Базистік орын тәртібі құрмалас сөйлемдердің бастапқы мағыналық- грамматикалық түрлерін ұйымдастыру қызметіне сай қалыптасқан, яғни бірінші дәрежелі коммуникативтік талаптарға қызмет етеді. Базистік орын тәртібінің бір-екі көрінісін атайық.
1. Салалас сөйлемдер екі компонентті байланыстыру үшін баяндауыш- тық форма қызмет ететін болса, сол баяндауыш қатысқан компонент бірінші позицияда орналасады.
Жаңбыр жауып еді, егін көтерілді. Шақырып еді, келмеді.
2. Егер баяндауыштар форма жағынан бірыңғай келсе, компоненттер мағыналық престижіне сай орналасады.
Дала түкті, шөбі қалың.
3. Жалғаулықты салаластар құрамында жалғаулық байланыстыратын
компонент соңғы позицияда орналасады.
Осындай істерден бос қалған және қайда барары да мәлім емес.
4. Сабақтас құрмалас сөйлемде ілгергі позицияда құрылысының ыңғайына сай бағыныңқы компонент тұрады.
Сіз көшіп келгелі, ісім оңға басты, құда (Д. Досжанов). Құнанбайдың Тәңірберді үйіндегі үлкен келіні Қаражал Қуандыққа ана болып келетіндіктен, Жарқынбек Ырғызбайларға да арқа сүйейтін (М. Әуезов).
Кірігу орын тәртібі. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы компоненттер тізіліп орналаспай, кірігетіні бар. Бұл кірігу салалас құрмаласта да, сабақтас құрмалас жүйесінде де бар. Жастықпен құлағын басып, көзі ұйқыда, көңілі ояу, көпке дейін дөңбекшумен жатты. Тиген жау, алдарында қос бар ма, жер ошақ бар ма, білмейді
Кірігудің себебі мынандай: Басыңқы компонент негізгі ақпаратты хабарлайды. Сондықтан сөйлеуші соның тақырыбын бірінші қойғысы келеді. Соны атаған соң бағыныңқы дәрежесі төмен ақпаратты айтатын компонент қатыстырылады.Осы сияқты мына салалас сөйлемнің компоненттері де дәрежесі де тең емес. Қойшы, балалары ойында, көпке шейін дөңбекшіп шықты.
Кірігуді пайдаланудың біз айтқан коммуникативтік себебі кірігетін компоненттің орнынан да байқалады. Ол көбіне басым компоненттің бас- тауышынан соң орын алады.Байғұс қара өгіз, көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып,митің-митің аяңдап келеді.
Сабақтас құрмалас сөйлем жүйесінде де кіріктіру бар. Кіріктіретін басыңқы компонент сөйлем, кірігетін - бағыныңқы компонент. Осы зорлаған үні, Бөжейлер ұзап кеткенше, басылмады. Өзің, сауатсызбын деп мүсәпірсігенің болмаса, бәрін көңілге тоқыған мықты болып шықтың-ау.
Достарыңызбен бөлісу: |