Ііі. Есептің программасы



Pdf көрінісі
бет121/150
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#15772
түріПрограмма
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150
Байланысты:
baibaktina program

Структуралар  массиві.  Структуралар  массивін  сипаттау  структура  типті 
айнымалыны сипаттауға ұқсас. Мысалы, struct <тег> <айнымалы-массив> 


226 
 
Структураларға көрсеткіш. Көрсеткіш келесі түрде сипатталуы мүмкін:  
struct <тег> *<айнымалы> 
Бұндай  жағдайда  структуралық  айнымалының  кез-келген  элементін  мына 
әдістердің бірімен алуға болады:  
(*<айнымалы>).<элемент>    немесе    <айнымалы> –> <элемент> 
Біріктіру 
Біріктіру  структураған  ұқсас.  Жазылу  ерекшелігі:  struct  қызметші  сөзінің 
орнына union сөзі қолданылады. 
 union тег { 
   тип1 иден1; 
   тип2 иден2; 
       …     … 
   типN иденN; 
}; 
Біріктірудің  структурадан  басты  айырмашылығы  жадыны  ұйымдастыру 
тәсілінде,  яғни  біріктірудің  барлық  элементтері  жадыда  бір  байттан  басталады. 
Айталық, программада төмендегідей структура сипатталған болсын: 
struct P 
 { int i; 
   char ch; 
   long int L; 
}; 
Бұл элементтердің жадыда орналасуы келесі түрде болады: 
 
байт 
байт 
байт 
байт 
байт 
байт 
байт 

ch 

 
Структураның  жалпы  өлшемі  оның  өрістерінің  ұзындықтарының  қосындысына 
тең.  
Енді, дәл осындай біріктіруді қарастырайық: 
union P 
 { int i; 
   char ch; 
   long int L; 
}; 
Бұл элементтердің жадыда орналасуы келесі түрде болады: 
 
байт 
байт 
байт 
байт 


227 
 
ch 


 
Біріктірудің жалпы өлшемі оның ең үлкен өрісінің өлшеміне тең.  
Typedef қызметші сөзінің көмегімен бұрыннан бар  типтердің  негізінде жаңа 
тип құруға болады. Бұл программа текстін ықшамдау үшін қажет. Мысалы, 
 Typedef int butin; 
өрнегі butin сөзін int типінің синонимі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
Мысал.  
Мекеме қызметкерлері туралы мынадай мәліметтер берілген: аты-жөні, мекен-
жайы, еңбек стажы, еңбек ақысы. Қызметкердің мекен-жайы көшенің атынан, 
үйінің және пәтерінің номерінен тұрсын. 
Еңбек  стажы  10  жылдан  артық  қызметкерлердің  еңбек  ақысын  20%-ке 
арттырып, фамилиясымен қоса экранға шығаратын программа жазу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет