Ылым министірлігі


«Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі30,54 Kb.
#139541
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Көркем еңбек сөж 6

«Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



  1. Әр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:

1-кесте

Сынып

Аптадағы сағат саны

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат



  1. Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасы ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажет.

  2. Оқу пәнінің мазмұны:

1-бөлім «Идеяны зерттеу және дамыту» - қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін меңгеріп, қоршаған ортада әртүрлі материалдарға зерттеу жасау процесінде, зерттеу дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту бағытында өз идеяларын жасайды;
2-бөлім «Жасау және дайындау» -әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеріп және өзінің іс-әрекетін жоспарлап, әртүрлі материалдармен жүргізіп, қоршаған ортаның бейнелеу дағдыларының тәжірибелерін дамытуға бағытталған;
3-бөлім «Презентация, талдау және бағалау»комуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалайды, презентациялайды және түсіндіреді;
2-кесте



Бөлім

Бөлімше

1

Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

1.2 Тарих, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну

1.3 Сезімдерін білдіру және шығармашылық идеяларды дамыту

1.4 Жоспарлау

2

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Қоршаған ортаның бейнесі

2.2 Шығармашылық жұмыстарды жасаудың техникасы мен материалдары

2.3 Дайындау технологиялары

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

3

Презентация, талдау және бағалау

3.1 Презентация

3.2Өнердегі тәсілдерді талдау

3.3 Жұмысты қорғау және талқылау



  1. Бағдарламада «Оқу мақсаттары» қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

  2. Ескертпе:

1) барлық оқу мақсаттары нақты контекске қатысты байланыспай, әртүрлі тақырып аясында іске асырылуы мүмкін.

  1. Оқу мақсаттарының жүйесі:

1)оқыту мақсатының мазмұны пәннің мінездемелік білімін білуі және білімі ғана емес, сонымен қатар, оны нақты тәжірибеде қолдану, АКТ-ны пайдалану, пәнаралық және сабақаралық байланысты іске асырады, коммуникативті дағдыларды және сөйлеу белсенділіктерінің түрлерін дамытуды қарастырады;
2) 1-бөлім «Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту»:
3-кесте

Оқушылар

Бөлімшелер

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1.1
Қоршаған ортаны білу және түсіну


1.1.1.1
Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін, таныс бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін)


2.1.1.1
Қоршаған ортаның кейбір ерекшеліктерін таныс бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында сипаттау (түс, фактура, пішін)

3.1.1.1
Бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында олардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын меңгере отырып, қоршаған ортаның ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін)

4.1.1.1
Қоршаған ортаның ерекшеліктерін, аса күрделі бейнелері мен пішіндерін зерттеу барысында олардың, айырмашылығын, ұқсастығын және өзара байланыс себептерін түсіну және түсіндіру (түс, фактура, пішін)

1.2 Тарих, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну

1.1.2.1
Ұлттық және әлем мәдениетінің әртүрлі өнер туындыларына көңіл бөлу



2.1.2.1
Ұлттық және әлем мәдениетінің әртүрлі өнер туындыларын сипаттап, өз идеяларын дамыту үшін қолдану

3.1.2.1
Ұлттық және әлем мәдениетінің әртүрлі өнер туындыларының ерекшеліктерін анықтау



4.1.2.1
Ұлттық және әлем мәдениетінің әртүрлі өнер туындыларын, қолөнерін, дизайнді меңгеру барысында ерекшеліктерін анықтау және түсіндіру

1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту

1.1.3.1
Нақты материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сеземдерін шығармашылық деңгейде ұсыну

2.1.3.1
Әртүрлі материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сеземдерін шығармашылық деңгейде ұсыну

3.1.3.1
Әртүрлі материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сеземдерін, жұмысты жасау әдістерін таңдауын тұжырымдап, шығармашылық деңгейде ұсыну

4.1.3.1
Әртүрлі материалдар мен техникалардың негізінде, өзінің аса күрделі идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну







2.1.3.2
Шығармашылық идеяларды дамытуға ақпарат жинау

3.1.3.2
Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дерек көздерден ақпарат жинау



4.1.3.2
Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дерек көздерінің ақпаратын іріктеу және құрылымдау
(АКТ-ны қосқанда)

1.4 Жоспарлау




2.1.4.1
Меңгерген білімдердің негізінде жұмысты орындау барысын жоспарлау

3.1.4.1
Меңгерген білімдердің негізінде жұмысты орындау барысын жоспарлау және іс-әрекеттің кезеңдерін анықтау

4.1.4.1
Білімі мен дағдыларын қолдана отырып, өз жұмысын жоспарлау және нәтижесін алдын ала айқындау

3) 2-бөлім «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау»:


4-кесте

Оқушылар

Бөлімшелер

1- сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

2.1
Қоршаған ортаның бейнелері

1.2.1.1
Өз идеялары мен сезімдерін қарапайым тәсілдермен көрсету үшін, қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қолдану

2.2.1.1
Өз идеялары мен сезімдерін әр түрлі тәсілдермен көрсету үшін
қоршаған ортадағы белгілі визуалды элементтерді қолдану

3.2.1.1
Шығармашылық идеяларын айқындау үшін, қоршаған ортадағы әртүрлі визуалды элементтерді қолдану



4.2.1.1
Шығармашылық идеяларын айқындау үшін, қоршаған ортадағы әртүрлі визуалды элементтердің комбинацияларын қолдану

2.2
Шығармашылық жұмыстарды жасаудың техникасы мен материалдары



1.2.2.1
Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

2.2.2.1
Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, жүргізу


3.2.2.1
Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, жүргізу
3.2.2.2
Жұмысты орындау үшін әртүрлі әдістер мен материалдарды ұсыну

4.2.2.1
Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, өзідігімен таңдалған материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолданып, жүргізу

4.2.2.2
Жұмысты орындауда және материалдарды қолдануда тиімді шешімдер қабылдайды



Көркем еңбек пәні бойынша сақталатын техникалық қауіпсіздік ережелері.


Электор тігін машинасы қауіпсіздік техникесы бойынша негізгі нұсұқаулықтар
Осы электротехникалық құрылғыны пайдалану кезінде төменде келтірілген негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Тігін машинасымен жұмыс істеу алдында олармен танысыңыз
Қауіпті – Электрмен зақымдану тәуекелін төмендету үшін :
1 . Еш уақытта тігін машинасын қосулы қалыпта назарсыз қалдырмаңыз. Машинамен жұмыс аяқталғаннан кейін және оны тазалау алдында штепсельді электр розеткасынан дереу ажыратыңыз.
Назар аударыңыз- Жұмыс істейтіндерге өрт, электор тоғынан зақымдану және жарақаттану тәуекелін төмендету үшін:
1. Машинаны ойыншық ретінде қолдануға рұқсат етілмейді .
Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Газ плитасын пайдалану кезінде
- Плитаны пайдаланудың алдында үй жайды желдетіп алу желдеткішті қосу. Жанарғылар мен қаңылтыр пеш шүмектерінің жабық екендігіне көз жеткізу , содан кейін газқұбырдағы шүмекті ашу.
- Жанарғы жалынының біркелкі , көкшіл түспен жануын қадағалау. Егер оның түсі сары болып , жанарғыдан алшақ кетсе, жанарғыны ретке келтіру.
- Қаңылтыр пешті жанарғысын жағудың алдында екі шиыршықты үш минуттай ашып , желдету
Электр плитасын пайдалану кезінде
- Ас үй электр плитасын қосудың алдында оның тұрқының қорғаныш жерге қосудың бар екендігі мен ақаусыздығына кқз жеткізу және диэлектрик (электр өткізбейтін) кілемшеге тұру. Үстел үстілік плитаны жүйеге қосудың алдында қоректендіру бауы мен ашасының ақаусыздығын тексеру, плитаны отқа төзімді тұғырға орнату. Ашық шиыршықты электр плитасын пайдаланбау. Қосудың алдында қоректендіру бауының ақаусыздығын тексеру. Плитаны отқа төзімді тұғырға (кірпіш асбет және т.б орнату.
- Плитаға штепсельдік ашаны қосқанда штепсельдік розетка ұяшығына соңына дейін еңгізу . ашаны баудан тартып ажыратпау.
- Электр плитасында ас әзілеу үшін тек эмальданған ыдысты пайдалану
Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде
- Кескіш аспаптарды пайдалану кезінде барынша абай болу. Картопты пышақпен , балықты қырғышпен тазалау , етті еттурағышта ағаш келсаппен нығыздау.
- Нанды гастрономиялық бұйымдарды , көкөністер мен басқа да азық- түліктерді кесудің дұрыс тәсілдерін сақтай отырып бөлшектеу
тақтайшаларында кесу. Сол қолдың саусақтары пышақ жүзінен біршама қашықтықта орналасуы тиіс
- Қол үккіштерімен жұмыс істеген кезде сақ болу керек. Өңделетін азық- түліктерді (жемістерді, көкөністерді және т.б) мықтап ұстау , өте майда бөліктерді өңдемеу
Ыстық сұйықтықтармен
(су,май және басқаларымен) жұмыс істегенде
- Қайнау кезінде ыдыстың ішіндегі сұйықтықтың ернеуінен асып төгілмеуін қадағалау. Қатты қайнау кезінде отты азайту немесе плитаны өшіру
- Ыстық ыдыстың қақпағын сүлгімен ұстап , өзіңнен аулақтата ашу.
- Табаны ағаш тұтқалы таба ұстағышпен қою және алу.
К Күтпеген жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
- Асүй мүліктерінің ақаулықтары кезінде , бөлшектеу пышақтары мұқалап , өтпей қалған кезде жұмысты тоқтатып , бұл туралы мұғалімге хабарлау
- Еденге сұйықтық , май төгілген жағдайда дереу тазалау
- Егер асханалық ыдыс сынып қалса , оның сынықтарын еденнен қолмен жинамай , сыпырғыны немесе қылшық пен күрекшені пайдалану
- Жарақаттанған жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету
Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары
- Электр плитасын тоқ көзінен ажырату
- Жұмыс үстелдерін , ыдыстар мен асүй мүліктерін мұқият жинау
- Сыпырындыны , қалдықтар мен қоқымды арнайы орынға шығару
- Арнаулы киімді шешу
- Сорып шығару желдеткішін ажырату
- Қолды мұқият сабындап жуу.
Тігін шеберханасындағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Тігін шеберханасына жұмыс істеуге қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өткен адамдар жіберіледі.
2. Қауіпті өндірістік факторлар
- оймақсыз жұмыс істеу кезінде саусақтарға ине ментүйреуіштердің шаншылуы;
- электр тігін машинасында, үтікпен жұмыс кезінде электр тоғынан зардап шегу, қолдың үтіктің қызған металлбөліктеріне тиген кезде немесе матаны тым мол ылғалданғанда будан күюі
- желіге қосылған үтікті қараусыз қалдырған кезде өрттің шығуы
3. Тігін шеберханасындағы жұмыстарды орындау кезінде арнаулы киім: халат немесе алжапқыш үшкіл орамал сондайақ үтік пен электр тігін машинасындағы жұмыс кезінде диэлектрик кілемше пайдаланылады
4. оқушылар жарақаттанған кезде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету.
Жұмыс басталардың алдындағы қауіпсіздік техникасы
1. Арнаулы киімді кию, шашты үшкіл орамалдың астына жинау
2. Тоттанған инелер мен түйреуіштердің болмауын тексеру
3. Үтіктің , тігін машинасының ашасы мен элетр бауын, оқшауланулардың дұрыстығын тексеру.
4. Электртігін машинасы тұрқының қорғаныш жерге қосылуының (нөлденуінің) дұрыстығына , сондай-ақ
мшинаның, үтіктің жанындағы еденде диэлектрик клемшенің бар екеніне көз жеткізу.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
1. Инелер мен тұйреуіштерді белгілі бір орында (жастықшада,қорапшада және т.б.) сақтау, оларды жұмыс орнында қалдырмау.
2. Тоттанған инелер мен түйреуіштерді пайдаланбау, ешбір жағдайда инелер мен түйреуіштерді ауызға апармау; инемен жұмыс істегенде оймақ киюді ұмытпау.
3. Қайшыларды белгілі бір жерде сақтау, олардың ұшын өзіңнен ары қаратып қою.
4. Тігін машинасының қозғалмалы бөлшектеріне жақын еңкеймеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет