8.3.1 Екінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары және олардың қоспасының анализі Екінші аналитикалық топ катиондарына Ag+, Pb2+ және [Hg2]2+ жатады. Бұл элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің әртүрлі топтарында орналасқан. Олардың сыртқы электрондық қабаты 18 электронмен аяқ-талады. Бұл топ катиондарының нитраттары, күміс және қорғасын ацетат-тарынан басқа барлық тұздары суда нашар ериді.
Топ реагенті - хлорсутек қышқылы. Хлоридтерінің ерігіштігі әр түрлі: Кs(AgCl) = 1,78∙10-10; Кs(Hg2Cl2) = 1,3∙10-18; Кs(РbСl2) = 1,6∙10-5. Ерігіштік көбейтіндісі мәндеріне қарағанда ерігіштігі жоғары РbСl2 тұнбасы, яғни тұз қышқылымен сандық жағынан толық тұнбаға түспейді. Барлық аналити-калық топ катиондарының анализі кезінде қорғасын ионының РbСl2 түрінде толық тұнбаға түспей қалған мөлшерін ІІІ аналитикалық топ катиондарымен бірге күкірт қышқылымен тұнбаға түсіреді.
100°С су қайнағанда РbСl2 ерігіштігі 3 есе артады, ал сол уақытта AgCl мен Hg2Cl2 ерігіштігі практика жүзінде сол күйінде қалады. Pb2+ катионының бұл қасиетін оны [Hg2]2+ және Ag+ катиондарынан айырып алуға пайдаланады.
Ag+катионының сапалық реакциялары 1. Топтық реагенті НСl–мен күміс ионы әрекеттескенде суда және сұйы-тылған қышқылда нашар еритін AgCl↓ ақ тұнбасын түзеді:
Тәжірибе: 3 тамшы күміс нитраты ерітіндісіне 1тамшы НСl ерітіндісін қосқанда AgCl ақ тұнбасы түзіледі.
Тұз қышқылының артық мөлшерінде еритін комплексті қосылыс түзіледі, сондықтан топ реагентінің белгілі бір мөлшерін ғана қосу қажет және кон-центрлі тұз қышқылын қолданбаған жөн:
+ →
AgCl тұнбасы күн сәулесінің әсерінен қараяды:
→ ↓ +
AgCl тұнбасы күшті қышқыл қалдығынан түзілген тұз болғандықтан сұйы-тылған қышқылдарда () ерімейді, бірақ және аммиак ерітінділерінде еріп, комплексті қосылыстар түзеді:
+ → + +
+ → +
+→ +
+→ +
Егер, комплексті қосылыстың құрамындағы амммиакты қышқылмен бай-ланыстырса, онда күміс хлориді қайта тұнбаға түседі:
+ → ↓ +
Егер, комплексті қосылысқа КJ әсер етсе күміс йодиді тұнбаға түседі:
+ + → ↓ + +
Бұл реакцияларды күміс ионын Hg2Cl2 тұнбасынан бөлу үшін қолданады.