Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


NО3-- нитрат ионының сапалық реакциялары



бет107/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

3-- нитрат ионының сапалық реакциялары


Нитрат-ион NO3- бір негізді азот қышқылының HNO3 анионы. Нитрат ионының сулы ерітіндісі түссіз болып келеді, гидролизге түспейді, тотықтырғыш қасиеті басым. Металдардың нитраттары суда жақсы ериді.
Кейбір аналитикалық реакциялар нитрат- және нитрит-иондарына ортақ болып табылады. Нитраттар нитрит иондарына қарағанда калий перманганатының қышқыл қатысындағы ерітіндісін түссіздендірмейді.
1. Дифениламин (C6Н5)2NH NO-3-нитрат-ионымен қанық-көк түске боялады. Нитрит-ионы да дифениламинмен осындай реакция береді. Сондықтан нитраттарды нитрит-ионы қатысында дифениламинмен анықтауға болмайды.
Тәжірибе:
Таза және құрғақ әйнекке 4-5 тамшы дифениламиннің концентрлі күкірт қышқылындағы ерітіндісін тамызыңыз. Үстіне шыны таяқшамен зерттелі-нетін ерітіндінің бір тамшысын қосыңдар да, араластырыңдар. Анион NО-3 қатысында дифениламиннің тотығуы әсерінен ерітіндіде қарқынды түрде көк түс пайда болады.
2- анионы да дифениламин ерітіндісінің тотығуы нәтижесінде ерітіндінің түсі қанық көк түске дейін өзгереді.
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) тотықтырғыштар және йодид-ионы J-күкірт қышқылымен бос J2 йодқа дейін тотығады, реакция жүруіне кедергі келтіреді;
2) нитрат ионының NO-3 ашылуына анион-тотықсыздандырғыштар SО32-S2- және т.б. кедергі етеді;
3) реакция жасау үшін зерттелінетін ерітіндіні сұйылту тиімді.
2. Металдық мыс концентрлі күкірт қышқылында нитрат ионын азот оксидіне дейін тотықсыздандырады:
2NО3- + 8Н++ 3Cu → 3Cu2+ + 4H2О + 2NO
2NO + О2(aya) → 2NO2
Тәжірибе:
2-3 тамшы нитрат ерітіндісіне бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқы-лын қосып, бір түйір металдық мыс салып қыздыру керек. Нәтижесінде азот оксиді (ақ экран) бөлінеді.
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) мыс жаңқалары тәжірибеге тазартылынып алынуы тиіс.
2) нитрит иондары қоспада болса, оларды алдын ала хлорид (NH4C1) қосып қыздыру арқылы жою керек. Нитрит иондары реакция жүруіне кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет