мақсаты 8.3.2.1 публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік
ерекшелігін сақтап, пікір жазу;
Бағалау критерийі . Мәтіннің тілдік ерекшелігі арқылы жанрын анықтайды . Стильі мен жанрын сақтай отырып өз пікірін жазады
Ойлау дағдыларының денгейі Қолдану, түсіну
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият оқып ат қой. ____________________________________ Достық ұлы сезім.Өйткені дос деген барлық адамға керек. «Досы көпті жау алмайды» деп бекерге айтпаған ғой.Адам қиналса да ,қуанса да жанына әрқашан досын іздейді. Досы жоқ адам қанаты жоқ құспен тең.Өзі алты ақ әріптен тұрса да мағынасы тереңде жатқан сөз.Жай айтып қоятындай мәнсіз сөз қатарына жатпайды. Достық бұл жас таңдамайды. Ол мектепте де, жұмыста да, класта да басқа жерлерде де жалғасын табады. Достықтың өзінің бірнеше түрі бар. Амал дос, адал дос,арам дос дегендей.Қайдан дос тапсаңда ескі досқа жетпейді.Жаңа досты тапсаң да ескі досты ұмытпа деген бар емес пе.Досты адам түріне, жұмысына, оқуына , киіміне, дәрежесіне қарай таңдауға болмайды.
Қиын сәтте жаныңнан табылған дос шынайы дос болып табылады.Сол достың қадірін ешқашан ұмытпау тиіс. Сен қуансаң да ,ренжісең де дос бірге жүруі керек.Ондай сәтте табылмаса ,саған ол дос ұзаққа бармасына көзің жетеді.
«Доссыз өмір –тұссыз ас» демекші досың жоқ болса өз пікіріңді кіммен талдайсың,кім саған ақыл кеңес айтады.Тұзы жоқ тағам жеуге келмейтіні секілді,өмірдің сәні де , мәні де болмайды. Достықты бағалай білген адам дос болудың жолын біледі. Адам түгілі жануар да дос болуды қалайды. Жеті қазынаның бірі итте адамның досы емес пе.Уақытша дос болатын , қазіргі заманға сай достарда табылады.Қалтаға, мансапқа қарай адамды алдай білетін достар да болады.Тек ондай достарды уақытында ажырата білуің тиіс.
(215 сөз)