Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


Еуразиялық  эмиссиялық  орталық  құрып,  Еуразиялық  жалпыұлттық  есеп



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Еуразиялық 
эмиссиялық  орталық  құрып,  Еуразиялық  жалпыұлттық  есеп 
айырысу  бірлігінің  (ЕЖЕАБ)  жұмыс  істей  бастауы  үшін  біртіндеп 
жағдай жасай беру керек. еуразиялық экономикалық комиссияның 
шеңберінде бірыңғай есеп айырысу бірлігін енгізу мәселелерін әзірлеу 
жөнінде шағын комиссия құру да маңызды сияқты көрінеді.
өз эмитенттерінің (еурАзэҚ елдері мен шыҰ) айрықша құрамына 
қарай мұндай бірлік бір мезгілде еуро аймағына да, сондай-ақ басқа 
өңірлік  валюта  аймақтарына  да  табиғи  түрде  етене  үйлесіп,  жаңа 
жаһандық  қаржы  инфрақұрылымын  түзуге  жағдай  жасаған  болар 
еді.  Ұлттық  және  өңірлік  мүдделерді  дұрыс  ескерген  жағдайда 
еуразиялық өңірдің айрықша орналасуы болашақта еЖеАБ негізінде 
жалпыконтиненттік валюта жасауға бірегей мүмкіндік туғыза алады.
сондықтан  дүниежүзілік  қауымдастық  жетекшілерінің  өңірлік-
континенттік  орталықтарды  қалыптастырумен  бірге  дүниежүзілік 
резервтік  жаңа  валютаның  ақаусыз  жүйесін  құру  жөнінде  жұмыс 
жүргізуіне толық негіздері бар.
дүниежүзілік  қауымдастықтың  жаңа  сапасына  жету  жолы  оңай 
бола қоймайды.
Ал біз, осы жолға аяқ баса отырып, жаһандық жаңа валюта-қаржы 
құрылысын жасаудың кезеңдерін саралап алуымыз керек.
Жер шарының негізгі өңірлерінде жалпыұлттық электрондық есеп 
айырысу-төлем бірліктерінің пайда болуы дүниежүзілік жаңа валюта-
қаржы құрылымын дәйекті түрде құрудың бірінші кезеңі бола алады. 
Бұл  бірліктер  өңірлік  есеп  айырысу-төлем  одақтарының  күшімен 
айналымға қосылады.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
63
келесі, 
екінші  кезең 

  жалпыұлттық  валюталардың  өңірлік 
орталықтары арасындағы өзара қарым-қатынасты үйлестіру.
Үшінші  кезең 

  өңірлік  эмиссиялық  орталықтардың  тікелей 
қатысуымен дүниежүзілік жалпыұлттық электрондық есеп айырысу-
төлем бірлігін тұжырымдап, енгізу.
Ақыры, 
төртінші кезең 

 өзінің айрықша дүниежүзілік эмиссиялық 
орталығы  немесе  дүниежүзілік  орталық  банкі  бар  жаңа  тұрпатты 
бірыңғай дүниежүзілік резерв валютасын енгізу.
ЮнктАд  сарапшылары  2009  жылы-ақ  БҰҰ-ға  мүше  елдерге 
жаһандық  ауқымдағы  қаржы  саясатын  бағыттап,  дүниежүзілік 
валютаны айналысқа шығарып отыратын әлемдік орталық банк құру 
туралы ұсыныс жасаған болатын.
сөйтіп,  дүниежүзілік  қауымдастықтың  саяси  ерік-жігері  мен 
мақұлдауы болып, дүниежүзілік жаңа валютаны жасау барысында, 
біріншіден, қазіргі валюта-қаржы жүйесі реформаланады, екіншіден, 
жаһандық  қаржы  саласында  нағыз  инновациялық  дүмпу  жүріп, 
валюталық-қаржылық жаңа құрылым жасау жүзеге асады. 
 2010-шы жылдар үшін БҰҰ-ға арналған
 дағдарысқа қарсы басымдықтар
ХХі  ғасырдың  басында  жаһандық  экономика  елеулі  өзгерістерге 
ұшырады. өткен жүзжылдықтың соңына қарай дүние, ең алдымен, 
дүниежүзілік  экономикалық  қатынастарда  үстемдік  алып  келген 
Батыстың 
индустриялық  дәуірден  постиндустриялық  және 
ақпараттық  қоғамға  өтуіне  байланысты  алақайы  алтау  болып 
жатты.
дағдарыс  экономикалық  дамудың  барысына  өзгертулер  енгізді. 
экономиканы  ақпараттандыру  ресурстарға  деген  сұранысты  күрт 
кемітіп, олардың бағасын арзандатады деген тұжырым қате болып 
шықты.

64
G
 - GL
OBAL
иә, шынында да, материал үнемдеудің қуатты толқыны ресурстарға 
деген  сұранысты  біріздендірді.  германияның  жолдарындағы 
автомобильдер  бүгінде  өздерінің  жалпы  саны  қаншалықты  өссе, 
бензинді соншалықты аз пайдаланады.
сондықтан  өздерін  постиндустриялық,  демек,  шексіз  қуатты 
санайтын  қоғамдар  сервис  секторына  бейіл  беріп,  индустриялық 
базаны дамытудың болашағын мансұқ ете бастады.
нақ осы көзқарас бүгінде постиндустриялық дүниедегі дағдарыстың 
басты себебі ретінде қарастырылады.
ХХі  ғасырдың  екінші  онжылдығына  қарай  жаңа  жаһандық  пішін 
үйлесімі  қалыптасты  да  «үш  дүние»  соның  ішінде  өмір  сүріп,  өзара 
бәсекеге түсуде. 
«Бірінші  дүние» 

  АҚш-тың  және  индустриялық  даму  жолы-
нан  ауытқыған  көптеген  еуропалық  елдердің  «алға  ұзаған»  пост-
индустриялық  экономикаларын  қамтитын  жаһандық  экономиканың 
бір полюсі. оларға тән сипаттар 

 ұлттық өңдеуші өнеркәсіптің іЖө-
дегі үлесінің аздығы (10-13% шамасында), ұзаққа созылған бюджет 
тапшылығы, шамадан тыс өсіп кеткен қаржы секторы және сыртқы 
саудадағы тұрақты теріс сальдо.
«Екінші дүние» 

 шикізат бағасының күрт өсуіне байланысты тура 
мағынасында жоқтан бар болған бытыраңқы елдер шоғырын қамтитын 
басқа  полюс.  мұнда  сауд  Арабиясы,  катар,  БАӘ,  Венесуэла,  иран 
және басқалар бар.
Бұл  топтың  айрықша  сипаттары  -  шикізат  секторының  іЖө-дегі 
тым  жоғары,  75%-дан  аса  үлесі,  бюджет  шығындарының  шикізат 
табысына  тура  пропорционалды  ұлғаюы,  технологиялар  мен 
инвестицияларды дамыту мәселесіндегі сыртқа қатты тәуелділік.
осы  полюстердің  арасында 
«үшінші  дүние»  жатыр.  Бұлар 

 
индустриялық  әлеуетін  сақтап  қалған  елдер  (германия,  Ресей, 
Жапония)  мен  индустрияландырудың  жаңа  орталықтары  (оңтүстік 
корея, Қытай, малайзия, таиланд, Бразилия, мексика).

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
65
Бұларда  өңдеуші  өнеркәсіптің  үлесі  іЖө-нің  ширегінен  45%-
на  дейін  жетеді,  сыртқы  серіктестермен  саудада  тұрақты  сальдо 
байқалады, бюджет тапшылығының проблемасы жоқ немесе шамалы 
ғана. 
Қазір  76  триллион  долларға  тең  дүниежүзілік  жалпы  өнімнің  20 
триллионы «бірінші дүниенің», 5 триллионы 

 «екінші», 26 триллионы 
«үшінші дүниенің» үлесінде.
ХХі  ғасырдың  бастамасы 
индустриялық  жетекшіліктің  жалпы 
балансы дамушы дүние жағына шапшаң ойысып бара жатқанын 
айқын көрсетті.
2000 жылы дүниежүзілік өндірістің 75%-ы дамыған елдерге, 27%-ы 
дамушы елдерге тиесілі болды.
тек  2010-2011  жылдарда  ғана  дүниежүзілік  өнеркәсіп  өніміндегі 
АҚш-тың  үлесі  19,2%-дан  18%-ға,  Жапонияда  11-ден  10,2%-ға 
дейін кеміп кетті.
Ал бұл мезгілде 
БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, үндістан, Қытай 
және  оАР)  дүниежүзілік  өнеркәсіп  өндірісіндегі  өздерінің  жиынтық 
үлесін
 46%-ға дейін ұлғайтты. енді олар еңбек өнімділігін арттыру 
мен құрылымдық экономикалық реформалардың күрделі жолынан 
өтулері керек.
Жаһандық аренаға
 қарқынды индустрияланушы елдердің жаңа 
тобы  МИСТ  (мексика,  индонезия,  оңтүстік  корея  және  түркия) 
шығып  келе  жатыр.  Қазірдің  өзінде  бұл  елдердің  әрқайсысына 
жаһандық іЖө-нің бір пайызынан артығы келеді.
Бангладеш, нигерия, мысыр, пәкістан, Филиппин, Вьетнам, иран 
секілді  халық  тығыз  орналасқан  елдердің  экономикалық  әлеуеті 
шұғыл өсіп келеді.
мен  көз  жетер  болашақта  дамыған  елдер  индустриялық 
жетекшілігінен  ақыр-тақыр  айрылады  дейтін  болжам  айтудан 
аулақпын. керек десеңіз, олар өздерінің жас өркен бақталастарының 
алдында халықтың жан басына шаққандағы қосылған  құн мөлшерінің 

66
G
 - GL
OBAL
өңдеуші  өнеркәсіптегі  көрсеткіші  бойынша  күшті  бәсекелестік 
артықшылықтарын сақтап қалып отыр.
мәселен, АҚш-та өңдеуші өнеркәсіптің іЖө-дегі жалпы үлесі 15% 
бола тұрып, 1,71 триллион доллардың қосылған құны жасалады. Ал 
бұл бүкіл дүниежүзілік өңдеудің 20%-на жуық.
Бұл көрсеткіш бойынша БРикс тобындағы елдер АҚш-тан 11-15 
есе, Жапониядан 16 есе кенже қалған.
Әлемдік  жетекші  консалтингтік  агенттіктердің  бірі 

  BCG-нің  пікірі 
бойынша,  шамамен  2015  жылға  қарай  АҚш-та  және  жаһандық 
экономиканың батысеуропалық сегментінде 
индустриялық жандану 
болады  деп  күтілуде.  Бұл  жанғыш  тақтатас  газын  пайдалануға 
көшетін энергияның күрт арзандауы есебінен болуы мүмкін. 2011 жылы 
оның  өндірісі,  мәселен,  Ресейде  өндірілген  688  миллиард  текшеметр 
табиғи газдың жанында 684 миллиард текшеметрге жетті.
Батыстағы  қайталама  индустрияландыру  толқынында  жаңа, 
үшінші  индустриялық  революцияның  негізгі  оқиғалары  мен 
шарықтауы жүзеге асып, ол өндірістің үшөлшемді технологияларын 
және басқа да инновацияларды енгізеді. 
мен  келтірген  осы  фактілер  дүниежүзілік  экономиканың  дамуы 
қаншалықты күрделі болғалы отырғанын көрсетеді.
Жаһандық  экономикалық   дағдарыс - дүниежүзілік шаруашылықтың 
құрылымын  өзгертетін,  ғаламдық  экономикалық  орталықтардың 
рөлі мен ықпалын басқаша бөлетін 
өзгерістердің жаршысы.
сондықтан  жаһандық  экономикалық  реформалау  мәселелері 
барлық елдерге қатысты.
дүние  тұрақсыздық  пен  әлемдік  дағдарыс  толқынын  күту 
жағдайында 
уақытты шығындамауы керек.
дағдарысқа  қарсы  реттеудің,  ал  содан  соң  қазіргі  дүниежүзілік 
валютадан  жаңа  валютаға  көшудің  де  мәселелерін  барлық  аса  ірі 
саяси және экономикалық органдардың, саммиттер мен бейбітшілік 
форумдарының күн тәртібіне айналдыру қажет.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
67
дүниені экономикалық түрлендіру жөніндегі ғаламат жұмыс, менің 
ойымша, 
БҰҰ  қанатының  астында  жүргізілуі  тиіс.  экономикалық 
үдерістердің  жаһандану  деңгейінің  өсуі 
БҰҰ  қызметіндегі 
экономикалық  құрамдастардың  тұрпатын  ауыстыру  қажеттігін 
мәжбүрлеуде.
Валюта 
және 
сауда-экономикалық 
реттеу 
саласындағы 
дүниежүзілік  құрылымдар  жұмысының  басты  мәні  дүниежүзілік 
дағдарыстарды болжау мен олардың себептерін жою болуға тиіс.
Бұл  мәселедегі  кешеуілдеу  жаһандық  дағдарыстың  қуатты  жаңа 
тегеурінімен, өңірлік және дүниежүзілік тұрақсыздықтың серпінімен 
қайтып оралады.
өзінің  дағдарысқа  қарсы  жоспарын  ойдағыдай  іске  асырған 
Қазақстан өз серіктестерімен және одақтастарымен бірге дағдарысқа 
қарсы саясатты үйлестіру жөніндегі ең биік деңгейдегі
 халықаралық 
форумдарды нақтылы өткізуге қатысуға әзір.
Біз 
Дағдарысқа  қарсы  дүниежүзілік  конференция  өткізу  жө-
нінде бастама көтердік және оны 
2013 жылғы мамырда Астанада 
өткізуді жоспарлап отырмыз. оған дүниенің барлық елдері қатысып, 
Біріккен Ұлттар Ұйымының дағдарысқа қарсы жоспары болатын 
дүниежүзілік реформалар жоспарының жобасын әзірлей алады.
Бұл  бастаманы  көтере  отырып,  біз  дүниежүзілік  экономиканы 
дағдарыстан  кейін  қалпына  келтіру  дәйексіз  сипатта  екенін  және 
қаржы  рыноктарының  тұрақсыздығы  жағдайында  өтіп  жатқанын 
ескердік.  2008-2009  жылдардағы  жаһандық  экономикалық 
дағдарыстың шығуына себепші болған дүниежүзілік валюта-қаржы 
жүйесінің күрделі ақаулары жойылған жоқ.
Ал  жүйелі  кемшіліктердің  болуы  дүниежүзілік  валюта-қаржы 
жүйесінің ауқымды және түбегейлі реформаларын тез арада жүзеге 
асыруды талап етеді.
Қалай болғанда да, 
дүние жаңа қаржылық-валюталық жүйеге 
қарай бара жатыр, ал онда бірнеше валюта дүниежүзілік деңгейде 

68
G
 - GL
OBAL
резервтік  валютаның  рөлін  атқаратын  болады.  еуропаның  валюта 
жүйесінің құрылуы, оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінің Чиангмай 
бастамасы,  парсы  шығанағы  елдерінің  бастамалары,  БРикс 
елдерінің жергілікті валютада несиелік желілер құру жөніндегі Бас 
келісімге қол қоюы осы үрдісті растайды.
дағдарысқа  қарсы  жоспарлау,  тұрақсыздық  пен  ықтимал 
құлдырауды еңсеру, жаңа қаржылық өзара қарым-қатынасқа көшу 
ХХі  ғасырдың  екінші  онжылдығының  ғаламат  трендіне  айналып 
келеді.
дағдарыстың  алғашқы  толқыны  кезеңінде  дағдарысқа  қарсы 
бағдарламалар,  әдетте,  ұлттық  деңгейде,  жекелеген  елдер 
деңгейінде жасалды. Бірақ бұл бүгін жеткіліксіз. еуропалық одақтың 
тәжірибесі  неғұрлым  биік  деңгейге  көтерілу  қажет  екенін  көрсетіп 
отыр.
Біріншіден,  Дағдарысқа  қарсы  өңірлік  бағдарламалар  жасау 
қажет.
Екіншіден,  бірлесе  күш-жігер  жұмсап,  БҰҰ-ның  Дағдарысқа 
қарсы жоспарын әзірлеу керек.
БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы жоспары тұрақсыз және ақаулы ескі 
валютаны  жаңа  жүйеге  конверсиялаудың  өзекті  технологияларын, 
транзиттік  валюталардың  өңірлік  эмиссиялық  орталықтарын  құру 
мен  дамытудың  желісін  ұсынуы  тиіс.  БҰҰ-ның  дағдарысқа  қарсы 
жоспары мемлекеттерге қаржылық жүйелерді тұрақтандыру жөнінде 
көмек көрсетудің нақтылы шараларын көздесе дұрыс болар еді.
Атап айтқанда, дағдарыстық құбылыстарға жол бермеу мақсатында 
мемлекеттік  қарызды,  мемлекеттің  активтері  мен  міндеттемелерін 
басқару;  қаржы  тұрақтылығы  және  қаржы  секторын  реттеу, 
дүниежүзілік жаңа валютаның жұмыс істеу тетігін жасау сияқты осы 
заманғы өзекті қаржы проблемаларының шешімін табу қажет.
мұндай  жобалар  дүниежүзілік  саяси  және  ғылыми  қоғамдас-
тықтың пікірлерін ескере отырып әзірленуі және  G-GLOBAL алаң-

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
69
шаларында, Астана және басқа да экономикалық форумдар мен 
халықаралық ұйымдарда талқылануы тиіс.
осыған  байланысты  Астана  экономикалық  форумының  негізгі 
ұйымдастырушысы 

 еуразиялық экономикалық клуб 
дүниежүзілік 
жаңа қаржы құрылымының және бірыңғай дүниежүзілік валютаның 
үлгісін жасады.
дағдарысқа  қарсы  өңірлік  және  ұлттық  жоспарларды  жасай 
отырып, ео, еурАзэҚ және шыҰ елдері БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы 
жаһандық жоспарын ынтагерлікпен ұсынып, ілгері жылжытқандары 
жөн болар еді.
нақ осы 
ЕО, ЕурАзЭҚ және ШЫҰ сияқты үлкен үшемнің беделді 
түрде  әрі  жауапкершілікпен  талқылап,  жаһандық  тұрақсыздықты 
еңсеру жөніндегі шешімдерін ұстанатын реті бар.
дағдарысқа  қарсы  жаһандық  жоспарының  негізінде  Біріккен 
Ұлттар ұйымы 
Үшінші мыңжылдықтың Кезекті тәртібін дәлелдеу 
жөніндегі жұмысты бастай алады.
БҰҰ-ның  дағдарысқа  қарсы  жоспары  дағдарысты  еңсеру  мен 
дағдарыстан  кейінгі  даму  жолындағы  жаһандық  практикалық 
навигатор ретінде қажет. ол дүниежүзілік өзара қарым-қатынастар 
мен  нақты  экономиканың  барлық  субъектілеріне 

  елдерге, 
корпорацияларға,  фирмаларға,  халықаралық  ұйымдарға  және  т.б. 
қажет. 
Валюта-қаржы  қатынастары 

  жаһандық  экономиканың  аса 
маңызды  қыры.  Алайда  біз  тек  қана  дүниежүзілік  валютаның 
проблемаларымен  шектеліп  қалмауымыз  керек.  дүниежүзілік 
экономиканы  сауықтырудың  жүйелік  көзқарасы  жаһандық 
экономикалық саясаттың 
үш негізге сүйенгенін қалайды:
біріншіден, ол 

 
пәрменді макроэкономикалық басқару жүйесі;
екіншіден, 
шикізат рыноктарынан бастап қаржы рыноктарына 
дейінгілердің бәрін жаһандық реттеу;
үшіншіден, 
пәрменді валюта-қаржы жүйесі.

70
G
 - GL
OBAL
осы  міндеттерді  іске  асырғанда  ғана  жаһандық  экономикалық 
дамудың тұрақтылығы туралы айтуға болады.
Бірінші бағыт үшін маңыздысы 

 пайда болған кереғарлықтарды 
айқындаудың  «лакмус»  аспабы  бола  алатындай  ұлттық  экономи-
калардың  жай-күйін  бағалайтын 
әмбебап  индикаторлардың 
Жаһандық тізбесін жасау.
екінші  бағыт  бойынша  бүгін  дүниежүзілік  рыноктарды  реттеу 
жүйесін жасау туралы көп айтылады, бірақ үйлестірілген шешім әлі 
дайын болған жоқ. Биржалық тауарлардың, әсіресе, қуат ресурстары 
мен  шикізаттың  бағасын,  сондай-ақ  азық-түлік  тауарларының 
рыноктарындағы  бағаны  басқару  халықаралық  үйлестіруді  қажет 
етеді.
Қаржы рыноктарын жаһандық басқаруға келгенде туынды бағалы 
қағаздар рыногына ерекше назар аудару керек.
соңғы  дағдарыс  алдында  деривативтер  рыногының  айналымы 
күллі  планетамыздың 
жиынтық  ІЖӨ-сінен  8  есе  көп  болғаны 
бәріміздің есімізде.
Және,  ақырында, 
дүниежүзілік  жаңа  резервтік  валюта  жасау 
әмбеге  түсінікті,  айқын  жаһандық  валюта-қаржы  жүйесін  құруға 
мүмкіндік береді. елдердің резервтері неғұрлым дәйекті бола түседі.
тұтастай  алғанда,  жаһандық  экономикалық  басқарудың 
пәрменді  тетігін  барлық  құрылымдар  мен  қатысушылардың  айқын 
құқықтарымен  және  жауапкершілік  нормаларымен,  дүниежүзілік 
пәрменді  резервтік  валютамен,  жалдаптық  капиталға  қойылған 
қатаң бақылаумен қамтамасыз ету керек.
сондықтан да 2011 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 
66-шы  сессиясында  сөйлеген  сөзімде  мен  дүниежүзілік  қауым-
дастықты 
Жаһандық реттеу туралы келісімді әзірлеуді кідіртпей 
қолға алуға шақырдым.
Бұл келісімнің қорытындысы халықаралық экономикалық саясат-
тың өзекті элементтерін келісудің нақты құралы болады.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
71
2012  жылғы  24  мамырда  Ақордада  нобель  лауреатымен  болған 
әңгіме  барысында  дүниедегі  жағдайды  жүйелі  негізде  мұқият 
қадағалап,  дүниежүзілік  экономикадағы  проблемаларды  шешу 
жөнінде  сапалы  ұсыныстар  әзірлеп  отыру  үшін  тұрақты  жұмыс 
істейтін орган құру қажеттігі туралы мәселе көтерілді.
Атап  айтқанда,  Роберт  манделл 
Астана  экономикалық 
форумының  хатшылығын  құруды  ұсынып,  ол  2013  жылы 
дағдарысқа  қарсы  дүниежүзілік  конференция  өткізуді  әзірлеу 
жөніндегі жұмысшы орган болар еді дегенді айтты.
мен мұндай ұсыныспен келістім.
Жаһандық  экономикалық  тұрақсыздық  жағдайында 
Біріккен 
Ұлттар Ұйымының рөлі мен маңызы арта түсуде.
Әмбебап  халықаралық  ұйым  ретінде  БҰҰ  дүниежүзілік 
экономикалық және әлеуметтік мәселелерге барған сайын көбірек 
назар аударып келеді.
Бұл  БҰҰ  Бас  Ассамблеясында,  мыңжылдық  саммитінде,  2005 
жылғы дүниежүзілік саммитте, даму мақсатындағы ынтымақтастық 
бойынша  форумдарда,  БҰҰ-ның  сауда  мен  даму  жөніндегі 
конференцияларында  қабылданған  құжаттардың  өзегінен  арна 
тартады.
Қазіргі  жағдайда  жаһандық  экономиканың  жүйелік  мәселелері 
мен олар бойынша қабылданатын шешімдер мейлінше келелі сипат 
алып  отыр.  Әсіресе,  халықаралық  қаржы  құрылымын  реформалау 
жөніндегі  ұжымдық  күш-жігер  аса  маңызды.  дүниежүзілік  валюта-
қаржы  жүйесінің  жай-күйі  жаһандық  қауіпсіздіктің  аса  маңызды 
факторына айналып келеді.
дүниежүзілік экономика мен қаржының тұрақсыздығы ғаламдық 
дүниенің дәйекті дамуына кедергі келтіруде.
сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы осы кедергіні бейтараптап, сол 
арқылы адамзаттың дәйекті түрде дамуына жол ашу үшін не қажеттің 
бәрін істеуі керек.

72
G
 - GL
OBAL
ХХі  ғасырдың  екінші  онжылдығының  өрісінде  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  әлеуетін 
мынадай  ғаламдық  міндеттерді  шешуге 
бағыттау маңызды:
- БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы жоспарын жасап, іске асыру;
- Жаһандық реттеу Келісімін жасап, бекіту;
- БҰҰ-ның Халықаралық экономикалық комиссиясы мен эко-
номика жөніндегі 
кеңесін құру;
- дүниежүзілік жаңа қаржы жүйесінің құрылымы мен жұмыс іс-
теу тетігін тұжырымдау;
- дүниежүзілік валюта туралы келісімшартты бекіту;
- Дүниежүзілік Орталық банкті құру.
БҰҰ  тұғырнамасындағы  осынау  аса  маңызды  міндеттерді    
G-GLOBAL 
пішімінде  шешу  әрбір  елдің  және  халықаралық 
қауымдастықтың  даму  мен  әл-ауқаттың  жаңа  деңгейіне  шығуына 
мүмкіндік беретініне біз сенімдіміз.
Еуразиялық кеңістіктегі макроөңірлік үдерістер
Жаһанданумен  бірге 
өңірлену  де  ХХі  ғасырдың  басты 
халықаралық  үрдісі  болып  отыр.  егемен  ұлттық  мемлекеттер, 
халықаралық  қатынастардың  іргелі  субъектілері  бола  отырып, 
ерікті негізде қуатты интеграциялық бірлестіктер құрады.
өңірленудің  дүниежүзілік  үрдісі  макроөңірлік  экономикалық 
интеграция  үрдістерінен  көрінеді.  Бұл  үрдістер  Жер  шарының 
барлық континенттерінде, соның ішінде еуразиялық континентте 
де жүріп жатыр. нақ осы 
үлкен өңірлердің деңгейінде елдердің 
неғұрлым тұрақты әрі қорғалған бірлестіктері қалыптасады.
ХХі  ғасырда  елдердің  күш-жігерін,  ресурстары  мен  мүмкін-
діктерін  біріктіру  ғана  айтарлықтай  ұзақ  мерзімді  үлес-пайда 
беретініне мен сенімдімін.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
73
Адамзат  экономикалық  интеграцияның  белгілі  бір  тәжірибесін 
жинақтады.  Бүгінде  дүниедегі  елдердің  басым  көпшілігі 
Еуроодақ, 
НАФТА, МЕРСОКУР, Африка одағы, АСЕАН, АТЭС, ЕурАзЭҚ және 
басқа да алуан түрлі интеграциялық бірлестіктерге қатысады. 
еуропалық одақ жуық арадағы жылдарда өзіне Хорватияның, ал 
одан  арғы  болашақта  сербияның,  Черногорияның  және  басқа  да 
елдердің қосылуы есебінен қатарын одан әрі кеңейте түспекші.
түркия да бірталайдан бері еуропалық одақтың табалдырығында 
тұр.  шығыс  Азияда  Қытайдың  және  АсеАн  елдерінің  қатысуымен 
бірден екі миллиард тұтынушыны қамтитын планетадағы аса ірі еркін 
сауда  аймағы  құрылып  жатыр.  парсы  шығанағының  өңірі  қаржы-
экономикалық  тұрғыдан  өздігінен  құрылуда.  оңтүстік  Америка 
елдерінің интеграциясы нығайып келеді.
интеграция 

 
дәуірдің  келелі  талабы.  ол 

  осы  заманғы  және 
болашақтағы  дүниенің  басқа  өңірлік  бірлестіктерімен  өзара 
тығыз  ықпалдасып,  тиімді  бәсеке  жүргізетін  жемісті  макроөңірлік 
экономикалық жүйе құрудың пәрменді құралы.
мұндағы принципті нәрсе 

 экономикалық интеграция үдерістері 
өзіндік  бір  дара  мақсат  емес,  олар  интеграцияға  қатысушы 
мемлекеттердің  ілгерінді  ұлттық  мүдделеріне  сәйкесіп,  ұлттық 
экономикалар мен қауіпсіздікті нығайтуды, халықтардың әл-ауқатын 
көтеруді  қамтамасыз  етуі,  ұлттық  мәдениеттер  мен  дәстүрлерді 
сақтауға және дамытуға жағдай жасауы тиіс.
түптеп  келгенде  интеграцияның  экономикалық  пайдасы  бүкіл 
қоғамға ортақ болуы керек.
тек сонда ғана интеграциялық үдерістерді қоғам, тұтас ұлт қол-
дайтын болады. тек сонда ғана олар берік және баянды болмақшы.
Әрбір  ел  өз  өңірінің  ерекшеліктері  мен  жаһандық  үдерістерді 
ескере отырып,  G-GLOBAL әлемінен өз орнын таба білуі керек.
Қазақстан жаңа дәуірдің жол айырығында қалған көптеген елдерге 
үлгі бола алады.

74

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет