Ii. Кіріспе: 1 Ә. Кекілбаевтың «Ханша Дария» романы жайлы мағлұмат



бет5/6
Дата01.11.2022
өлшемі203,34 Kb.
#46709
1   2   3   4   5   6
ІV. Қорытынды:
Қарапайым халық дегеніміз: «Біз, Отырар қариялары, М. Мағауиннің «Шыңғыс ханның шарапаты» атты мақаласын оқып, жағамызды ұстадық... Шыңғыс ханды «бізге азаттық әкелуші» деп жариялау – барып тұрған әділетсіздік әрі біздің әлі жеке ұлт боп ұйымаған дәуірімізге баға берушілік, нығыздап айтсақ, сауатсыздық дер едік.» (11) – дейді. «Шыңғыс ханның арғы тегі қият, ал қият пен қыпшақ бірге туысады. Негізінен, батыс пен орыс зерттеушілері Шыңғыс ханның бізге туыс екенін жасыруға тырысты ғой. Тіпті, түркі дегенді айтқызбай, оны моңғол деп атады. Артында Алтын Орда деген мемлекет қалды. Ол – қыпшақ мемлекеті еді... ал енді әлгі «Отырардың күйреуіне» қайтып келсек, оны экраннан алып тастайтын кез жетті. Ол ешқандай патриоттық рух бермейді, қайта оқушыны шатастырады» (12).
Міне, Шыңғыс хан туралы баспасөз беттеріндегі пікірлер. Бұл әрине тарихи таным тұрғысынан алғанда қазақ қоғамының қазіргі бейнесі, түсінігі. Қандай шығармалар болмасын, белгілі бір идея тұрғысынан туылатындығын ескерсек, біздің келтірген пікірлер (келтірмегеніміз қаншама) болашақта жазылатын шығармалардың сұлбасы деуге болады. Қалай болған күнде де, Шыңғыс хан аңыз арқылы әдебиетімізге келген, орын алған. Енді заманауи ауқымды шығармалар арқылы көркем әдебиеттің төріне шығады. Аңыз ақиқатқа айналады. Сөзімізді Мағжанның сөзімен түйіндейік: «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер. Шыңғыстай данышпанның құр аты да, Адамның жүрегіне жігер берер»


Ұсыныс:
- Әбіш ағамыздың шығармалары арасынан қазақтың сол замандағы тіршілігі туралы мәліметтер топтастырылса;
- «Ханша Дария» романы бойынша қойылған пьеса Қазақстан бойынша ауылдарды аралап көрермендерге жол тартса;


V.Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мағауин М. Он үш томдық шығармалар жинағы, 8том. – Алматы: Қағанат, 2002.
2. Зәкенұлы Т. Көк бөрілердің көз жасы. – Алматы: Олжас, 2002.
3. Шаханов М. Ғасырларды безбендеу. – Алматы: Жазушы, 1988.
4. Кекілбаев Ә. Дала балладалары, 2том. – Алматы: Жазушы, 2001.
5. Қабышұлы И. Шыңғыс хан.// Егемен Қазақстан, 24-тамыз, 1992.
6. Дюсенбаева Ж. Ә.Кекілбаевтың шығармашылығындағы тарихи тұлға және көркемдік жинақтау: док.диссертация. – Алматы, 2009.
7. Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекілбаев прозасы. Халықтық аңыздар және көркемдік шешім: канд. диссертация. – Алматы, 1999.
8. Мағауи М. Шыңғыс ханның шарапаты. // Жұлдыз. – №3. – 2002.
9. Мағауин М. Ешкі жетектеген екеу. // Алтын Орда, 1-қараша, 2002.
10. Шаханов М. Құлдық сана формуласы немесе Шыңғыс ханды пір тұтушылар әлегі. // Қазақ әдебиеті. – №1. – 2002.
11. Ордабаев Қ., Әдіһам Шілтерханов. Оңтүстік Қазақстан, 6-маусым, 2002.
12. Жұмаділов Қ. Мен не жазсам да көзбен көргенімді, куә болғанымды жаздым. // Айқын, 28-наурыз, 2006.
13. Жұмабаев М. Шығармалар, 1том. – Алматы: Білім, 1996.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет