Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


AgCl, AgBr - күміс хлоридін және бромидін еріту



бет124/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Байланысты:
ІІ. Затты сапалы рамын аны тау сапалы анализді жіктелуі

AgCl, AgBr - күміс хлоридін және бромидін еріту
Зерттелінетін затқа көп мөлшерде аммиак ерітіндісін қосып, алынған ерітіндіден Ag+ катионын анықтайды.
AgJ - күміс йодидін еріту.
Зерттелінетін затты натрий тиосульфатымен Na2S2О3 өңдеу керек:
2AgJ+ 3Na2S2О32NaJ+Nа[Ag2(S2О3)3]
Алынған ерітіндіге J- анионына тән сапалық реакциялар жүргізеді.
BaSО4, SrSО4,CaSО4 сульфаттарын еріту.
Сульфаттарды карбонаттарға ауыстыру керек, ол үшін сірке қышқылында ерітіп, алынған ерітіндіден Ва2+, Sr2+, Са2+ катиондарына тән сапалық реак-циялар жүргізеді.


Бақылау сұрақтары мен жаттығулар
1. Құрғақ зат анализін неден бастау керек?
2. Ерітінді түсті болса болса қандай иондардың болғаны?
3. Ерітіндінің ортасы бейтарап болса, онда қандай тұздар бар болғаны?
4. Ерітінді қышқылдық орта көрсеткен жағдайда қандай иондар бар деп ойлауға болады?
5. Ерітіндінің ортасы негіздік болған жағдайда қоспада қандай иондардың бар болғаны?
6. Құрғақ затты суда, одан кейін «патша шарабынада» еріткеннен кейін толық ерімесе, онда қандай иондардың болғаны?
7. Күміс галогенидтері тұнбасын қалай ерітіндіге өткізуге болады?
8. Үшінші топ катионы сульфаттарын қалай анықтау керек?
9. Қоспа суда жақсы ерісе және ерітіндіге натрий карбонатымен, барий хлоридімен, күміс нитратымен әсер еткенде тұнба түзілмесе, анықтайтын зат құрамында қандай иондардың болғаны?
10. Қоспа ерітіндісінің ортасы қышқылдық болып, сілтінің артық мөл-шерінде тұнба түзілсе және ол аммиак ерітіндісінің артық мөлшерінде еріп кеткен жағдайға байланысты не айтар едіңіз?
11. Натрий карбонаты (артық мөлшері), барий хлориді, хром(ІІІ) хлориді, никель нитраты, күміс нитраты, мыс нитраты, калий хлориді тұздарының құрғақ қоспасын суда еріткенде қандай қосылыстар тұнбаға түседі, қайсы-лары ерітіндіде болады? Анализ сызбасын құрыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет