Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


G  - GL OBAL 1994  жылғы  наурызда  Ұлыбританияға  ресми  сапарымның



жүктеу 2.65 Mb.
Pdf просмотр
бет7/19
Дата30.03.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

G
 - GL
OBAL
1994  жылғы  наурызда  Ұлыбританияға  ресми  сапарымның 
кезінде «Chathman House» деп аталатын әйгілі король халықаралық 
қатынастар  институтында  сөз  сөйлеуге  шақыру  алғаным  есіме 
түседі. 
мен  кеңестіктен  кейінгі  кеңістіктің  дамуы  екі  түрлі  үрдіспен: 
бір  жағынан,  ұлттық  мемлекеттіліктің  қалыптасуымен,  ал  екінші 
жағынан, 

  өңірлік  интеграцияның  қажеттігімен  айқындалатынын 
атап көрсеттім.
нақ  сонда,  лондонда  мен 
Еуразиядағы  өңірлік  интеграция 
туралы өз түсінігімді халықаралық қауымдастыққа тұңғыш рет 
баяндап,  болашақ  өңірлік  бірлестіктің  Еуразиялық  одақ  дейтін 
атының өзін тұжырымдап бердім.
онда,  1994  жылдың  бастауында  менің  тура  мағынасындағы 
геосаяси «тыңмен» жүруіме тура келген-ді.
Әрі мен геосаясатта әбден әккіленген ағылшын  жұртшылығының 
өзімді риясыз ынтамен тыңдағанын да әлі ұмытқан жоқпын.
мен  Қазақстанның  еуразиялық  құрлықтың  тура  жүрек  тұсына 
орналасқан бірегей мемлекет екенін, онда еуропалық және азиялық 
тамырлар  қойындасып  жататынын  айттым.  түрлі  халықтардың 
өкілдері алуандықтың бірлігін құрайды, ал әр түрлі мәдениеттер мен 
дәстүрлердің үйлесімі еуропалық және азиялық мәдениеттердің ең 
үздік жетістіктерін бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді дедім.
сондай-ақ  мен  республикамыздың  ғаламат  ерекшелігіне  қарай 
біз  бір  мезгілде  әрі  еуропалық,  әрі  азиялық  өңірлік  халықаралық 
ұйымдардың  мүшелері  саналатынымызды  да  сол  жолы  атап 
көрсеттім. Біз өзіміздің геосаяси орналасуымыздың мәнін түсінеміз, 
керек  десеңіз,  қауіпсіздікті  нығайту  жөніндегі  халықаралық  күш-
жігер орталықтарының бірі болуға әзірміз.
Осының  бәрін  мен  Кедендік  одақтың  құрылуы  мен 
Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  етуінен  он  бес  жыл  бұрын 
айтқанымды атап көрсету керек.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
75
мұны қазір еске алып отырғаным 

 
сол кездің өзінде-ақ біз дұрыс 
жолды таңдағанбыз демекпін. 
сонда,  1994  жылдың  наурызында,  лондоннан  кейін  бір  аптадан 
соң-ақ мені тағы бір жол, енді мәскеуге сапар күтіп тұрған еді. 
29  наурызда,  президент  Б.  ельцинмен  болған  толымды  ресми 
келіссөздерден кейін мен м. В. ломоносов атындағы мәскеу мем-
лекеттік  университетінің  профессорларымен  және  студенттерімен 
кездесуге  бардым.  Бұл  өзі  достық  ахуалы  жөнінен  өте  бір  есте 
қалатындай кездесу болды.
мен  өз  сөзімде  біз,  ксР  одағы  ыдырағаннан  соң  пайда  болған 
тәуелсіз мемлекеттер, ХХі ғасырға бірге кіруіміз керек дедім.
мен  ұлттық  мемлекеттердің  және  тәуелсіз  мемлекеттер  достас-
тығының  болашағына,  өзім  еуразиялық  одақ  деп  атаған  өңірлік 
жаңа бірлестікке деген көзқарасымды баяндап бердім. Бұл қайдағы 
бір  еуроазиаттық  емес,  нақ  еуразиялық  одақ  болуы  керегін  баса 
көрсеттім. 1994 жылғы менің көзқарасым осындай болатын, ол күні 
бүгінге дейін бұлжымастан келеді.
еуразиялық өзара ықпалдастық идеясы тіпті де 
реинтеграциялық 
емес.  өткенге  қайта  оралу  жоқ  және  болмайды  да.  еуразиялық 
интеграция  үдерісіне  қосылған  барлық  мемлекеттердің  бірмәнді 
ұстанымы осындай.
менің  бұл  идеяны  мму-дің  академиялық  жұртшылығы  алдында 
жариялауым кездейсоқ емес.
сөзімді  барша  достастықтың  зиялы  қауымына  тікелей  арнауым 
көпжақты  интеграция  үдерісін  тмд  құрылған  соң  екі  жылдан 
кейін-ақ  киліккен  есеңгіреу  жағдайынан  алып  шығуға  деген  берік 
тәуекелімнің белгісі еді.
мен тмд уақыттың объективтік талаптарына жауап бере алмайтынын  
және оған қатысушы елдерді біздің халықтарымыз өте-мөте ділгер 
болып  отырған  интеграциямен  қамтамасыз  ете  алмайтынын  ашық 
айттым.  сондықтан  неғұрлым  айқын  принциптермен  әрекет  ететін 

76
G
 - GL
OBAL
жаңа, өзінің рухы бойынша еуразиялық сипаттағы мемлекетаралық 
бірлестік құрудың қажеттігі пісіп-жетілді.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы эмигранттардың ортасында 
пайда  болған  «еуразияшылдық  мектебінің»  жолын  қуушылардың 
баршасынан ілгері кеткен аса көрнекті ойшыл л. н. гумилёвтің ой-
пікірлері маған қашан да қатты ұнайтын. ол 
Еуразия халықтарының 
географиялық  және  мәдени-тарихи  байланыстарының  бірлігін 
тұжырымдамалық  дәрежеде  негіздеп  берді.  менің  бастамам 
бойынша  Астанада  құрылған  еуразиялық  Ұлттық  университет  осы 
ғалымның есімімен аталады. 
ХХ және ХХі ғасырлар тоғысындағы  нақтылы тарихи жағдайларға 
қарай  қалыптасқан  менің  еуразияшылдыққа  деген  көзқарасым 
мынадай қағидаттарға негізделген болатын. 
Біріншіден,  мәдени  және  өркениеттік  факторлардың  маңызын 
мансұқтамастан,  мен 
интеграцияны  ең  алдымен,  экономикалық 
прагматизм негізінде құруды ұсындым.
интеграциялық үдерістердің басты қозғаушысы  
– 
 дерексіз геосаяси 
идеялар  мен  ұрандар  емес,  экономикалық  мүдделер.  сондықтан 
болашақ  еуразиялық  одақтың  түпнегізі  біздің  халықтарымыздың 
бірлескен және жемісті дамуының ауқымды қамту аумағы ретіндегі 
ортақ экономикалық кеңістік болмақшы.
Екіншіден, мен ұдайы интеграцияның еріктілігін жақтап келдім 
және  жақтаймын  да.  ХХі  ғасырда  тиімді  интеграция  тек  зорлық-
зомбылықсыз, ерікті болуы мүмкін. 
Әрбір  мемлекет  пен  қоғам  жаһанданушы  дүниеде  ұдайы  жеке 
ерекшелігіне  масаттанып,  өзінің  томаға-тұйығында  қала  берудің 
ешқандай  мәні  жоқ  екенін  түсінуге  өз  беттерінше  жетулері  керек. 
Қатысушы  мемлекет  пен  оның  халқының  жете  түйсінген  ұлттық 
мүддесі ретіндегі интеграция 

 гүлденудің лайықты жолы міне осы.
сондықтан  кез  келген  мемлекеттің  еуразиялық  интеграциялық 
үдеріске  еріктілік  пен  жаңа  мүмкіндіктерді  айқын  түсіну  арқылы 
қатысуынан басқа ешқандай нәрсеге жол берілмеуі тиіс.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
77
Үшіншіден, мен еуразиялық одақты әуелден-ақ мемлекеттердің 
теңдік,  бір-бірінің  ішкі  ісіне  араласпаушылық,  егемендікті 
құрметтеу мен мемлекеттік шекараларға тиіспеушілік принцип-
теріне негізделген бірлестігі ретінде елестеттім.
еуразиялық  интеграцияға  қатысушы  мемлекеттер  өзара 
қарым-қатынастарынан  экономикалық,  саяси,  ақпараттық  және 
басқа  қысым  көрсетудің  кез  келген  формаларын  үзілді-кесілді 
мансұқтаулары керек екені айдан анық.
Төртіншіден,  мен  Еуразиялық  одақтың  мейлінше  пәтуалы 
негізде және ұлттық парламенттердің міндетті түрде бекітуін қажет 
ететін  мемлекетаралық  келісімдер  белгілеген 
айқын  құзыреттері 
шеңберінде  әрекет  жасайтын 
жалпыұлттық  органдарын  құруды 
ұсындым.
Қатысушы  әрбір  елдің  мүддесін  ескеретін  мұндай  көзқарас 
саяси егемендікті мансұқтауды әсте де білдірмейді. Бұл 

 аксиома. 
интеграция бойынша серіктестердің теңдігін негізге алған 
Еуропалық 
одақты құрудың жемісті тәжірибесі нақ осындай болатын.
мму студенттері мен профессорлары мені қолдады. мен көптеген 
сұрақтарға жауап бердім.
міне,  өстіп,  1994  жылғы  наурызда  лондон  мен  мәскеуде 
жаңа 
идеяның 

 Еуразиялық одақ идеясының өмірі басталды.
90-шы жылдардағы сол дәуірді қазіргі дәуірмен салыстыра отырып, 
ксРо ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттердің ынтымақтасу, 
өзара әрекеттесу және жақындасу үдерісін еуразиялық интеграция 
деп атау 
бүгінде дағдылы нәрсеге айналды.
талдаушылар  мен  сарапшылар  бұл  ұғымды  кеңінен  қолданатын 
болды және маңыздысы, ол тмд кеңістігінде болсын, дүние жүзінде 
болсын саяси элита сөз қорының ажырағысыз бөлігіне айналды.
енді  қазір 
Еуразиялық  одақты  қалыптастыру  идеясы 
ешқандай  жатырқаушылық  сезімін  туғызбайды  және 
ешкімді 
таңдандырмайды. керек десеңіз, ол туралы ең мәртебелі деңгейде 
де нақты интеграциялық жоба ретінде сөз болып жатады.

78
G
 - GL
OBAL
1994  жылы  өңірлік  өзара  әрекеттестік  пен  мемлекеттердің 
еуразиялық одағын құрудың күллі қырлары тмд мемлекеттерінің 
барлық  басшыларына  жіберілген 
менің  ұсыныстарымның 
пакетінде егжей-тегжейлі баяндалып, баспасөзде жарияланды.
мен  әрі  кеңестіктен  кейінгі  елдердің  бәрінің  дерлік  жұртшы-
лығынан  өзімнің  еуразиялық  бастамамды  оңынан  бағалаған 
көптеген лебіздер алдым. Бірақ саясаткерлер оны
 көрнекі түрде 
талқылауға  әзір  болмай  шықты.  90-шы  жылдардың  шындығы 
сондай болатын.
Бәлкім,  ол  заңды  да  болған  шығар.  сол  кездегі  тмд  елдерінің 
басшылары  көптен  аңсаған  тәуелсіздікке  масаттана  жүріп, 
еуразиялық  идеяның  ұзақ  мерзімдік  әлеуетіне  көз  жеткізе  де 
алмаған болар.
Алайда  басқаны  да  айту  керек:  түптеп  келгенде 
Еуразиялық 
бастама  тмд  кеңістігіндегі  интеграциялық  үдерістің  шеп 
бұзушысына айналды.
одан  кейінгі  жылдарда  ол  бірталай  жемісті  мемлекетаралық 
құрылымдарды 

  Ұжымдық  қауіпсіздік  туралы  шарттың  Ұйымын, 
еуразиялық экономикалық қауымдастықты, кеден одағын, Бірыңғай 
экономикалық кеңістікті құруда кезең-кезеңімен жүзеге асты.
ХХі ғасырда өңірлену тренді 
басым бола түседі.
Қазірдің өзінде-ақ еуразиялық континент 
дүниежүзілік өнімнің 
жартысынан  астамын  өндіреді.  мұнда  дүние  халқының  үштен 
екісі  тұрады.  Алдағы  онжылдықтарда  континенттің  мәнділігі  тек 
арта берері айдан анық.
сонымен  бірге,  еуразиялық  кеңістіктегі  интеграциялық  үдеріс-
тер  негізінен  жеке-дара,  кейде  бір-бірімен  бәсекелес  өңірлік 
одақтарға  шоғырланатыны  бар.  Бұл  еуропа  мен  Азияның  өзара 
ықпалдастығының әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.
орта  мерзімдік  және  ұзақ  мерзімдік  болашаққа 

  2030  жылға 
дейінгі  өңірлік,  континенттік  және  жаһандық  үдерістерді  жаңаша, 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
79
тұжырымдамалық  түйсіну  қажеттігі  нақ  осы  жағдайлармен 
байланысты.
егер 1990-шы жылдардың бастауында еуразиялық өңірдегі нақты 
саясатта бөлшектену үдерісі белең алған болса, ХХі ғасырдың екінші 
онжылдығының бастауында жағдай түбегейлі өзгерді.
Жаһандық  экономикалық  проблемалар 
ұлттық  мемлекеттердің 
тұрақты  дамуы  тақырыбын,  демек 

 
ұлттық  экономикалардың 
пәрменді  экономикалық  интеграциясы  тақырыбын  да  бірінші 
кезекке  шығарды.  Әр  ел  жеке  алғанда  ғаламдық  бәсекеге  шыдас 
беріп, жаңа экономикалық күйзелістерсіз ілгері дамуын кепілдендіруге 
қабілеті жете бермейтініне жаһандық дағдарыс жағдайында анық көз 
жетті.  сөйтіп,  бұл  жағдай  еуразиялық  континенттегі  интеграциялық 
үдерістердің тағы бір факторына айналды.
макроөңірлік интеграцияның мақсаты 

 
ұлттық, континенттік және 
жаһандық  құрылымның  тұрақтылығы,  ұлттық  мемлекеттердің 
ілгерінді  дамуына,  олардың  бәсекеге  қабілеттілігін  елеулі  түрде 
арттыруға жағдай жасау.
Еуразиялық  интеграция 

  ХХі  ғасырда  мемлекеттердің  нақты 
егемендігін  нығайтып,  экономикалық  және  саяси  мүмкіндіктерін 
кеңейтетін 
қуатты ресурс.
1994 жылы ұсынылған еуразиялық жоба дәйектілікпен және кезең-
кезеңімен 
нақты кеңістікке көшірілумен болды. уақыт еуразиялық 
одақ идеясының өміршеңдігі мен өтімділігін көрсетті. ол тек дәлелдеуді 
қажет етпейтін жалаң пікір болып қоймай, іс жүзінде нақты бейнесін 
тапты.
2000  жылғы  қазанда  Астанада 
Еуразиялық  экономикалық 
қауымдастық  (ЕурАзЭҚ)  құрылды.  Қазір  ол 

  дүниежүзілік  қоғам-
дастық  таныған  халықаралық  ұйым,  құрамына  тұрақты  мүшелері 
ретінде 6 мемлекет және бақылаушы мәртебесінде 3 мемлекет кіреді.
еурАзэҚ-тың құрылуы оған қатысушы елдердің алдынан кең өріс 
ашты. Қазір 180 млн. адам тұратын еурАзэҚ 

 еркін сауда аймағы. 

80
G
 - GL
OBAL
Әрі 2011 жылы тмд-ға қатысушы мемлекеттердің бәрі еркін сауда 
аймағы туралы шартқа қол қойғаннан кейін ол елеулі түрде кеңейе 
түсті.
өткен  жылдар  ішінде  еурАзэҚ  шеңберінде 
интеграциялық 
үдерістің әртүрлі өлшемдері бойынша тетіктердің тармақтанған 
құрылымы  қалыптасты.  Әрі  олар  тек  мемлекетаралық  деңгейде 
ғана  емес,  сонымен  бірге  бизнесмендердің,  ғылым,  білім  және 
мәдениет  қайраткерлерінің,  ғылыми-өндірістік  бірлестіктердің, 
жастардың бастамасымен төменнен де құрылады. 
Жаһандық  қаржы-экономикалық  дағдарысты  ескергенде, 
Еура-
зиялық даму банкі мен Дағдарысқа қарсы қордың құрылуы дер 
уақытындағы шара болды.
Бүгінде  бұл  бірқатар  еурАзэҚ  елдеріндегі  нақты  экономикалық 
жобаларды қаржыландырып қана қоймай, жедел жәрдем жасауға, 
мәселен,  дүниежүзілік  дағдарыстың  салдарын  қатты  сезінген 
белорус экономикасына көмектесуге мүмкіндік беріп отыр.
еуразиялық  медиа-форум,  еуразиялық  телевизия  және  радио 
ассоциациясы,  еуразиялық  университеттер  ассоциациясы  көрнекі 
жұмыс  атқаруда.  еуразиялық  кино  және  театр  фестивальдары, 
әртүрлі  конференциялар,  жастар  форумдары  дәстүрге  айналып 
келеді. Бүгінде менің бастамаммен құрылған еуразиялық ғалымдар 
клубы, Халықаралық жоғары технологиялар орталығы біліми және 
ғылыми кеңістікті интеграциялаудың көкжиегін кеңейте түсуде.
Басқаша  айтқанда,  біздің  қоғамдарымыздың  терең  қатпарларын 
түгел  жайлаған  көпқырлы  кірігу  үдерісі  жүріп  жатыр.  еуразиялық 
интеграциялық идеяның өміршең күшінің көрінісі осы емес пе?
Бүгінде біздің халықтарымыз мәдени, діни және тілдік әралуандығы 
бар,  бірақ  жемісті  экономикалық  өзара  ықпалдастық  пен  ізгі 
көршілікке  дейтін  құлшынысы  ортақ, 
қалыптасып  келе  жатқан 
еуразиялық  ұқсастықтың  бөлігі  екенін  барған  сайын  айқын 
сезінуде.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
81
Біздің бәріміз өткендегі бірлесіп өмір сүрудің бай тәжірибесіне ғана 
емес,  болашақтың  бөлінбес  тарихына  ие  болып  отырған 
ұлттардың 
бірегей  еуразиялық  жаңа  қоғамдастығы  пайда  болуының 
куәгерлеріміз.
2010 жылдың күзінде мен ресейлік жас журналистердің бір тобымен 
кездестім.  Біздің  әңгімеміз  ойламаған  жерден  олардың  көптеген 
жылдардан  бері  тұңғыш  рет  шекарадағы  жан  төзгісіз  кедендік 
бақылаудан  өтпей-ақ  Қазақстанға  келгендері  үшін  маған  алғыс 
айтуымен басталды.
мен олардың мұндай сөздерді міндетті түрде Ресей басшыларына да 

 2007 жылы біздің елдеріміз бен Беларусьтің қатысуы арқылы үшжақты 
кеден одағын құру туралы шартқа қол қойған Владимир  путинге де 
және осы интеграциялық жобаның түбегейлі шындыққа айналуы үшін 
жеке өзі көп күш жұмсаған дмитрий медведевке де арнауы керектігін 
айттым.
2012  жылғы  қазанда  Қазақстан  мен  Ресей 
дипломатиялық 
қатынастары орнауының 20 жылдығын салтанатпен атап өтті.
менің  мәскеуге  жұмыс  бабындағы  сапарыма  арналған  бұл 
мерейтойды  біздің  елдеріміз 
стратегиялық  серіктестер,  ең  жақын 
одақтастар мен достар ретінде қарсы алды.
екі  ел  президенттерінің  қамқоршылығымен  2012  жылғы  19 
қыркүйекте  павлодарда  өткен 
Қазақстан  мен  Ресей  өңіраралық 
ынтымақтастығы ІХ Форумының қорытындылары біздің елдеріміздің 
ынтымақтастығы  мен  өзара  әрекеттестігі  биік  деңгейде  екендігін 
жарқын түрде бейнелейді.
екіжақты қатынастардың мұндай алаңының мысалдарын 
ТМД-дан 
да, өзге дүниеден де таба алмайсыз.
2003  жылдан  бастап  жыл  сайынғы  пішімде,  Қазақстан  мен 
Ресейдің  шекара  маңындағы  қалаларының  бірінде  алма-кезек, 
екі  елдің  мемлекет  басшылары  мен  үкімет  мүшелері  ғана  емес, 
сонымен  бірге  қазақстандық  және  ресейлік  өңірлердің,  бизнес-

82
G
 - GL
OBAL
топтарының басшылары мен қалың жұртшылық өкілдері де кездесіп 
тұрады.
Бұл  екі  арада  Форумның 
географиясы  қарқындап  кеңейді. 
Бүгінде 
Қазақстанның  барлық  өңірлері  дерлік  және  Ресей 
Федерациясының 
80 субъектісі кең ауқымды өзара тиімді өңіраралық 
байланыстармен қамтылған.
Бұрын  болып  өткен  қазақстан-ресей  өңіраралық  форумдардың 
әрқайсының күн тәртібіне шекара маңындағы сауданы және өткінші 
көлік әлеуетін дамыту, ортақ шекараның қауіпсіздігі, энергетика мен 
жоғары технологиялар аясындағы ынтымақтастық, екі елдің төтенше 
жағдайларға бірлесіп жауап қайтарудағы өзара әрекеттестігі сияқты 
келелі мәселелер қойылды.
іХ павлодар форумында Қазақстан мен Ресейдің 
инновациялық 
ынтымақтастығы  мен  өндірістік  кооперациясының  тақырыбы 
талқыланды.
іскерлік  топтар  кездесулерінің  шеңберінде 
30  шақты  келісімге 
қол қойылды, соның ішінде жалпы сомасы 
2 миллиард доллардай 
болатын нақты жобалар бар.
өңіраралық  форумға  орайластырылған  халықаралық  көрмеге 
173  компания  қатысты,  олардың  75-і  қазақстандық  және  98-і 
ресейлік компаниялар болды.
мұның  бәрі 

  біздің  елдеріміздің  тату  көршілігі  мен  ынтымақтас-
тығының 
серпінділігін,  өзара  сенім  тереңдігін,  іскерлік  шабыты 
мен аса кең өрісті болашағын паш еткен осы заманғы қазақстан-
ресей қатынастарының
 бір-ақ күнінің нәтижесі.
Қазақстан мен Ресейдің жемісті қатынастарының екі онжылдығы 
біздің халықтарымыздың мүддесі үшін олардың сенімді және дәйекті 
дамуының 
берік негізін салып берді.
Қазақстан  мен  Ресей  өз  тарихтарында  тұңғыш  рет  өзара 
әрекеттестігін тарихи өткенінің ортақтығымен ғана емес, 
күллі еура-
зиялық  өңір  мен  дүниенің  бүгінгі  және  болашақтағы  дамуына 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
83
көзқарастарының  да  ұқсастығымен  біріккен  көршілес  тәуелсіз 
мемлекеттер, БҰҰ-ның толық құқықты мүшелері ретінде түзді.
ксРо-ның  ыдырауынан  кейін  мемлекетаралық  меже  бөлісудің 
барлық  мәселелері  дерлік  сындарлы  негізде,  бір-бірінің  ұлттық 
мүдделері ескеріле отырып 
шешілді.
тұтастай алғанда, қазақстан-ресей қатынастары тек тмд елдері  
үшін 
тартымды үлгі болып қана қоймай, ХХі ғасырда мемлекеттер 
арасындағы екіжақты қатынастар қалай дамуы керектігінің көрнекі 
мысалы болды.
екіжақты  қатынастардың 
480  шарт  пен  келісімнен  тұратын 
қомақты құқықтық негізі жасалды.
1992  жылғы  25  мамырдағы 
Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы 
достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарт келесі 
онжылдық мерзімге екі рет автоматты түрде ұзартылды.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шарт жасалып, 
оны демаркациялау бойынша берекелі жұмыс жүргізілді.
1998 жылы қол қойылып,
 ХХІ ғасырға бағдарланған Мәңгі достық 
пен одақтастық туралы тарихи декларация нақты іске асты.
2012  жылдың  қазанындағы  мәскеуге  жұмыс  бабымен  барған 
сапарымның барысында В. В. путин екеуміз 
Тату көршілік пен одақ-
тастық туралы Қазақстан-Ресей базалық жаңа шартын әзірлеуді 
бастау жайында уағдаластық.
Қазақстан  мен  Ресейдің  екі  жақты  өзара  әрекеттестігі  мен 
ынтымақтастығы 
Бірлескен іс-әрекеттердің екіжылдық Жоспар-
лары негізінде дамып келеді.
2007 жылдан бастап осындай екі жоспар іске асырылды және 2012 
жылы 2011-2012 жылдарға арналған Жоспарды орындау аяқталды. 
Қазір екі елдің сарапшылары келесі жылдар Жоспарының жобасын 
әзірлеуде.
Қазақстан-Ресей қатынастары бағыттардың кең кешені бойынша 
ойдағыдай әртараптандырылды. ол іс жүзінде ынтымақтастықтың 

84
G
 - GL
OBAL
сауда-экономикалық,  өңіраралық,  саяси,  әскери-техникалық  және 
т.б. барлық салаларын қамтиды.
2011 жылдың қорытындылары бойынша 
өзара тауар айналымының 
көлемі 24 млрд. доллар болды. шамамен он жыл бұрын еларалық 
сауда небәрі 4,7 млрд. доллар деңгейінде болып еді.
Қазақстан-Ресей бірлескен 1700 кәсіпорындары ойдағыдай жұмыс 
істеп келеді.
екі  елдің  келісімдері  мен  уағдаластықтарының  іске  асуын 
бақылайтын екіжақты 
Үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.
экономикалық  ынтымақтастық  аясында  каспийдің  мұнай 
байлығын бірлесіп игеру, 
Каспий құбыр жүргізу консорциумының 
қуатын  жылына  67  млн.  тоннаға  дейін  ұлғайту,  2015  жылдан 
бастап Қарашығанақ газ кен орнын игеру, Каспий маңы құбыр 
жүргізу құрылысы  бойынша елеулі қадамдар жасалды.
Электр  қуатының  ортақ  рыногын  қалыптастыру  жөніндегі 
бірлескен іс-әрекеттердің Жоспары іске асырылуда. уран өндіру 
жөніндегі бірлескен 
3 қазақстан-ресей кәсіпорны құрылып, жұмыс 
істеуде.
Бейбіт  мақсатта  ядролық  қуат  өндірудің  бірыңғай  циклын 
қалыптастыру, ядролық энергетика саласында бірлескен компания 
құру жөнінде жұмыс атқарылуда. 
Жақын  арада 
біздің  экономикаларымыздың  бірлескен 
технологиялық дүмпуін қамтамасыз етуге тиісті құрылым ретіндегі 
қазақстан-ресей нанотехнологиялар қоры құрылды.
Біз  ғарыш  саласындағы,  соның  ішінде 
«Бәйтерек»  бірлескен 
ұшыру  кешенін,  «KAZSAT»  байланыс  спутниктерінің  сериясын 
жасау,  ГЛОНАСС  жүйесін  бірлесіп  пайдалану  және  басқалар 
жөніндегі ынтымақтастығымызды дамытып келеміз.
Қазақстан ынтымақтастықтың жаңа алаңын 

 
Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет