Ылым тарихы мен философиясы


Мишель  Поль  Фуко  (1926-1984)-



Pdf көрінісі
бет22/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
Мишель  Поль  Фуко  (1926-1984)-  француз  философы, 
мәдениеттанушы,  эстетигі.  Фуконың  барлық  ғылыми  және  мәдени 
танымал  теориялары  «доксологияға»  байланысты.  «Сөздер  мен 
заттар» 
 
(1966) 
жылғы 
шыққан 
кітабындағы 
Фуконың 
тұжырымдамасы  бойынша  еуропалық  мәдениет  бірнеше  дәуірге 
бөлінеді  екен.  Жаңа  дәуір  ескі  дәуірден  ештеңе  алмайды  және 
болашақта қалыптасатын дәуірге ештеңе қалдырмайды. Яғни тарихты 
Фуко  «радикалға  тән  үзіктік»  деп  қарастырады.  «Доксологияның» 
орнына  ол  «археологияны»    ұсынады;  оның  пәні  болып 
археологиялық  деңгейдің  арқасында  қажетті  ұғымды  түсіну 
мүмкіндігі қалыптасады.  
Бұл  терең,  фундаментальды  деңгейді  Фуко  «эпистема»  деген 
терминмен таңбалайды. Эпистема И.Ньютонның абсолютті кеңістігін, 
И.Канттың  априориін,  Т.Кунның  парадигмасын  еске  түсіреді.  Олар  
белгілі бір білім мен ғылымның қалыптарының көрінісін анықтайтын  
мәдениеттің  шартты  белгілерінің  беріктігін  көрсетеді.    Эпистема 
заттарды  реттейді  және  оларды  пайымдауға  керекті  шарттарды 
құрайды. Бұл мағынасында эпистема субъектіге  бағынбайды, өйткені 
олар  санасыз  сферада  әрекет  етеді,  өздері  анықтайтын  ойға  қол 
жетімсіз  болады.  Еуропалық  мәдениеттің  түрлі  деңгейлерін 
салыстыра  отырып,  Фуко  эпистеманың  негіздегі  өзгешелік  тілдік 
қатынаста,  ой  қатынасында,  заттық  және  білімдік  арақатынаста 
жатқан    шарттылықта  деген  қорытындыға  келеді.  Егер  Қайта  Өрлеу 
дәуірі ұқсаушылық пен тәрізділік эпистемасына негізделсе, XVII-XIX 
ғасырларының  мәдениеті  таныстыру  эпистемасына  негізделген,  ал 
ХХ ғасыр мәдениеті жүйе мен ұйымдастыру эпистемасына құрылған. 
Оның  бастамасымен  жаңа  ғылымдар  туындайды,  онда  тіл  өзімен  өзі  
тұйықталатын,  өзінің  тарихын  қалыптастыратын  қатаң  жүйелі 
формальды элементтердің жүйесі болады.  
 
«Білім  археологиясы»  (1969)  атты  кітабінда  және  басқа 
еңбектерінде  эпистеманың  орнына  пайымдау  стилі,  белгілі  бір  білім 
аймағының  тапсырмасының  шарттылығы  -  дискурс  жүреді. 
«Дискурс» және «дискурстік тәжірибе» деген ұғымдардың көмегімен 
Фуко  мәдениетті  зерттеудің  жаңа  әдіснамасын  құрайды.  Ғылымның 
немесе  мәдениеттің  бастапқы  материалдары  болып  оқиғаны 
дискурстық    құру  болып  табылады.  Дискурстік  тәжірибенің  негізі  - 
пікірлердің  өзара  қарым-қатынасы  мен  байланысынан,  кейбір 
объективті  заңдар мен ережелердің тұтастығынан тұратын «мұрағат» 
болып  табылады.  Мұрағат  –  бұл    түрлі  құжаттар  мен  мәтіндер  емес, 
олардың  негізіндегі  құрылым  мен  заңдар.  Фуко  бойынша 


 
 
55 
дискурсивты  тәжірибелер  белгілі  ғылымдармен  сәйкес  келмейді, 
оларды  керісінше  толық  қамтып,  оларды  біріктіреді.  Фуко  өзінің 
рационалды 
ғылымдардың 
құндылығына 
күмәнданады, 
ол 
дискурсивті тәжірибені артық көреді.  Оның ғылым мен білімге деген 
сыни  көзқарасы  «Дискурстің  тәртібі»  атты  кітабында  тіптен  арта 
түседі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет