Іі нұсқа Тапсырма. Оқылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Электр қуаты



бет1/3
Дата06.10.2022
өлшемі21,8 Kb.
#41666
  1   2   3
Байланысты:
7-сынып Нулевой Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 гимназия мектептері үшін


«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша гимназия мектептері үшін
бастапқы бақылау кескіні
7-сынып
ІІ нұсқа


Тапсырма. Оқылым.
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Электр қуаты

Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.


Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік қалдығын жарату мүмкіндігі бар.


1.Электр қуаты жұмысын жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі кім арнайы келді?
А)Иоганн Гете; В)Гордон Джонсон; С)Людвиг Фейербах; Д) Георг Гегель; Е) Фридрих Шеллинг.
2.Алғашқы жоспар бойынша сағатына қанша трлн киловат қуат өңдіру көзделген?
А) 1,82; В) 1.90; С) 2; Д) 1.70; Е) 1.50;
3.Ал осыған дейін қай жерлерде жел станциялары салынған?
А)Шығыс Қазақстан облысында.
В) Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында.
С) Батыс Қазақстан облысында.
Д) Алматы облысында.
Е) Солтүстік Қазақстанда.
4.Мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде қанша млн тонна қалдық болады екен?
А )22.1; В) 23.3; С) 27.5; Д) 30.6; Е) 40.1.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет