Иірімжіп иіру жүйесі



Дата21.10.2023
өлшемі16,86 Kb.
#120213
түріҚұрамы
Байланысты:
Рефарат


Иірімжіп иіру жүйесі
Мақтаны иіру кезінде иірімжіп кардты,тарақты және аппаратты иіру жүйесі арқылы алады. Талшықтан белгілі бір иірімжіп алу үшін машиналар мен технологиялық процестердің үйлесімділігі иіру жүйесі деп аталады.
Иіру жүйесі.Талшық массасынан иірім жіп алу үшін талшық бірнеше операцияда өңделуі керек. Иіру фабрикасына талшық пресcтелген күйде түседі. Алғашқы өңдеу зауытында алдын-ала өңдеуден соң оны қоқым-қоқыспен шаңнан тазартады. Бірақ та оның құрамында өте майда қоқым мен қысқа талшықтар және жеке талшықтар шатасқан түрде өзара байланысқан. Сондықтан иіру операцияларының негізгі тапсырмасы келесідей: тазарту, қопсыту, талшықтарды араластыру, содан соң параллельдеу мақсатында тарау, тегістеу және біртіндеп жіңішкертілген өнім құрау (жайғақ, таспа және созба), яғни параллельденген таспаны ширату арқылы керекті иірімжіп алу.
Өңдеудің бірінші өтуінде мақтаны қопсытады, араластырады және тазартады. Ол үшін тайдағы талшық массасы қоректендіруші тор арқылы қопсыту агрегатына беріледі. Қоқым-қоқыстар колосникті тор арқылы қоқыс камерасына түседі де, қопсытылған талшық массасы пневматикалық немесе механикалық қоректендіргіш арқылы келесі қопсыту-түту агрегатына беріледі.
Келесі тарау машинасында өтетін операция тарау процесі деп аталады. Машинаға талшық жайғақ немесе қопсытылған масса ретінде беріледі. Тарау машинасындағы талшық аралы тістердің және біліктердің әсеріне ұшырайды. Нәтижесінде мақта жұлымы жеке талшықтарға ажыратылады, сонымен қатар қоқым-қоқыстан тазартылады. Тараудан соң параллельденген талшықтан таспа түзіледі. Ол диаметрі 1-3 см ұзын қопсытылған жартылай фабрикат. Таспаның өзі қалыңдығы бойынша тегіссіз.
Содан соң талшық пен таспаны тегістеу үшін бірнеше таспаны қабаттастырып орналастырады. Нәтижесінде таспаның жіңішке жеріне жуан жері жабылып, таспаның қалыңдығы біртегіс болады. Содан соң таспа созылады, ол бір-біріне сығымдалған цилиндр көмегімен жүзеге асады (созу жұптары).
Келесі өтудің мақсаты – жіпті дайындауға лайықты өлшемдерге дейін таспаны созу. Бұл операция созбалау машинасында, созу жабдығының көмегімен жүзеге асады. Созбалау өнімі созба деп аталады. Бұл минимальді беріктік беруге арналған әлсіз ширатуға ұшырайтын жіңішке таспа.
Иірімжіп дайындаудың соңғы операциясы иіру машиналарында жүзеге
асады. Мұнда өнім созба–иірім жіп қалыңдығына дейін созылады, ширатылады және жіңішке берік иірім жіп алынады. Иіру процесі ұршықты сақиналы иіру машиналарында немесе ұршықсыз пневмомеханикалық машиналарда жүзеге асады.
Сипатталған иіру өндірісіндегі процесс кардты - деп аталады. Бұл жүйе бойынша мақта иірім жібінің көп бөлігі өңделеді. 17-кестеде өңдеу кезеңдері, технологиялық процесс, жабдықтар, яғни мақтаны кардты иіру жүйемен өңдеу көрсетілген. Кең таралымға ие болған кардты жүйеде иіру (15 а - суретте), сол арқылы орташа талшықты мақтадан 15,4-тен 84 текске дейінгі сызықтық тығыздықтағы иірімжіп шығарылады. Одан шыт, бөз, трикотажды бұйымдар алынады.
Кардтық жүйе шеңберінде меланждық иіру жүзеге асады,онда алдын ала боялған мақта өңделеді. «Меланж» сөзін француз тілінен аударғанда — қоспа дегенді білдіреді. Меланж иірімжібін өндіру үшін толық пісіпжетілген талшықты қолданады (шамамен пісіпжетілген талшықтың қабырғасының жуандығы ұлғайады, бұл бояауды соруы жақсарады) және беріктігі жоғарылатады (себебі бояғанда талшықтың беріктігінің бір бөлігін жоғалады).Мелажды иірмжіптен костюмді, плащты және джинсилі маталарды шығарады.
Тарақпен – тарау жүйесінде иіру (15 б-суретте) тарақты деп аталады және жіңішке талшықты мақтадан (5,0–18,5 текс) аз сызықтық тығыздықтағы иірімжіпті дайындау үшін, немесе ортаталшықты мақтадан – орташа сызықтық тығыздығы (11,5-20 текс) беріктілігі бойынша жоғары талабтағы иірімжіп қолданылады.
Таралмалы иірімжіп өзіндік құны жоғары, өйткені жіңішек талшықты қымбат мақтаны қолданғандықтан, сонымен қатар өте ұзын шынжырлы жабдықтар мен аз пайыздағы қалдықтарды шығарумен ерекшеленеді. Таралған иірімжіп тазалығымен, біркелкілігімен, беріктілігімен ерекшелене отырып, тігін өндірісінде жіптеріді, жұқа маталар (батис, маркизета, мадаполама және т.б.) үшін қолданылады.
Тарақты жүйе бойынша беріктігі жоғары, орта және аз сызықтық тығыздықты иірім жіп өңделеді. Бұндай иірім жіп алу үшін процеске қосымша тарақты тарау өтуі қосылады. Бұл өтуде талшық тарақпен (тарақты тарау) таралады, нәтижесінде өнімнен қысқа талшықтар таралып алынып тасталынады. Тарақты тарау машинасынан шығатын таспа ұзын, тегіс, жақсы тегістелген талшықтан тұрады, сол себепті иірім жіп жоғары сапалы болады. Тарау процесінде ұзын талшықтарды жоғалтпауы үшін, машинаға түсетін өнім тегіс болуы керек. Сондықтан кардты тарау машинасындағы таспалар қосымша дайындау операциясынан: жайғаққа біріктіру 16 немесе 20 таспа бойынша және жайғақты созу (жіңішкерту) өтеді.Тарақты тарау жүйесі 18-кестеде көрсетілгендей өңдеу реттілігінен тұрады
Бірінші сатыдағы таспалы машинаның алынған сызықтық тығыздығы бойынша және екінші сатыдағы ықтимал созба бойынша формула арқылы бірінші сатыдағы таспаның сызықтық тығыздығын есептейді.
Таспалы машинаның бірінші сатысында созбаны таңдай отырып, ұқсас әдіспен тарақтық таспаның сызықтық тығыздығын анықтайды. Тарау машинасында созбаны анықтай отырып, жайғақтық сызықтық тығыздығын табады немесе таратушыдағы тарақтық машиналардың жайғақсыз қоректенуді қарастырады.
Талшық және иірімжіп қасиеттерінің өзара байланысы
Мемілекет стандарттарын қанағаттандырушы сызықтық тығыздық 11,8 текс болған кендір жіптің үлгісі а-сұрыптарының 1-қоспасынынан иіруге болатынын профессор А.Н.Соловьев формуласынан пайдаланбайда қабылдау мүмкін.
Бірдей сұрыптаманың 2-қоспасынан жіп иіргенде жіптің берілген беріктігі мысалда келтірілген 133 селекцияның I және II талшық сорттары , А.А. Синицин формуласына байланысты есептелген орташа көрсеткіштерінен пайдаланып,жіптің берілген беріктігі А.Н. Соловьев формуласын пайдаланып есептеледі.
В.А.Усенко болса дәл сол көрсеткіштерді штапельді вискоза талшығынан иірілген иірімжіптер үшін формулаларды жасады. Сондай-ақ химиялық талшықтардың таза өзінен немесе мақта талшықтары мен қоспасынан иірген иірімжіптердің ұзлудегі берілген беріктігін есептеу формуласын А.Н. Ванчиков ұсынды.
А.Н. Ванчков формуласын қолданудан алдын,созушаңдығы аз болған мақта немесе вискоз талшықтарынан иірлген иірімжіптердің ұзілудегі берілген беріктігі А.Н. Соловьев немесе В.А.Усенконың формуласынан пайдаланып есептеледі, аз созылмалы талшықтың беріктігі иірілген иірімжіптің беріктігінен иірілген иірімжіптің беріктігін қаншалықты әрекеттесу коэффициентін анықтайды.
Ең сонғы сұрып енгізілген жақсы созылғыш талшықтардың созылғандағы сызықтық тығыздығын есепке алушы А.Н. Ванчиковтың формуласы көмегінде,жоғарда анықталған коэффициенттің бірліктеріне түзетулер енгізілді.
Мақта талшығының бір және бірнеше сортынан иірілген иірімжіптің берілген беріктігі А.Н. Соловьевтың келесі формуласынан пайдыланып есептеледі:
(2.1)
Мұндағы:- жеке иірімжіптің ұзілудегі берілген беріктік,сН/текс;
Рт- талшық және талшықтардың бірнеше сорттарын қоспасынан орташа беріктігі,сН;
Тт- талшық және талшықтардың бірнеше сорттарын қоспасынан орташа сызықтық тығыздығы,текс;
Тжіп-жіптің сызықтық тығыздығы,текс;
Но-жіптің салыстырмалы тегіссіздігі,технологиялық процестің жаңартылғанын түсіндіреді(тарақпен тарап иіру әдісі үшін-4,5-4, бір рет тарап иіру әдісі үшін-4,5-5) пайызды.
талшық және талшықтардың бірнеше сорттарын қоспасынан орташа штапельдік ұзындығы, мм;
-машиналардың өнімділігінін коэффициенті (0,85-1,1; жақсы жағдайы үшін-1,0);
k-ағымдағы толықтыру коэффициенті, бірге толықтырудың сонғы шектелген коэффициенті, арасындағы өзгеріске түзету.
Иірімжіптің беріктігіндегі талшықтың беріктігінен пайдалану коэффициенті бойынша анықталады:
= (2.2)
Мұндағы: Rт және Rж –талшықтың және иірімжіптің берілген беріктігі,сН/текс.
Толықтыру дәрежесінің сонғы шектелген коэффициентін А.Н.
Соловьевтің формуласының көмегімен есептеледі

Иірімжіпті, маталарды, трикотажды өңдегенде құрамына қысқа 20мм-ге дейін, сондай-ақ ұзын иірілген талшықтарда кіретін өндіріс қалдықтары пайда болады.Қалдық таза түрінде, немесе төмен сұрыптағы мақта талшықтардың қоспасымен, немесе жүн өндірісінің қалдықтарымен, немесе химиялық талшықтармен тиімді қөолдануы қосымша көп өңдеуге мүмкіндік береді. Ұзындығы және жіңішкелігі бойынша біркелкі емес талшықтарды аппаратты иіру жүйесі бойынша өңделеді.


Өңделуші шикізаттың әртүрлілігіне байланысты оны қопсытуға жәнен тазалуда түрлі тәсілдер қолданылады.
Талшықтар қоспасын бірінен біріне талшықтар механикалық өтетін 2 немесе 3 білікшелі машиналарда тарайды. Соңғы тарау машинасында тарам ені 8-20 мм жіңішке жолақтарға бөлінеді, соңғылар кептіріліп, сөйтіп созбаға айналады.Созбалау куйіншесі бар 2-3 тарау машиналардан тұратын осындай агрегатты аппарат деп, ал иіру жүйесін аппараттық деп атайды.
Түтіп және тазалаудан кейін шикізатты араластырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет