Есептiң қойылуы. Пәндiк облыс. Сіз ломбардта жұмыс істейсіз. Сіздің
міндетіңіз оның жұмысын қаржы жағынан бақылап отыру. Кәсіпорын қызметі келесідегідей болады: сізге әртүрлі адамдар белгілі бір заттарын залог ретінде қалдырып ақша алу мақсатында келеді. Сізге келген әр клиенттен сіз фамилиясын, атын, тегін және басқа да төлқұжаттық мәліметтерін сұрайсыз. Клиент алып келген тауардың құндылығын белгілеген соң, оның соммасын және өзіңіздің коммиссионды қаржыңызды анықтайсыз. Сонымен қатар ақшаның қайтару мерзімін анықтайсыз. Егер клиент келіссе, келісім шарт жасалып, клиентке ақша беріліп, тауар сізде қалады. Белгіленген мерзімде ақша қайтарылмаса, тауар сізде қалады.
Қатынастардың шамалы сұлбасы және атрибуттар құрамы:
Клиенттер – тауар деңгейі – ломбардқа өткізілуі
(Клиент коды, Фамилия, Аты, Тегі. Төлқұжат номері, Төлқұжат сериясы,
Төлқұжат беру күні, Тауар деңгей коды, аты, ескерту, Тауар сипаттамасы, Өткізу күні, Қайтару күні, Сомма, Комиссиондылығы).
Есеп қойылымының өрбуі
Тауарға деген меншік ауысқаннан кейін ломбард тауарды алғашындағы
бағадан қымбат не арзан қылып сатуына болады. Бағасы нарық жағдайына байланысты бірнеше рет ауысуы мүмкін. (Мысалы, ломбард иегері қыстың аяғында қысқы киімдерге жеңілдіктер жасауы мүмкін).
Қатынастардың шамалы сұлбасы және атрибуттар құрамы:
Ағымдағы бағасымен қатар, берілген тауарға деген барлық мүмкін
бағаларды сақтау керек. Осы мағлұматты ескере отырып, кесте құрылымына түзетулер енгізіп, бар сұраныстарды да өзгертеді. Жаңа сұраныстар енгізу.
«Нотариустық мекеме» мәліметтер базасы
Достарыңызбен бөлісу: |