Қиын бaлaлaр және
олармен жұмыс жасау
ОРЫН АҒАН: ҚАНАШЕВА А. ШАЙМҰРАТОВА Е.
ТЕКСЕРГЕН: МӨ
ІР ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
«Қиын балалар » ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде
пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан
қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр.
Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар
мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер
көп.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»
ҚИЫН БАЛАЛАР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?- ДЕГЕН СҰРАҚҚА БЫЛАЙ ЖАУАП БЕРСЕ ДЕ
БОЛАДЫ. ЕҢ БАСТЫ СЕБЕП ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ЖАТЫР: АТА-АНАНЫҢ
ІШІМДІККЕ САЛЫНУЫ НЕМЕСЕ ЕКЕУІНІҢ БІРЕУІ БОЛМАУЫ. ОСЫНЫҢ БӘРІ
БАЛАНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА, ІШКІ ЖАН ДҮНИЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕДІ.
КЕЙБІР ТӘРБИЕСІ, МӘДЕНИЕТІ ӨТЕ ТӨМЕН АТА-АНА БАЛАСЫН ҰРЫП-СОҒЫП,
ЖАМАН СӨЗБЕН БАЛАҒАТТАП, ТІПТІ БАЛАСЫНА ҚАЙЫР-САДАҚА СҰРАТҚЫЗАДЫ.
МҰНДА БАЛА ЕРТЕҢГІ КҮНІ КЕКШІЛ, ЖАСҚАНШАҚ, ТӨБЕЛЕСКІШ КЕЛЕДІ. СОНДА
ОНЫҢ ТАҒДЫРЫ, БОЛАШАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді.
«Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз
мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке
мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің
балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі
керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің
қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие — бұл бақытты қарттығымыз,
бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел
алдындағы кінәміз
»
ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДІ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫ
МЕН ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар
мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың
басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен
дамитынын ескере отырып
«қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің әсері көп.
БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ОТБАСЫНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕР ЕТУ ЖАҚТАРЫН СӨЗ
ЕТКЕНДЕ, ОНЫ ҮШ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ.
Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі,
алайда өз көзқарасына сай тәрбиелейді.
Екінші топ — өз балаларына өнегелі тәрбие
бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек
екенінін білмейді. Мұндайлар ата-
аналардың
басым
көпшілігі.
Олар
білмегендіктен балаларына кері әсер етуі
мүмкін.
Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің
жолдарын білмейді, білгісі де келмейді,
педагогтерге қарсы тұратын төмендегі
әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп
болмағанымен,
Достарыңызбен бөлісу: |