалім:Паташова М.А
Сабақтың тақырыбы
 Ғ Мүсірепов . Байжан құдығындағы байлық
Сабақтың мақсаты
Оқушылар мәтінді оқып, идеясын түсінуге мүмкіндік беру. Туған жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. 
Күтілетін нәтиже
Оқушылар мәтінді оқып, идеясын түсінеді. Туған жеріне деген сүйіспеншілігі артады.
Көрнекіліктер
Суреттер, ойын, карта, топтастыру, қима, бағалау парақшасы
Сабақтағы әдіс-
«Жер, ауа, от», «Орамал тастау», «Табиғат аясына саяхат», «Бағдаршам» әдісі, «Тірек сөздер»
160

тәсілдер
Психологиялық ахуал
«Жер, ауа, от» ойынын ойнау арқылы 
оқушыларға көңілді күй сыйлау..
Оқушылар ойын ойнау арқылы 
көтеріңкі көңіл күймен сабақты 
бастайды.
Топқа бөлу
Суреттер арқылы топқа бөлу.
Топқа бөлінеді,өз тобын таба біледі.
Үй тапсырмасы
«Орамал тастау» ойыны арқылы үй тапсырмасын 
сұрап бағалау.
Сұрақтарға жауап береді.
Қызығушылықты ояту
1.Ғ.М.Мүсірепов туралы топтастыру жасау.
2.Тірек сөздер арқылы «Екібастұз» мәтінін еске 
түсіру.
Керуен, тұз, тас.
3.Картамен жұмыс.
Оқушылар топтастыру жасайды. 
Мәтінді тірек сөздер арқылы 
еске түсіре отырып, картамен жұмыс 
жасайды. Жаңа сабаққа ерекше 
ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді іштей оқу.
2.Түсінігін айту. 
3.Сөздік жұмыс.
4.Дәптермен жұмыс.
Мәтінді іштей оқып,топта 
талқылайды, бірігеді, бөліседі. 
Түсінігін айтады.
Сергіту сәті
«Табиғатқа саяхат» ойынын ойнау.
Ойын сергітеді,шаршағандары
басылады.
Ой толғаныс
1-топ
Көмірді қалай өндіреді?
2-топКөмірді алғашқы рет кім тауып еді?
3-топ Көмір өндірісі туралы әңгімеле
Көмір өндірісі туралы әңгімеле
Топта оқушылар ақылдасып, жұмыс 
жасайды.
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі бойынша сабақтан 
алған әсерлерін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы  Мақтарал ауданы Жамбыл атындағы жалпы
 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директоры, география пәні мұғалімі Сейдалиев Маратбек Ахатович 
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ
Сабақтың мақсат - міндеттері:
А) білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың елдерімен халқын және Америка Құрама Штатының тарихы, құрылуы 
жайлы ұғымды қалыптастыру;
Ә) дамытушылық: Карта, атластар бойынша оқушылардың отын өнеркәсібінің дамуын, халықтың даму маңызын талдау, 
анықтау, Америка Құрама Штатының қалыптасу тарихын, картамен жұмыс істей білу қабілетін дамыту;
Б) тәрбиелік: Солтүстік Америка материгіндегі ел экономикасын дамытудағы рөлін, маңызын түсіндіру арқылы оқушының 
патриоттық сезімін ояту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу;
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: Оқулық, Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, 
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих
Сабақ барысы: Мұғалімнің қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі - амандасу;
- түгелдеу;
- оқушының назарын сабаққа аудару;
- оқу
құралдарының дайындығын тексеру
- амандасу;
- кезекшілік міндеттерін атқару;
- сабаққа дайындалу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ – жауап
1.“Су атасы” – деп қай өзенді атаған?
2. Маккензи қай алқапқа жатады?
3. Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтетін өзендерді ата?
4. Солтүстік Америкада орналасқан жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі?
5. Ұлы көлдерді құрайтын көлдерді ата?
6. “Гүрілдеуік су” деген қандай сарқыраманың мағынасы?
7. Солтүстік Америка материгі су қоры жөнінен материктер арасында нешінші орынды алады?
8. Тынық мұхит алабына жататын басты өзендер?
161

9. Ұзындығы 3700 км болатын өзен?
10. Солтүстік Америка материгінде орналасқан суы өте лай өзенді ата?
Сәйкесін тап:
Өзеннің атауы ----------- Ұзындығы
Миссисипи --------------- 6420
Маккензи ----------------- 4740
Юкон ---------------------- 3190
Колорадо ------------------ 2740
Колумбия ----------------- 2250
ІІІ. Жаңа сабақ. Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ
ІV. Жаңа материалды түсіндіру. Жаңа ұғымға байланысты жұмыс. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. 
Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 — 1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, 
Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60 - жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел 
дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. 
Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4 - шілдеде Тәуелсіздік 
декларациясы қабылданды, онда АҚШ - тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке 
айналды, 1 - Америка - буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім 
шарты бойынша Англия АҚШ - тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші 
президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы 
жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800-1804 ж. АҚШ 
президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір 
реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас 
орнатты. 19 ғасырдың 1 - жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы,
1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір - бірінің ішкі 
істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса 
берді. 1790 ж. АҚШ - та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн - ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған 
құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.
Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 450 млн - ға жуық.
Материктің байырғы халқын моңғол нәсіліне жататын үндістер мен эскимостар құрайды. Бұл халықтар Азиядан Солтүстік 
Америкаға шамамен осыдан 25 - 40 мыңдай жыл бұрын материкті Еуразиямен жалғастырып тұрған Берингия құрлығы 
арқылы қоныс аударған. " Америка үндістері" деген атаудың өзі Х. Колумбтың тарихи қатесімен (қандай?) байланысты 
пайда болды. Қазіргі кезде Солтүстік Американың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Ұлыбритания мен Франциядан қоныс 
аударғандар құрайды. Олар негізінен материктегі ірі мемлекеттер АҚШ - пен Канадада тұрады. Халықтың басым көпшілігі 
ағылшын тілінде сөйлесетіндіктен, материктің бұл елдер орналасқан бөлігін Ағылшындық Америка деп атайды. АҚШ - тың
халқы нәсілдік және ұлттық айырмашылықтарына қарамастан америкалықтар деген жалпы атпен аталады.
Еуропалықтар мен негрлер арасындағы некеден тараған аралас нәсіл өкілдері. “Мулаттар” термині Америка елдерінде 
Африкадан жаппай құлдар әкеле бастаған уақытта пайда болды. Мулаттар, негізінен, құл иеленушілер мен қара нәсілділді 
күндердің некелерінен тарады. Нәсілдік араласудың нәтижесінде Американың барлық елдерінде мулаттардың елеулі 
топтары пайда болып, жергілікті ұлттардың қалыптасуына біршама әсер етті Нәсіларалық және ұлтаралық некелерден пайда
болған ұрпақтар. Метистер антропологиялық жағынан нәсілдер арасындағы аралық топқа жатады. Америкада көбіне 
еуропалықтар мен үндістердің некелесуінен туған ұрпақтарды метистер деп атайды.
Латын Америка елдері мен АҚШ - та халықтың үлкен пайызын метистер құрайды.
Америка Құрама Штаты – Солтүстік Америкадағы мемлекет, Федеративтік республика. Аумағы 9363, 2 мың км². Халқы 302
млн.
Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью - Йорк, Чикаго, Лос - Анджелес, Сан - 
Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т. б.
50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен - бірі шектесіп жатқан 48 
штаттан және құрлықтың солтүстік - батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы
Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. 
Халықтың 66%- ы протестанттар, 26%- ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы 
– президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы 
парламент (конгресс).
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
• Заң шығарушы: АҚШ Парламенті — Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: 
Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
• Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
• Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ - да екі негізгі бас партия бар:
Демократиялық партия — 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партия — 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, 
ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі 
жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ - тың ауыл шаруашылығында 
механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, 
162

сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой 
өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ - тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың
долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ - пен Қазақстанның 
экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90 - жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері 
және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын 
«Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т. б.).
Рашмор тауы Америка Құрама Штатындағы төрт президенттің бейнесі. Американың төрт атақты президенттері: Джордж 
Вашингтонның, Томас Джефферсонның, Теодар Рузвельттің және Авраам Линкольннің бейнесі пайда болды. Бұл 
монументте Америка Құрама Штаттарының пайда болуы, үлкеюі және дамуы бейнеленуі.
V. Жаңа білімді бекіту
1. Тапсырма
Кескін картаға Солтүстік Америка материгіндегі елдерді салу.
2. Тапсырма
Ұлттық нәсілдерге
сипаттама беру
Самбо
Мулат
Метис
3. Тапсырма
VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ тақырыпшаны оқып келу және 
Америка Құрама Штатының кескін картаға шекарасымен астанасын түсіріп келу.
VІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларды бағалау
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы  
Абай ауылы №72 Омар Есімов жом 
бастауыш сынып мұғалімі  Боранбаева Жазира Абгакимовна
Жаратылыстану пәнінің ерекшеліктері
2016-2017 оқу жылында бірінші сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша білім 
алып жатыр. Бұл жылғы оқу бағдарламасына жаңа пән «Жаратылыстану » пәні енгізілді.  
Жаратылыстану  - бұл табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын 
танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада  қайта өрлеу кезеңінде (15 ғасырдың  2-
жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін, 18 ғасырда 
Жаратылыстану  ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді. Жаратылыстану  ауқымы түрлі 
табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы 
қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, 
сондай-ақ,  жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және
жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық 
мәнімен ерекшеленеді.
       «Жаратылыстану» пəнінің өзектілігі Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білім 
құмарлықтың  дамуына, əлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың жəне қоршаған əлемді тұтастай қабылдаудың 
дамуына, қоршаған əлемді қорғау жəне бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. 
          Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пəнін оқу жəне меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді: 
- қоршаған əлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи     құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын; 
- өлі жəне тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін; 
- жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-əрекет түрлері үшін маңыздылығы; 
     Атаулы пəнді оқу қоршаған əлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына жəне күнделікті 
өмірде алуан түрлі практикалық жəне зерттеу əрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына 
көмектеседі. Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пəнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар 
мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған: 
-    гипотеза құру жəне оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;
 - мəселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу 
жұмысының нəтижесін бағалау жəне сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару; 
- БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Ғаламтор ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік əдебиеттердегі жаратылыстану 
бағытындағы ақпараттармен жұмыс,
іздеу əдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау жəне ақпараттың растығын бағалау; 
- өлі жəне тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам əрекетінің қоршаған 
ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;  
- өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну; 
- жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мəнін түсіндіру.  
«Жаратылыстану» пəні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты: «Жаратылыстану» пəні негізгі мектептегі «Биология», 
«География», «Химия», «Физика» пəндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, 
163

табиғат əлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін 
дамытуға бағытталған. 
     Пəн бағдарламасы келесі міндеттерді шешуді көздейді: 
- əлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен 
жаратылыстану ғылымдарының əдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; 
жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды 
идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру; 
- қоршаған əлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы жəне ғылыми-көпшілік əдебиеттерден 
алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан жəне өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін 
қалыптастыру;
 - зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, 
жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау жəне түсіндіру барысында дамыту;
 - табиғат заңдарын тану жəне жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту 
үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тəрбиелеу; 
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен 
қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.  
Жаратылыстану  пәні аптасына 1сағат ,жылдық сағат саны 33 сағат.
* * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет