Іі негізгі бөлім



бет1/3
Дата11.03.2023
өлшемі43,03 Kb.
#73349
  1   2   3
Байланысты:
басқару мөж 7 апта





МӨЖ

Жоспар
І Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім
2.1. Эмоционалды интеллект
2.2. Қазақ түсінігіндегі интеллект
2.3. Эмоционалды интеллектісі жоғары тұлғаның белгісі
2.4. Эмоционалды интеллектісі төмен адамның белгісі
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Біздің өміріміз күйзеліссіз мүмкін емес, өйткені адам кездестіргеннің бәрі оған сол немесе басқа қатынасты, сол немесе басқа сезімдерді тудырады. Сезім әлемі бай, әрі алуан түрлі. Бір құбылыс бізді қуантады, екіншісі жиіркенуді оятады; біз кейбір адамдарды жақсы көреміз, басқаларын жек көреміз, үшіншісіне немқұрайлылық танытамыз. Бір нәрсе бізді қорқытуы мүмкін, бірақ бір нәрсе ренжітуі мүмкін; біз кейбір қадамдарды мақтан тұтамыз, ал кейбіреуін тезірек ұмытқымыз келеді, өйткені олардан ұяламыз. Адамның кәсіби қызметі де күйзеліссіз мүмкін емес және белгілі бір эмоционалды бояуға ие. Адам жұмыс істей отырып, жұмысқа және оның жағдайларына қатынасын сезім мен эмоция түрінде білдіреді.
Эмоцияның әлеуметтік табиғатын талдау психология үшін болашақта нақты дәлелдемелерді қажет ететін тың тақырыптардың бірі. Эмоцияның әлеуметтік табиғаты оның әлеуметтік дүниемен, басқа адамдармен қарым-қатынасы арқылы ашылады. Эмоция – адамның ішкі жан-дүниесінің маңызды бөлшегі және тұлғаның эмоционалдық аймағына назар аудару интеллект, денсаулық, дене күшімен басқа да тұлғалық ресурстарын дамытуға көңіл бөлінуден кем болмау керек. Эмоционалдық аймақты дамыту – аса маңызды міндет, әрқайсымыз үшін аса өзекті, бірақ бұны дамыту бағыты тұлға типіне байланысты әр түрлі болып келетіндігі көрсетіледі. Эмоционалдық аймақта адамдар арасында ерекше ашық жеке айырмашылықтар байқалады. Өз кезегінде көптеген әлеуметтік-психологиялық феноменнің эмоционалдық компоненті бар. Сезімді эмоцияның саналы қобалжуы және эмоционалдық реттеуі ретінде негізгі компонентіне жатқызады. Зерттеушілер эмоцияны тұлғалық күй ретінде ажыратады. Қобалжу негізіндегі эмоциялар эмоционалдық эпизодтар деп аталады. Эмоциямен сезімнің әртүрлігі тұлғалық қасиеттермен, тұлға бағыттылығымен, мотивтерімен, талпыныстарымен, жеке психикалық қасиеттерімен анықталады. Психологияда қобалжу, үрей, ұялшақтық, стресс тұлғаның эмоционалдық әлемін сипаттайтын негізгі категория ретінде қарастырылады.

Тұлға - бұл қоғамдық тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде ала- тын орны, оның орындайтын іс-әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адам сипаттамасы үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез-келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты. Сонымен қатар тұлғаның дамуында нақтылы тарихи орта негізгі болып саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Эмоциялар - бұл адамның қоршаған шындыққа және өзіне деген қарым-қатынас күйзелісінде көрінетін құбылыстар, сонымен қатар, эмоциялар субъективтілікпен сипатталады. Ғылымда эмоциялардың әр түрлі классификациясы бар. Ең кең тарағаны - адамның іс-әрекетіне әсер ету күшіне сәйкес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет