Ііі. Есептің программасы



Pdf көрінісі
бет92/150
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#15772
түріПрограмма
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150
Байланысты:
baibaktina program

 
Әдістемелік нұсқау: 
С/С++ тілдерінде Турбо  Паскаль тіліндегідей жолдық  тип  жоқ. Жолдар соңғы 
элементі  \0  литеры  болатын  литерлер  массиві  ретінде  ұйымдастырылады.  С 
тіліндегі литерлік массивтің ұзындығы шектелмеген.  
Жол литерлік массив түрінде сипатталады.  
Мысалы:           
char STR[20]; 
 
Жолдарды енгізу-шығару функциялары 
 
gets ( ), puts ( ), fgets ( ), fputs ( ), sprintf ( ) 
gets ( )  функциясы  литерлерді  енгізу  құрылғысынан  қабылдап,  аргумент 
ретінде  алынған  массивке  орналастырады.  Енгізуді  аяқтаған  (Enter  пернесін 
басқан)  кезде,  жаңа  жол  литері  (\n)  алынады.  gets ( )  функциясы  оны  нольдік 
литерге (\0) айналдырады. 
gets ( )  функциясын  қолданған  кезде  енгізілген  литерлер  саны  массив 
өлшемінен асып кететіндігін анықтау мүмкіндігі жоқ екендігін есте сақтаған жөн. 
puts ( )  функциясы  gets ( )  функциясының  көмегімен  енгізілген  жолды  экранға 
шығарады. Ол нольдік литерді, керісінше, жаңа жол литеріне ауыстырады. 
fgets ( )  функциясы  gets ( )  функциясына  ұқсас,  бірақ  массив  өлшеміне  сәйкес 
клавиатурадан  енгізілетін  литерлер  санын  бақылап  отыруға  мүмкіндік  береді. 
Литерлер  қандай  да  бір  файлдан  немесе  стандартты  енгізу  құрылғысынан  (stdin
оқылады. Енгізілген литерлер саны массив өлшемінен бір бірлікке аз болуы керек, 
өйткені  соңғы  позицияға  автоматты  түрде  нольдік  литер  орналасады.  fgets ( ) 
функциясымен  бірге  fputs ( )  функциясы  қолданылады.  Бұл  функция  литерлерді 
файлға немесе стандартты шығару құрылғысына (stdout) бағыттайды.  


194 
 
sprintf ( ) 
(string 
printf(), 
яғни 
printf() 
жолдық) 
функциясы 
printf() 
функциясындағыдай 
форматтау 
спецификаторлары 
қолданылады. 
Айырмашылығы  sprintf ( )  функциясы  нәтижені  экранға  емес,  берілген  массивке 
орналастырады.  Бұндай  жағдай  нәтижені,  айталық  экранға  және  принтерге 
бірнеше рет шығару кезінде тиімді болуы мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет