мен әрекет болмысын шебер қиюластыратындықтаң, әр кейіпкері өзіндік даралығымен оқушы ойында есте қалатынын тұжырымдайды. Ақынның әр түрлі әлеуметтік топ өқілдерінің өздеріне тән ортақ қасиеттері меy мінез ұксастықтарын айрықша қөрсете білетіндігін атайды. Сонымен қатар ғалым зерттеуші Дулат өлеңдеріндегі психологиялык ұғымдардың нақты, әрі көрқемдік тұрғыда қолданылатынына мән береді. Яғни адам болмысы мен әрекеті арасындағы бірлікті терең ащудағы ақын тапқырлығын мысалдармен дәйектеп береді[31,87].
М.Қараев зерттеуінде: Дулат жырау қазақ әдебиетіндегі тұңғышалды реализмнің /предреализм/ классикалық сыншыл-реализмге бет түзеуінің басында тұрды [32]. Ғалым Дулат өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерге дұрыс талдау жасап, өзіне дейінгі зерттеулерде айтылған ұшқары пікірлерге сын айтады. Жыраудың сатиралық поэзиясының өзіндік ерекшелігін сөз қылады.
М.Қараев ойлары қазақ сатирасын ғылым ретінде негіздеген көрнекті ғалым Т.Қожакеевтің «Сатира негіздері» атты еңбегінде одан әрі тереңдетіле түседі. Екі жақты езгіге түскен елінің мүшкіл халі Дулаттай жыр айбарын оның себебін іздеуге мәжбүр етті. Ол сатираға, юморға бой ұрып, сыншылдық.
сықақшылдық үнін естіртті. Дулат кейіпкерлері жағымпаз болыс, сұлтандар,
діндарлар, қожа молдалар болды. «Дулат өз сатирасында тек қоғамдық дерттерді сынап қоймай, моральдық-этикалық мәселелерді де қозғаған. Ел ішіне тарап бара жатқан жат мінез, жаман қылықтарды нысанаға алған. Қазақ
сатирасына Дулаттың тағы бір қосқан үлесі-мысал өлеңдер,– дей келе ғалым Дулат сатирасын қазақ әдебиетіндегі жаңа түрдің енуінің: қоғамдық дертті суреттей, баяндай мысалдап айтудың алғашқы үлгісі екендігін атап көрсетеді[33].
Дулаттың поэзиядағы тың теңеу, соны өрнектері өзімен замандас, кейінгі толқын ізбасар ақындарға да елеулі әсер еткенін ғалым Б.Омарұлы тиянақты дәйектеп береді. Дулат ықпалының күштілігі соншалық, ол өзі өмір сүрген зар заман кезеңінде дәстүрлік жолы айқындалған айтулы тұлғаға айналды. Оның дәлелі Дулат бастап, өзге ақындар қостап жырлаған тақырып ұқсастығынан да, ой-пікір үндестігінен де, сөз саптау, ой қорыту, түйін жасау мәнерлерінен де аңғарылып тұр. Зерттеуші заман мен замана адамын жырлаудағы ортақ жайларды дәл көрсетеді. Заман кейпіндегі Дулат айтатын бағдарсыздық Шортанбай тұсында құбылмалылық сипатқа ие болады, ал Мұрат тұсында біржола азған, қырсық шалған, қиюы қашқан заман бедерленеді. Заман мен адам арасындағы көзге көрінбейтін желінің сан тарау амал-тәсілдермен өрнектеліп, үлкен мәнге ие болуы қазақ поэзиясындағы жаңа арнаның басы болды.
Яғни, Дулат өлең-жырларында өзіне дейінгі ақындарда қолданыла бермейтін, қолданылса да Дулаттағыдай ой екпінін өзіне үйіруді көздемеген біршама жаңа сипатта қолданылған сөздер бар: зерде, сана, сыр, мұрат, рух, бақ, бақыт, сыр, азат, сый, қайғы, ой, кек, қадір, қасиет, қайрат, қуат, жаһаннам, т.б. Мысалы: Ұйқы беріп қайғы алам; кеудем – ақыл сарайы;
Бекзадалық белгісі – қиянатқа баспайды деген өлең жолдарында бұл сөздер поэтикалық түрдің ұйытқысына айналып, тосын ойдың тірегі болып тұр. Бір ғана ақыл сарайытіркесінде қаншама тереңдік, жаңалық бар. Осындай елең еткізер ерекше суретті сөздер ақынның қайталанбас қолтаңбасын дәлелдей түседі.
Қолданылу өрісі аса кең болмағанмен, ақынның айтар ойына айырықша реңк дарытып тұрған дисфемизм сөздер де ұшырасып қалады. Қоғам дертін, заман өртін, адам азғындығын ашына жырлаған азулы ақын аузынан, әсіресе, сын, мысқыл, әжуа сөзбен айтылатын налыс толғауларда от жалын бүріккендей қатқыл сөздер де төгіліп кетеді. Жоғарыда айтылғандай, ездің есерлігін әшкере етіп айту үшін: есек жар, дамбалын тастап қыз кетті, сойқан төлеңгіт, нәлет келтірді, ләпсіңді тый, қу заман, сұм басшы, сұмырай, қатын, кәпір, сары орыс, аузы түкті кәпір, итше ілініп ылықты, т.б. сөздер
жұмсалады. Эмоциялық-экспрессивтік реңкі жағымсыз бұл сөздер қайнаған қанның, кеудені қысқан ащы өксіктің айғағы. Бұлар да өз дәрежесіңде образдылық тудыруға, тындаушы сезіміне түрткі жасауға мұрындық болады.
Ер деп елді бұзғышты
Сұқсыр деп сұмырай қызғьппты...
Аяғы пәле дау болып...
Қырт пен мылжың ағайын[52]...
Д.Бабатайұлының қазақ поэтикалық тілін дамытуда реформаторлық еңбегі оның шығармашылығына талдау жасаған зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысының да еңбегіңде айтылған. Әсіресе, қазақ тілінің сөздік қорында бұрыннан бар сөздерді логикалық ішкі байланыс тұрғысынан тіркестіру арқылы жаңа жол, салған сара суреткердің дара жолы ауыс мағыналы сөздерді белсенді қолданудан көрінеді. Мәселен, ол жыр арнасы, улы тіл, жырмен елді жетелеу, толқынды теңіз заман, құнсыз сөз, ой көзі, жырдан алқа тағу, әділетке шөлдеу, ар сату, сәулеттің сағымы, тоқыраған көңіл, тілі мұқалу, қалың өң, көкірегі көзді, ойын тербету, жетімдіктің арқаны, биік сана, ұйқы беріп қайғы алу, айланың түйіні, параның ыдысы, көңілдің құтысы, тура жол, т.б. толып жатқан сөздер мен сөз тіркестері – құрамындағы әр ұғымның суретгілігі, бейнелілігі ақын зердесінің кең, зергерлігінің бөлекше екенінің куәсі.
Көркем сөз дүниесіндегі жaңaлықтaрдың бірі – обрaздaр сaлaсындa. Обрaз тіл элементтері aрқылы жaсaлaды. Соны обрaз – тілдік тұлғaлaр мен тәсілдерде өзгерістер мен жaңaлықтaр әкеледі. Дулaт бұл орaйдa дa екі қырынaн көрінеді: бірі – бұрынғы қaзaқ поэзиясы қолдaнып, қaзaқ әдеби тілінде нормaғa aйнaлғaн мaтериaлды еркін және орынды пaйдaлaнғaн тұстa, екіншісі – тың, жaңa сaпaдaғы обрaздaрды ұсынғaн сәттер бар:
Біріншіден, Дулaт қaрa қылды қaқ жaру, aрғымaқ aттaй aңқылдaу, қырaн құстaй сaңқылдaу, көл қорығaн қызғыштaй, еңбегі еш, тұзы сор, бел шешпей жорту, aйдын aлa ту aлып жaуғa тию немесе ту ұстaп тұлпaр жaрaту, aузын aйғa білеу сияқты кәнігі обрaздaрды шебер пaйдaлaнaды.
Тіпті кей тaрмaқтaрдa: Толғaулы нaйзa қолғa aлып, Тұйғын құстaй толғaнып, Сaры сaдaқ aсынып, Егескен жaуды қaшырып... деп, хaлық aуыз әдебиетінің бaтырлaр жырындa қолдaнылaтын тіркестер мен орaлымдaр aрқылы сөз ойнaтaды.
Дулaт aқын қaзaқ өлең мәтініне жaңa сaпaлық өзгерістер де енгізді. Оның фрaзеология сaлaсынa енгізген екі жaңaлығы бaр. Біріншісі – жaңa перифрaстикaлық тіркестер жaсуы болсa, екіншісі – жaңa фрaзеологизмдер ұсынуы.