Көрнекілік қағидасы. Нақты образдарға құрылған оқытуды айтады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді.
Тізбектілік және қайталау қағидасы. Бұл қағида белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, білімнен іскерлікке бағытында жүзеге асады. Яғни, оңайдан қиынға қарай үйреніп, оны қайталау арқылы бекітеді.
Білімді меңгеру мен іс - әрекеттің саналылығы қағидасы. Дәстүрлі мағынада іс - әрекеттің саналылығы оқушының өз әрекеті мен орындаған жұмысын толық түсінуі. Яғни, оқушының білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен қайта өңдеуі, біліміін практикада қолдануы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, өзінің оқығанын тәжірибеде пайдалана алуы керек. Сол, себепті оқушылар білім мазмұнын ғана емес оның мағынасын терең ұғынуы тиіс.
Белсенділік және дербестік қағидасы. Белсенділік принципі оқушылардың әрекетінде әртүрлі көрініс табады. Мысалы, оқушылардың өз әрекетін бақылауы, дос-құрбыларының жұмысын бақылауы, алгоритмге өзгеріс енгізуі, өз алгоритмін құру әрекеті белсенділік қағидасына негізделген. Мұғалім оқушыларға тапсырма беріп компьютерге отырғызғанда, олардың белсенділігін арттыруды көздейді. Бұл жағдайда оқушылардың өздеріне сенімі артып, бір – бірімін сұхбаттасу арқылы өзара оқыту орын алады. Ал Дербестік мұғалімнің оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың өз бетіінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі арқылы жұзеге асырылады.
Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық қағидасы. Білім мазмұнының оқушының шамасына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип оқушылардың танымдық белсенділігн арттыруға ықпал жасап қана қоймай, олардың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Мысалы, пән мазмұнының жеңіл болуы оқушылардың ойлау белсенділігін төмендетеді, оқуға деген ынтасын кемітеді. Оқу мазмұнының шамадан тыс қиын болуы оқушыны табысқа жеткізбейді. Табыстың болмауы оқуушының өзіне деген сенімін жояды. Мұнда мұғалімнің оқытуы мен оқушы дамуының арасында тәуелділік пайда болады. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық мүмкіндігін ескере отырып, оқу процесін жоспарлы жүргізуде түсініктілік және шамаға лайықтылық қағидасын негізге алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |