Іі тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы. Маралтай Ыбыраев«Елбасыма» бөлімі
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы.Маралтай Ыбыраев«Елбасыма» бөлімі 9-сынып
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
9.3.4.1-мәтіндердің стилін,жанрлық ерекшеліктерінсалыстырып,талдау жасау;
9.5.1.1-ортақ етістің қызметін білу,ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану;
Бағалау критерийі
Білім алушы
мәтіндердің стилін,жанрлық ерекшеліктерін салыстырады,талдау жасайды;
Тапсырма Оқылым.Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу тарихына шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасы мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілегенеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор еңбегі танылған болатын.
Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар процесс. Мәселен АҚШ-та ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпы ұлттық деңгейде аталып өтеді. Бұл мереке АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне арналған. Бұл американдықтардың ертеден тойланып келе жатқан мерекелерінің бірі. Оның тарихы 1782 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласында 1732 жылдың 22 ақпанында дүниеге келген Джордж Вашингтонның туған күнін көпшілік тұңғыш рет атап өткен болатын. АҚШ мемлекетінің бастауында тұрған, оның негізін қалаған, елдің тұңғыш мемлекет басшысы болған, елдегі демократиялық институттар мен қағидаларын қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген Джордж Вашингтонның туған күні – 22 ақпан бұл елде Президент күні ретінде аталып, 1885 жылы 22 ақпан Вашингтон күні деген атауға ие болған ұлттық мереке ретінде жарияланды. Американдықтар 1809 жылдың 12 ақпанында дүние есігін ашқан Авраам Линкольнді де қатты қадір тұтатындықтан, 1970 жылдары осы екі айтулы датаны біріктіріп, ақпан айының үшінші дүйсенбісін Президенттер күні ретінде атап өту қолға алынды. Президент Ричард Никсон дәл осы күні АҚШ-тың барлық президенттерін еске алуды ұсынды, сондықтан бұл елдің анықтамалықтарында аталмыш мереке Вашингтонның және Линкольннің туған күндері және Президенттер күні ретінде көрсетілген.