Бақылау жұмысы №2 Бақылау жұмысы жолдық мәліметтерді өңдеу және ішкі программаларды
құру тақырыбын меңгергендігін тексеруге арналған.
Нұсқа І Жол берілген. Жолдағы тыныс белгілер санын есептеу.
«Қазақтелеком» телефон станциясының абоненттері туралы мәліметтер белгілі:
абоненттің аты-жөні, мекен-жайы, телефонды қондырған жылы, телефон
номері. Соңғы 5 жыл ішінде телефон қондырған абоненттердің санын анықтап,
экранға аты-жөнін және мекен-жайын шығару.
Нұсқа ІІ 1. Жол берілген. Осы жолдағы «a» әріптерін «b» әріптеріне ауыстыратын
программа жазу.
2. Әуежай кассасында төмендегідей мәліметтер белгілі: рейстің номері,
баратын жері, ұшу уақыты, ұшатын күндері (күн сайын, жұп күндері, тақ
күндері). Клавиатурадан енгізілген күні Лондон қаласына ұшатын рейстің
номері мен ұшу уақытын анықтайтын программа құру.