Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Төртінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакция-лары және олардың қоспасының анализі



бет33/124
Дата03.11.2022
өлшемі1,66 Mb.
#47331
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

8.5.1 Төртінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакция-лары және олардың қоспасының анализі

Төртінші аналитикалық топқа келесі катиондар жатады: Al3+, Cr3+, Zn2+, As3+, As5+, Sn2+, Sn4+.
Алюминий Д.И.Менделеевтың периодтық жүйесінің үшінші кіші перио-дының 3 тобында орналасқан, 2 және 8 электрондық қабаты бар. Ал басқа элементтер IV-ші үлкен периодтың қабаттарында орналасқан, олардың үшін-ші электрондық қабаттарында 8-ден 18-ге дейін электрондар бар. Хром ауыс-палы элемент. Ол IV-ші периодтың бірінші жартысында орналасқан, осы жұп қатарда орналасқан басқа катиондарға қарағанда қасиеті басқаша. Оның комплексті қосылыс түзгіш қасиеті басым. Хромның гидраттанған гидрок-сидтері қасиеті жағынан алюминийдің гидраттанған гидроксидінің қасиетіне өте ұқсас.
Мырыш IV-ші үлкен периодтың екінші жартысында орналасқан, толық 18 электрондық қабаты бар.
Электрондық құрылысы аяқталған Al3+, Zn2+ иондарының тотығу дәрежесі тұрақты, ал басқа элементтердікі ауыспалы. Реакция ортасына қарай түрлі қосылыстар түзеді, мысалы қышқылдық ортада Al3+, Zn2+ иондары түрінде жүрсе, сілтілік ортада [Al(OH)4]- және [Zn(OH)4]2- немесе , түрінде болады. Стандартты электрондық потенциалдары және тең, электрохимиялық кернеу қатарында сутегіне дейін орна-ласқандықтан қышқылдармен әрекеттескенде сутегін бөліп шығарады:

Сілтілермен әрекетескенде:

IV-ші топ катиондарының көпшілігінің тұздары гидролизге ұшырайды, мысалы:
2АlС13+ 3Na23 → Аl2(СО3)3 + 6NaCl
Аl2(СО3)3+ 3Н2О→2Аl(ОН)3↓+ 3CО2
SnСl2 + НОH → SnOHCl + HCl
SnOHCl + НОH → Sn(OH)2 + HCl
SnСl4 + 4Н2О → Sn(OH)4 + 2H2[SnCl6]
ZnCl2 + Н23 → ZnCО3 + 2HCl
2ZnCO3 + 2Н2О → (ZnOH)23↓+ H23
Na23, K23, (NH4)23 еритін карбонаттар Аl3+, Cr3+, Sn2+ және Sn4+ катиондарымен гидроксид күйінде Zn2+ катионы негіз тұз түзеді. As3+, As5+ тұнба түзбейді.
Хром қосылыстарында +2, +3, +6 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Хромның үш валентті қосылыстары амфотерлі қасиет керсетеді. Ортаның рН байла-нысты Сr3+ немесе СrO2- күйінде болады. Хромның алты валентті қосылыс-тары анион құрамына кіреді, сілтілік ортада хромат ионы – CrО42-, қышқыл-дық ортада бихромат ионы – Сr2О72- түрінде болады:
2СrO42- + 2Н+ → Сr2O72- + Н2O
Стандартты электрондық потенциалы ECr3+/Cr0=-0,9IB, қышқылдармен әрекеттескенде сутегін ығыстырып шығарады:
Сr0 + 2НС1 = СrСl2 + Н2
Zn2+ катионының қатысында хром гидроксидінің NaOH ерітіндісінің артық мөлшерінде ерімейтінін байқауға болады, өйткені хром цинкаты Cr2(ZnО2)3 (Cr2О3·3ZnO) түзіледі. Бұл құбылысты қоса тұну деп атайды.
Қалайы қосылыстарында +2 және +4 тотығу дәрежелерін көрсетеді, осыған байланысты екі түрлі оксидтер SnO, SnО2 және гидроксидтер Sn(OH)2, Sn(OH)4 түзеді. Қалайы қосылыстарында амфотерлі қасиет көрсетеді, Sn (OH)2 гидроксидінің негіздік, ал Sn(OH)4 гидроксидінің қышқылдық қасиеті басым. Осыған байланысты ортаның рН қышқылдық болса SnСl42- , SnCl62- күйінде, ал сілтілік болса SnO22-, SnO32- күйінде болады.
Екі валентті қалайы тұздары ауадағы оттектің әсерінен тотығады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет