Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет111/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

3. Сульфанил қышқылы H2N-C6H4-SО3H және α-нафтиламин C10H7-2 нитрит-ионымен әрекеттесіп қызыл түске боялған кезде келесі құрамдағы азо-бояғыш түзеді:
H2N-C10H6 -N=N-C6Н4-SО3H
Тәжірибе:
Бір тамшы бейтараптап немесе сірке қышқылды зерттелінетін ерітіндіге (шыны әйнекке тамызып) бір тамшы сульфанил қышқылы мен бір тамшы нафтиламинді тамызады. NО2- анионы бар болған жағдайда осы реакцияға тән қызыл түс пайда болады.
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) тотықтырғыштар нитрит-ионын NО2- тотықтыруы мүмкін, олар реакция-ға кедергі жасайды;
2) реакцияны зерттелінетін ерітінді құрамында NО2- нитрит ионының аз концентрациясында жүргізу тиімді.
2- анионын бөліп алу үшін ерітіндіге қатты аммоний хлориді NН4C1 немесе несеп қышқылын (мочевинамен) қосып қыздыру арқылы іске асыруға болады:
NH4+ + NO2- → N2 + 2Н2О
CO(NH2)2 + 2NО2- + 2Н+→ 2N2↑ + CO2↑ + 3H2О
Тәжірибе:
4-5 тамшы анықталатын ерітіндіге 5-6 тамшы аммоний хлоридін қосып, байқап қыздыру керек. Пайда болған аммоний нитриті бос азоттың бөлінуі нәтижесінде ыдырайды.
Тәжірибе:
Құрамында NО2- анионы бар төрт тамшы ерітіндіде 0,1 г мочевинаны ерітіп, пайда болған ерітіндіге 2-3 тамшы 2н күкірт қышқылын құйыңдар. Біраз уақыт ерітіндіні қойып қойыңдар, содан соң KJ калий йодидымен крахмал қатысында NО2- анионына тәжірибе жасайды. NО2- анионының қатысында NО3- анионының ашылуын тек NО2- анионын толығымен жоғарыдағы әдістер бойынша бөліп алғаннан соң жасау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет