32
Поппердің фальсификациялау принципіне
анализ жасай келе,
мынаны байқау керек, фальсификациялау мен верификациялау – бұл
теорияның тәжірибемен қарым- қатынасының екі жағы. Поппердің
біреуін тастап кету арқылы екінші жақты ажыратуы, біздің ойымызша
дұрыс емес. Әрине, теорияның дәлелденуі оның шынайы екенін
дәлелдемейді. Поппер заңды белгілегендей, егерде біз тапқымыз
келсе, әрбір теория үшін дәлелдеуші мысалдарды табу оңай.
Поппердің өзі тәуекелді болжамдар түріндегі делелдердің кейбір
анықталған түрлерін мойындайды. Сондықтан, мәселе барлық
дәлелдерді жоққа шығаруда емес, ал делелдердің мамандануының
анализінде, «дұрыс» және «дұрыс емес» делелдерді анықтауда.
Делелдерді және оның негізін құрайтын индукцияны жоққа шығара
отырып, Поппер тану үрдісіндегі тәжірибенің рөлін шектейді.
Егер теорияны жасағанда біз тәжірибеден шықпасақ, сезімдік
қабылдауға, шынайы заттардың сипатына сүйенбесек және олар да
бізді «түсінікті теорияларды» жасауға «итерлемесе», онда бұл
аспектіде теория мен тәжірибе байланысы үзіледі, тәжірибе
бағаланбайды. Индукцияны толық жоққа шығару анықтаушы
субъектің теориясының өзімен өзі пайда болуына, априоризмге,
конвенционализмге, туа біткен білімнің концепциясына алып келеді.
Иә, біз «теорияның жарығында» бақылаймыз, бірақ бұл бақылау
теорияны жасаудың импульсі болып табылады. Азамзаттың
танымының тәжірибесі индукцияның бар болуын насихаттайды. И.
Ньютонның ғылыми зерттеу әдісі туралы: «Көріністен екі немесе үш
қозғалыстың ортақ принциптерін шығарып және содан кейін барлық
дене заттарының іс әрекеті және ерекшеліктері осы принциптерден
қалай көрінетінің айту керек» деген сөздерін еске салсақ болғаны.
Әрине, Поппердің сынынан кейін индукцияның концепциясы
түзетулерді қажет етеді. Шынында біздің біліміміз «адам ойының
тәуелсіз шығармасын» еске түсіреді. Егер де теория бұл «біздің
әлемге тастаған желіміз» болса, онда осы «желілердің» ұяшықтары
әлемге сәйкес құрылады.
Фальсификациялануға келсек, онда метафизикалық жүйелердің
жоққа шығарылмауы екіжайлы. Егер олардың тәжірибе түрінде жоққа
шығарылуы мүмкін емес болса, онда теория түріндегі жоққа
шығарылуы мүмкін. Олардың практикалық жоққа шығарылуын есте
сақтау керек.
Поппер ғылым деп эмпирикалық, тәжірибелі ғылымды
түсінетінін ескеру қажет. Және осы аспектіде оның «жеткілікті
түрдегі дәлдікпен фальсификациялау критерийі эмпирикалық
ғылымдардың теориялық жүйелерін метафизика жүйелерінен
ажыратады» деген қорытындысы сенімді болып келеді.