Файлдан оқу - жазу әрекетінің ең қарапайым тәсілі – getc және putc функцияларын қолдану.
int getc (FILE * fp) - файлға көрсеткіштен тәуелді және файлдан кезекті
литерді қайтарады.
Ал, int putc (int с, FILE * fp) – функциясы с литерін fp файлына жазады және
жазылған литерді немесе EOF мәнін қайтарады (егер қате болса).
Файлға форматтап енгізу – шығару функциялары: int fscanf ( FILE * fp, char * format,…) int frint (FILE * fp, char * format,…) Бұлар scanf және printf функциялары секілді, тек бірінші аргументтері – файлға
көрсеткіш.
Жолдарды оқып – жазуға мынадай функциялар қолданылады:
char * fgets ( char * l, int maxl, FILE * fp); int fputs ( char * w, FILE * fp) мұндағы fgets – fp файлынан келесі жолды оқып алып, w литерлер массивіне
орналастырады, көшірілген жол "о" литерімен толықтырылады.
fputs – шығару функциясы жолды файлға жазады.
Мұндағы: w – жол тұрған массив адресі;
maxl – жолдағы символдардың максимум саны;
fp – файл көрсеткіші;