Ііі. Есептің программасы



Pdf көрінісі
бет100/150
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#15772
түріПрограмма
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150
Байланысты:
baibaktina program

І. Әдістемелік нұсқау: 
 
Функция  –  бұл  аяқталған  әрекетті  орындайтын  операторлар  тобы.  Олар 
программаны  жеке  блоктарға  немесе  модульдерге    бөліп,  басқаруға  мүмкіндік 
береді.  Бұл  программа  құрылымын  жеңілдетеді.    Функцияны  қолдану  үшін  оның 
қалай  жұмыс  жасайтынын  білу  міндетті  емес,  тек  қалай  шақыру  керектігін  білу 
жеткілікті.  Функция  программада  тек  бір  рет  қана  жазылып,  бірнеше  рет 
шақырылуы  мүмкін.  С/С++  тілінің  негізгі  программалық  кодын  осы  функциялар 
құрайды. Бұл тілдердегі кез келген программада  ең кемінде бір функция - main () 
функциясы  болады. Ол  программаның аяқталу кодын қайтарады.  
Әрбір  функцияның  прототипі,  яғни  алдын  ала  хабарланған  функция 
тақырыбы болуы керек. Тақырыбында функция   аты, қайтарылатын нәтиже типі, 
сонымен қатар қанша және қандай типті аргументтер берілу керектігі көрсетіледі. 
Функцияның жалпы сипатталу синтаксисі төмендегідей: 
 
нәтиже_типі  функция_аты (аргумент_типі   аргумент_аты,… ) 
{   . 
 

 
функция денесі 
 

 

 

Мұндағы:  
нәтиже_типі –функцияның қайтаратын мәнінің типі; 
функция_аты – функцияның аты; 
аргумент_типі – фукцияда қолданылатын формальді аргумент типі; 


200 
 
аргумент_аты- фукцияда қолданылатын формальді аргумент аты. 
Функция  туралы  сөз  болғанды  екі  түрлі  аргумент,  біріншісі  –  нақты  аргумент, 
екіншісі  –формальді  аргумент  туралы  айтылады.  Нақты  аргумент  функцияны 
шақырған  уақытта  беріледі,  ал  формальді  аргумент  функция  сипаттамасында 
ғана қолданылады.  
Формальді  аргументтер  әр  түрлі  типті  болуы  мүмкін:void,  char,  int,  float,  double 
және  массив.  void  типі    функцияда  формальді  аргументтер  көрсетілмеген 
уақытта қолданылады. 
Функция  нітижесінде  void,  bool,  int,  long,  float,  double  типті  айнымалылар 
қайтаруы  мүмкін.  Функция  ешқандай  мәлімет  қайтармайтын  болса,  void 
типімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет