Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) — айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы.
Сонымен қатар Ақын өлеңдерінде тұрақты эпитеттермен қатар, өзіне тəн сөз бедерлерін (біздің қайсар батырдың, ақ көңіл, аңқау жүрекпен), эпостық-батырлық жырларға тəн дəстүрлі теңеу сөздермен бірге теңеу сөздерді қолдануда өзіндік ерекшелігін (Сарыарқадай кеңдігім, Маралдай майысты), анафора, психологиялық параллелизм, қайталау, инверсия, ассонанс, аллитерация т.б. көркемдік-бейнелеу құралдары молынан қолданылған.
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған
Зерттегендер: Қ.Өмірәлиев «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі»1983
С.Мұқанов «Қазақ әдебиеті тарихы»
71. Сөз басындағы й~дж~ж~т~ч... сәйкестігінің түпкі тегі туралы жаңа ғылыми болжамды баяндаңыз
й~дж~ж~т~ч сәйкестіктің түпкітегін В.В.Радлов пен В.А.Богородицкий и деп тапса, Г.М.Рамстедт пен Н.Н.Поппе – дж. Маркварт пен К.Г.Менгес – д; Г.Дерфер *d деп есептейді. С.Е.Малов – *зˇ (д'з')~č~š, Н.А.Баскаков *č, *dž, *tj, *ž, *s дыбыстарының біреуі болуы мүмкін деп ұйғарса, Ш.Х.Ақбаев пен Ф.А.Абдуллаев *č (ч), А.М.Щербак *υ (с') деп шешеді. Алайда бұл жорамалдардың ешқайсысы түркологияда кеңінен қолдау таба алмады. Түркологтардың бір тобы ұсынған ғылыми болжамды екінші бір тобы теріске шығарып, қателіктерін көрсетіп отырды. 100 жыл бойы тек жорамал ғана жасалып, өз шешімін таппады. Осы сәйкестікке байланысты пікір қайшылықтары Б.Сағындықұлының 2005 жылы шыққан («Қазақ университеті» баспасы) «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» деп аталатын монографиялық еңбегінде толық баяндалған.
Ғалым Б.Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихы» атты еңбегінде аффрикаттардың түпкі тегін анықтауда, типологиялық салыстырмалы әдісті пайдалану керектігін ескереді. Сөз басындағы, сөз ортасындағы, сөз аяғындағы дауыссыз дыбыстарды анықтауда тілдердің бір тармағына ғана емес, өзге де тармақтарына шолу жасамаса, жекелеген мәселелер шешілмей қала беретіндігін алға тартады. Аффрикаттарың ішіндегі ц, ч аффрикаттары түркі тілдерінде ғана емес, тұңғысманчжур, монғол, қытай, жапон, корей, үндіеуропа тілдерінде кездесетінін ескере келе, олардың прототүркілік дәуірден келе жатқандығына күмән келтірмейді. Осы орайда ғалым өз тұжырымын былай дәлелдейді: «Даму логикасы мынаны мегзейді: тс (ц), тш (ч) аффрикаттары кейінгі дәуірде т, с, ш сияқты ұсақ дыбыстарға бөлініп жатса, өзінен бұрынғы дәуірде сөз жоқ, өзінен күрделі аффрикаттың құрамына енген. Одан әрі тарихтың терең қойнауына барған сайын диффузды элементке ұласуға тиіс. Бұлардың өзгеру, құбылу динамикасын қазіргі заманнан ежелгі дәуірге қарай былайша көрсетуге болады: фонема – аффрикат – күрделі аффрикат – ... диффузды элемент. Неғұрлым ірі бөлшектің орташа бөлшекке, орташа бөлшектің ұсақ бөлшекке ауысуы – тілдік дамудың диалектикалық заңдылығы. Осы заңдылыққа арқа сүйей отырып, тс (ц), тш (ч) аффрикаттарын ежелгі дәуірдегі бір күрделі негізден пайда болған деп пайымдаймыз. Сонда күрделі аффрикат дегеніміз қазіргі түсінігіміздегі екі немесе одан да көп аффрикаттың бір кездегі органикалық құранды қосындысы болып шығады».
Сонда бірнеше күрделі кезеңдерді бастан өткерген күрделі аффрикат *Т [С/Ш] архетип болып табылады. Архетипті анықтауға кедергі келтіріп тұрған бір ғана дыбыс. Ол – й фонемасы. Себебі түркологтардың басым көпшілігі й фонемасын архетип деп таныды. Алайда кейінгі зерттеулер барысында бұл дыбыстың сына дыбыс екендігі жан-жақты дәлелденген-ді.
Тарихи даму барысында *Т [С/Ш] күрделі аффрикаты екіге жарылып, қарапайым тс(ц), тш (ч) аффрикаттары пайда болған. Қазіргі заман тұрғысынан тс (ц) аффрикаты шығыс хун бұтағына жататын түркі тілдері үшін арғытек (архетип) болып есептелсе, тш (ч) аффрикаты батыс хун бұтағына жататын түркі тілдері үшін арғытек болып есептеледі. тш (ч), тс (ц) аффрикаттары ұяңданғанда дж, дз аффрикаттарына айналады. Бұл аффрикаттардың алғашқы жапсары элизияға ұшырап, жойылып кеткенде жалаң с, ш, з, ж дыбыстары қалады. Екінші жапсары жойылғанда т, д дыбыстары өмірге келеді.
Алайда ғалым бұл пікірімен тоқтап қалмайды, түпкітектердің пайда болу, қалыптсау,даму кезеңдеріне жекелей тоқталып, кезең-кезеңге бөліп қарастырады. Б.Сағындықұлы, ең алдымен, дауыстылар мен дауыссыздардың даму тарихын екі кезеңге бөліп қарастырады. Біріншісі, диахрония дәуірі, екіншісі, синхрония дәуірі.
Диахрония – тарихқа белгісіз аса ежелгі дәуір. Сөз болып отырған архетип дауыссыздар таза флективті құрылым дәуірінің жемісі болып табылады. Алайда, тарихи даму барысында, таза флективті құрылым орнына келген полисинтетикалық құрылым өзімен бірге заңдылықтарын да ала келді. Бұл кезеңде *Т [С/Ш] күрделі аффрикатынан ТС(Ц) және ТШ(Ч) аффрикаттары бөлініп шығады. Бұған себеп – әр түрлі ішкі және сыртқы факторлар.
Бұл дәуірде дауыссыздармен қатар дауыстылар да дами бастады. Бірақ алғашқы кезеңде дауыстылардан тікелей дауысты дыбыс пайда болған жоқ: жартылай дауысты, жартылай дауыссыз й мен у тілдік өмірге келді. Ғалымның айтуынша, бөлініп шыққан аффрикаттар бүкіл алтай тілдерін шартты түрде екі бөлді: тс(ц) аффрикатымен туыстас халықтардың солтүстік-шығыс бөлігі, тш(ч) аффрикатымен оңтүстік-батыс бөлігі сөйлеген.
Екінші кезеңде, *Т [С/Ш] күрделі аффрикаты мүлдем жойылады және олар екі түрлі бағытта өзгеріске ұшырайды. Бірінші, аффрикаттар құрамындағы с, ш элементтері әлсірейді де, олардың орнына эпентезалық һ, й дыбыстары пайда болады. Сонда тарихи даму барысында тс аффрикаты тһ, тш аффрикаты тй қосар дыбыстарын берген. Ғалым топтастыра келе тстһ-тш-тй сәйкестіктері түзілгенін байқайды. ТС аффрикатының құрамындағы екінші жапсары с әлісрей келе, мүлдем жоғалады. Сөйтіп, аффрикаттар құрамындағы жабысыңғы т-ның орнына жуысыңқы т қалыптасады дейді ғалым. Сонда аффрикаттардың даму схемасы былай болып шыққан:
*Т [С/Ш]
тс(ц) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _тһ
тш(ч) __________________________________тй
Екі кезеңнен кейін жаңа дәуір синхрония дәуірі келеді. Бұл дәуір қатаңдардың ұяңдануымен ерекшеленеді. Сонда солтүстік-шығыс алтай тілдерінде тһ-дһ-тс-дз аффрикат сәйкестіктері, оңтүстік-батыс алтай тілдерінде тй-дй-тш-дж аффрикат сәйкестіктері түзіледі. Оның себебін ғалым былай түсіндіреді: Адам баласының жабайы тіршіліктен өркениетті тіршілікке қадам басуы жаңа заманның басы болды. Егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет бірте-бірте өркендей бастады. Бұлардың барлығы сөздік құрамға мыңдаған сөздерді әкелді. Сандық өзгерістер сапалық өзгерістерді талап етті. Адамдардың физиологиялық, психологиялық жағынан қайта қалыптасуы, ауырдан жеңілге қарай ұмтылушылығы тілге де әсер етпей қалған жоқ. Екінші жағынан тілдің өз заңдылықтары да белсенділік танытты. Мысалы, екі дауыстының аралығындағы қатаңның ұяңдануы сөздердің көбеюіне байланысты жылдамдады. Дауыстылар мен дауыссыздардың тіл артынан тіл алдына қарай жылжу процесі де үдей түсті. Қысқасы, қатаң дауыссыздардың барлығы ұяңданды, жаңа сапалы дыбыстар пайда болды. Олар – б, д, г, ғ, ж, з ұяңдары еді.
Дамудың төртінші кезеңі, ғалымның есептеуінше, алтай дәуіріне келіп тіреледі. Аталған кезең аффрикаттардың дыбыстық құрамы түгелдей ыдырап, жалаң фонемалардың дүниеге келуімен ерекшеленеді. Аффрикаттардың толығымен ыдырауына сөз басында екі дауысты дыбыстың қатар айтылмау заңдылығы, екпін әсер етсе керек. Даулы мәселе болып келе жатқан сөз басындағы й=дж=ж=т=д=ч=ш=с=з сәйкестігі туралы ғылыми болжамдар ХХ ғасырдың соңында өз шешімін тапқанға ұқсайды. Қысқасы, й=дж=ж=т=д=ч=ш=с=з сәйкестігінің түзілуіне бірнеше аффрикат қатысқан. Сәйкестіктің арғытегін бір ғана дыбыс немесе бір ғана аффрикат деп тануға болмайды. Бұл мәселе профессор Б.Сағындықұлының еңбектерінде дұрыс шешімін тапты деп есептейміз.
Ғ.Мұсабаев Қазақ тілі тарихынан
Достарыңызбен бөлісу: |