ІІ ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 12 минут
Оқылым – 13 минут
Жазылым – 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі). Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмаларға сипаттама
|
Тапсырма түрлері
|
Орындалу уақыты, мин
|
Балл
|
1
|
10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі
идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру;
10.1.4.1 поэзиялық шығарманы тыңдау,
шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;
10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар
160-170 сөзден артық емес тыңдалым мәтінін (поэзиялық шығарманы) 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындауға;
мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі
ойын) негіздейтін аргументтерді, астарлы ойды анықтауға, негізгі идеяларды түсіндіруге бағытталған тапсырмаларды орындайды.
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3
|
2
|
2
|
4
|
2
|
3
|
5
|
10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай
отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен
байланысын анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын мәтін оқиды. Оқушылар
негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты
ажыратады, мәтін идеясымен
байланысын айқындайды.
|
Қысқа
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
|
12
|
5
|
6
|
10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз парағын жазу;
10.4.3.1 шығармашылық жазба
жұмыстарында көркемдегіш құралдар
мен айшықтау амалдарын тиімді
қолданып жазу;
10.4.6.1 сөйлем деңгейінде тыныс
белгілерін қолдана білу;
10.5.1.3 сан есімнің жасалу жолдарын
білу, мәтін құрауда орынды қолдану;
10.5.1.4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда
орынды қолдану;
10.5.1.5 мәтін құрауда есімше сөздерді
стильдік қызметіне сай орынды қолдану.
|
Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар берілген тақырыпта, жазба
жұмысын (баспасөз парағы) орындайды.
Мұғалім оқушының публицистикалық
стильдің жанрлық ерекшеліктеріне
сай тілдік құралдарды, көркемдегіш
құралдарды орынды қолдана алуын;
сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін
қолдана білуін; мәтін құрауда сан есімдерді, есімдіктерді, есімше сөздерді
стильдік қызметіне сай орынды
қолдануын бағалайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
15
|
10
|
7
|
10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі
(иллюстрация, фотосурет, сызба,
шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру;
10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог»,
«пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу;
10.2.2.1 ғылыми- көпшілік және
публицистикалық мәтіндерге сүйеніп,
монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету.
|
Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бірдей графиктік мәтіндер
(иллюстрация, фотосурет, сызба,
шартты белгі) ұсынылады.
Оқушылар ондағы ақпараттарды бір-
бірімен байланыстыра отырып талдап, бір-біріне 3 сұрақтан қойып, сұрақтарға
толық жауап береді. Оқушылар сұрақ
қоюда және жауапта графиктік мәтіндердегі ақпараттарға сүйену
керек. Екі оқушының балы бір-біріне
тәуелді емес (Тоқсандағы әр тарауға графиктік мәтіндер дайындалады).
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі, әр білім алушыға 2 минут уақыт беріледі.
|
5
|
Барлығы
|
30
|
Достарыңызбен бөлісу: |