Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет69/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
9.2    Гуманитарлық білім  
        және әлеуметтік таным 
 
ғылымның сол, немесе басқа өзіндік бір индикаторы ретінде шығады, ол 
әлеуметтік-гуманитарлық білімді және дамуды сипаттайды.  
 
 
Гуманитарлық  таным  үшін  оның 
екі  жағын  қарастыру  принципиал-
ды  болып  табылады;  Мәтінді 
мазмұндау, 
түсіндіру 
және 
теориялық  түсінікті  құру;  жаратылыстану  ғылымдарында  зерттеушіге 
нақты объект берілген және ол манипуляциялау және өлшеу процедура-
ларын қалыптастырады; 
 
  гуманитарлық 
 
ғылымдарда 
зеттеуші 
мәтіндерді  қарастыру  барысында  зерттеу  құбылысының  әртүрлі 
көріністермен жұмыс істейді;  
өз  объектісін  қарастыруға  кіріскенде 
зерттеуші  алдымен  суреттеу  тәсілдерін  және  осы  мәтіндерді  қалай 
түсіндіруді,  осы  түсіндіру  контекстінде  қажетті  шарттар  ретінде  қарас-
тырылып  отырған  құбылыстың  теориялық  көрінісін,  идеалды    объектісін 
жасайды;  бұл  екі  кезең  гуманитарлық  ғылымның  идеалды  объектісін 
жасауы керек;   гуманитарлық  танымда  өзара  тығыз  байланыста  екі 
контексті  айыра  білу  өте  маңызды:  мәтінді  түсіндіру  және  зерттеу 
құбылысын теориялық жағынан презентациялайтын идеалды объектілерді 
құру;  
 Ол үшін гуманитарлық ғылымдарда бұрын құрылып  қойған идеалды 
объектіге 
қалыпты 
стандарттағы 
процедуралар 
қолданылады: 
зерттелінгенге  қосымша  мәліметтерді  қайта  құру    (күрделі  идеалды 
объекттілерді  қарапайымға  ауыстыру  және  керісінше  синтез  жасау), 
зерттеу    теориялық  зерттеумен  модельдеу  (теориядан  тыс),  жүйелеу  т.б., 
жаңа білімдерге қол жеткізу үшін аралық зерттеу.  
       Гуманитарлық  білім  тек  объект  туралы  диалогтік  бағалы  білім  ғана 
емес  сонымен  қатар  таным  және  білім  туралы;  білім  бізге  тәуелсіз 
объектінің жәй сипаттамасы ғана болмайды, осы объект пен қатынас сәті 
(көптеген  позициялардың  диалогке  ауысуы  бөтен  адамнын  санасының 
автономиясын мойындау, тілдегі диалогтік мағынаны табу). 
       Гуманитарлық  ғылымның  ерекшелігі:  бір  материалға  әртүрлі 
көзқарастың 
болуы, 
мәтіндермен 
фактілерге 
көптеген 
интерпретациялардың болуы, мәдениеттің көптеген құбылыстары мен оған 
көзқарас  бір-  біріне  үйлеспейтін  теориялық  түсініктеме  гуманитарлық 
ғылымда  орын  алады  және  оның  білім  мен  біліктіліген  диалогтік 
характерінің  шарты  болып  табылады.  Онда  дәлелді  қалыптасқан  және 
автономдық  теория  болса  да,  бір  ғана  монополия  болуы  мүмкін  емес, 
керісінше әрбір нақты әлеуметтік және мәдениеттік ұстаным өз көзқарасын 
қорғауға  құқылы,  сол  сияқты  қарама  қарсы  ұстаным  да  ол  көзқарасты 
сынауға құқысы болуы тиіс. 
        Х.Г. 
Гадамердің 
философиялық 
герменевтикасында 
"тілдің 


 
 
169 
орталануы"  интеграция  деп  аталады,  яғни  өткен  дәуірдегі  мәдени 
ескерткіштердің,  тарихи  документтердің  мағынасын  бүгінгі  күннің 
құндылықтарына сәйкестендіріп түсіндіру және қолдану.  
       "Шындық  пен  әдіс"  деген  шығармасында  Гадамер  өзіне  тән 
герменевтикалық  теориясын  шығарды,  онда  "интегративтік  түсінік" 
барлық  гуманитарлық  ғылымдардың  негізін  қалайды  делінген  (Гадамер 
Х.Г., 1988). 
        Герменевтикада  "алдын  ала  пайымдаудың"  болуы  кез  келген 
танымның  шығуы  шарты.  Оның    міндеті  -  диалогке  түсу,  "бұл  міндетті  
түсіндіру  тіл  арқылы  жүзеге  асатындығы  қандай  да  бір  тіл  ортасына 
еңгізуді емес, қайта алғашқы коммуникациялық ұғымды орнына келтіруді 
білдіреді". Себебі тіл -байыптау мен диалогтің кеңістігі.   
        Гадамердің айтуынша "проблеманың өткірлігі субъектінің өзгермейтін 
көзқарасына  қарамастан  өзі  емес  "басқаны"  ұғынуда,  бірақ  "басқаның" 
интерпретациясын өз интерпретациясына ауыстырмауында". 
         Герменевтикада  мәтіннің  немесе  басқа  біреудің  көзқарасына  ашық 
болу  шарты  орындалады;  дегенмен  мұндай  ашықтық  о  баста  біреудің 
көзқарасын  өз  көзқарасының  өзгермеуінің  шарты  немесе  керісінше; 
сондықтан "герменевтикалық сана мәтіннің басқалылығын қабылдауында". 
Сондықтан  Гадамер  "алдын  ала  түсінуді"  түсініктің  жемісті  сәті  деп 
қарастырады. Гадамерше тіл - әңгімелесу, пайымдау, диалог жүзеге асатын 
орта, кеңістік; біз қатысатын диалог- аяқталмаған диалог. Түсіну -әрқашан 
"басқаны" түсіну; түсіну деген өзінің түсінгендігін айту үшін басқа біреудің 
орнына өзін қоя алу. Көркем шығарманы пайымдауға, интерпретациялауға, 
түсіндіруге  болады,  "тіл  -  түсініктің  өзі  жүзеге  асатын  әмбебап  орта.  Бұл 
жүзеге  асырудың  тәсілі  пайымдау  болып  табылады".  Түсіну  -  тарихты, 
саясатты,  ой  алмасуды  және  уайымдарды,  өнегелі  қылықтар  және 
эстетикалық талғамды, яғни адамдар арасындағы барлық қарым-қатынасты 
өзі арқылы өткізуде. 
         Герменевтиканың  өкілдері  үшін  герменевтика  әдіс  пен  әдістемелерге 
емес,  керісінше  жаратылыстану  мен  әсіресе  гуманитарлық  ғылымдардың 
маңыздылығы,  кейбір  өмірлік  шешімдірде  және  ол  ерекше  күйзелістерді 
түйсіну тәжіребесінде, жауапкершілігінде, бостандыққа құштарлықта, үміт 
пен сенімде және т.б. жатыр. Гадамер "Шындық пен әдіс" атты жұмысында 
ғылым  тәжірібісіне  өмірдегі  практикалық  біліктілікті,  парасатты,  тілді,  
эстетикалық  талғамды,  ойынды,  тапқырлықты  және  білімділікті  қарсы 
қояды". 
        Гадамер 
үшін 
"герменевтикалық 
сананың 
толыққандылығы 
методология  жағынан  өзіне  сенетіндігінде  емес,  тәжірибелі  адам  мен 
құрғақ сөздің адамының айырмашылығы сияқты тәжірибеге дайын болуы", 
герменевтика - философияның әмбебап тұрғысы. 
        Герменевтика  үшін  тарихи  фактілерді  түсіну  мен  пайымдау  ғана 


 
 
170 
манызды  емес,  сол  сияқты  ''алғы  пікір  ''  яғни  рухани  ғылымдарда  жалпы 
жадынама  нақты  қолданыста  аяқталуы  мүмкін  емес  деп  түсінетін  айқын 
сана  маңызды:    мәтінмен  жағдаяттар  және  тарихи  куәліктер  арасында 
''шиеліністер" (түсініспеушіліктер) әрқашан қалады. Мәтінді дұрыс түсіну 
үшін,  әр оқыған  сайын оны  жағдаятқа байланысты басқаша түсіну керек. 
Түсіну  әдістен  гөрі  жүзеге  асып  жатқан  тарихи  аңыздың  ''ішінде  болу''; 
жеке  адам  оны  ешкімге  ұқсамайтын  қайталанбайтын  өзінің    өмір 
жағдаяттары арқылы түсінеді. 
        ''Қолданылыуы  '',  ''жағдаят'',  ''тәжірибе''  рухани  ғылымдарда  әсіресе 
жағдай  жаратылыстанудан  өзгеше  екенін  дәлелдейді;  тарихи  танымда 
объект жәй субъект қана емес, ол өз өмір ситуациясы бар нақты тірі адам- 
мейлі ол тарихшы немесе мәтінді өңдеуші болсын, ол түсіну үшін ''тарихи 
аңызға  кіруге  міндетті;  яғни  түсіну  -  қадам  жасау  болып  табылады''. 
Гуманитарлық  білімде  мәселе  үзіліссіз  өзгеріске  түсіп  отырады, 
жаратылыстану  ғылымына  қарағанда  теориялық  көзқарас  пен  мәселелер 
жаңарып  отырады,  "Мәңгілік  сұрақтар  мен  мәселелер"  әрқашан  басқаша 
және жаңадан қойылып отырады. 
          Гуманитарлық 
ғылымдардың 
теориясын 
ұйымдастыру 
жаратылыстану  ғылымында  теориялық  білімді  ұйымдастырудан  өзгеше; 
бұл ғылымдардағы ғылыми білім: идеал мен ғылыми білімді ұйымдастыру 
нормалары  әртүрлі;  басқалардың  бұл  сұраққа  теориялық  көзқарастары 
тұрғысынан  гуманитарлық  ғылымдарда  өз  ұстанымдарына,  зерттеу 
объектісіне  лайықты  үнемі  жаңартып,  қорғап  отыру  керек;  гуманитарлық 
ғылымда  гуманитарлық  білімнің  образы  мен  идеалы  әлі  қалыпқа  түскен 
жоқ, үнемі дискуссия мен талқылау жағдайында. 
 
 Гуманитарлық  ғылым  табиғаты  мен  өзіндік  ерекшелігін  түсіну 
адамның  іскерлігінің  өзіндік  ерекшелігін  анықтаудан  туындайды; 
гуманитарлықтың  саласы  -  адамның  іскерлігінің  саласы,  онда  объектілік 
пен субъектілік компоненттерін ажыратуға сүйену; объектілік -әлеуметтік 
тарихи заңдар, олар адамдардың тәртібін анықтайды, қоғамда өмір сүреді; 
субъективтілік  -жеке  мақсаттарды,  тілектерді  соған  жету  үшін  таңдайтың 
тәсілдерді анықтайды). 
 
 Шындығында  әлеуметтік  заңдар  (объктивті)  және  адамдардың 
(субъективті)  соны  жүзеге  асыру  үшін  жеке  іскерліктері  бір-бірінен 
ажыратылмайды, сонда да адам танымының аясында іскерлігін қарастыру 
адам іскерлігінің танымына қатысты, әлеуметтік заңдылықтар қызметіндегі 
адамдардан бөлек те адам қызметінің мотивтік-мағыналық экзистенциялды 
мағыналдық өмірлік ұстанымдарын қарастырады. 
          Гуманитарлық  ізденіс  жұмыстарының  семантикалық  канвасын 
анықтап,  былай  бекітуге  болады:    әлеуметтік  заңдылықтарға  сүйене 
отырып адам әлемінің құрылысын олардың көріну, берілу қалыптарының 
барлық түрлері арқылы қалпына келтіру, түсіну. 


 
 
171 
  
Гуманитарлық  білім  пәні  -  адам  үшін  маңызды  материал, 
объектілерді  жеке  тұлға  тұрғысынан,  адамды  жеке  қасиеттері 
құндылықтары  тұрғысына  бағалау;  "адам  әлемі"  деген  ұғым  мен 
гуманитарлық  білім  пәні  феномендердің  кең  көлемдегі  спектірін  құрады, 
оған жеке өзіне ғана маңызды балық көніл-күйлері, құндылықтары жатады, 
бұл құңдылықтар мән-мағыналар интенциалар. 
 
 Гуманитарлық  білім  аясында  таным  заттың  табиғи  болмысың 
қарастырмайды  қайта  оның  мағынасына  объектінің  форма  түріндегі 
гуманитарлық  білімнің  концептуалды  репрезентация  ерекшелігін 
аңықтайды;  біріншіден  ол  оның  анағұрлым  келісімге  жақын  мәртебесін 
ескертеді,  жаратылыстану  объектісіне  қарама  қарсы  гуманитарлық  білім 
объектісі  ішкі  негізімен  анағұрлым  ішкі  маңызы  жағынан  әлде  қайда 
азырақ,  оның  объект  ретінде  тіршілік  етуінің  өзі  семантикалық  модельді 
тудыратың априорлық дериваттың ой қорыту принципіне қарсы; екіншіден 
ол екі жақты маңыздылықты білдіреді. 
 
 Гуманитарлық  білімнің  негізгі  мағынасы  бір  жағынан  адамзаттың 
жетістіктерінің кейбір белгілерін түсіну,  екінші  жағынан мағынасын  ашу, 
яғни, байыптауды құрылымдық жағынан түсіндіру. Гуманитаристикадағы 
білім  объектісі  оның  мағыналық  шындығы  шындықтың  бөлшегімен 
беттескенде ашылатын құрылымдық баға, соған байланысты тұлға ретінде 
құндылығы мен мағыналардың құрылымдық бағасы және қайта баға беруі. 
Гуманитарлық  танымның  объектісі  эмпирикалық  -  фактуалды  берілгені 
емес  керісінше  адамның  маңызды  кеңістігінде  пайда  болатын  және 
мәдениетті игерудегі құндылықтар, мән-мағыналар. 
  
Әлеуметтік  философияда  күнделіктілік  пен  абстракт  тілі  ғылыми 
ұғымның  байланысы  феноменологиялық  ұстанымдар  арқылы  қалпына 
келеді,  әлеуметтік  танымның  барлық  түрі  үшін  маңызды  әдістемелік 
пастулат  қалыптасады:  типтік  яғни  әлеуметтік  өмірді  объекті  түрде 
қабылдау  жеке  адамдардың  күнделікті  ара-қатынасында  адамның 
күнделікті  тәжірибесінің  қорытындысы  ретінде  қалыптасады.  Әлеуметтік 
құбылыстарды  әлеуметтік  әлемге  бойлағанда  ғана,  сол  әлемді  өзінің 
болмысынан  өткізгенде  ғана  түсінуге  болады.  Әлеуметтік  таным 
әлеуметтік  құбылысқа  қарағанда  ғана  емес,  субъектінің  сол  құбылысқа 
көзқарасын талдау арқылы, яғни өз ойларына, іс-әрекетіне, тәжірибелеріне 
рефлекция ретінде жүзеге асады. 
 
Субъектінің  әлеуметтік  таным  ерекшелігі  жеке-дара,  немесе 
ұжымдық,  гносеологиялық  мәртебесімен  белгіленеді,  сол  сияқты  зерттеу 
объектісінің  ерекшеліктері  мен,  әлеуметтік  танымның  субъект-
объектілігінен  субъект-субъектілікке  ауысуы  субъектілігін  қарастырып 
отырған әлеуметтік шындыққа көзқарасының өзгеруіне әсер етеді.  
  
Ю.Хабермас  коммуникавтивтік  қатынасты  қоғамдағы  санада 
зерттеу 
маңыздылығын 
алғашқы 
болып 
мәлімдеген. 
Оның 


 
 
172 
коммуникативті  қатынасындағы  және  қоғамдық  теорияларды  табу 
мүмкіндігіндегі полимикасы маңызды методологиялық мағынаға ие. Ол 
коммуникативті  рационалдық  ұғымын  енгізе  отырып,  басты 
коммуникативті сәт  – рационалдық ұғымын ерекшелейді. Осы ұғым:  а) 
қарым-қатынасқа  түскен  жақтардың  дискурс  арқылы  өзара  түсіністікке 
жететін;  б)  қарым-қатынасқа  кедергі  жасайтын  жағдайландандырылуға; 
(соның  ішінде  қарым-қатынастың  қайшылықтарына  әкелу);  в)  қарым-
қатынасқа көмек беретін факторларды қарастыруға мүмкіндік береді. 
 
Ю.Хабермас    коммуникативті  рационалдықты  құру  үшін 
методологиялық әдістер таба отырып, рациналдықты жеке түрінде, оның 
идеалдығы мен қоғамдағы орны жайында сөз қозғайды. Оның ойынша, 
қарым-қатынас қызметі толық бағалау болып табылады. Коммуникативті 
рационалдық  ұғымның  басты    концепция  ережелері  қызметі  –  қарым-
қатынастың сәттілігіне критерийлер енгізу – диалогы, олар: өзін-өзі ұстау 
және қарым-қатынастың қабылданған нормаларының дұрыс орындалуы, 
түсініктілігі, ақиқаттығы (бұл критерийлер ең алдымен сөйлеу мәнеріне 
жатады) Ю.Хабермас  идеалды коммуникативті актіні құрастырды.  
  
Адамды,  қоғамды,  мәдениетті  түсінудің  ерекшелігі  ұқсас 
обьектілерде  емес,  осы  обьектілерді  ұқсас  және  әлемдік  мән  ретінде 
зерттеу басты нысан болып табылмайтындығы, бірақ адамды мінезі мен 
іс-әрекетін субъект ретінде, оқиғалардың субъект арқылы жасалғандығы 
деп есептеу. Әлеуметтік шындықпен ғылымдар заңға негізделген түсінік 
дәрежесімен шектеле алмайды. Бұл ғылымдар басқа дәрежелерге ауыса 
отырып,  осы  заңдар  мен  құрылымдардың  жүйелік  тәсіл  мен  анализ 
қоғамдық феномендері бар күрделі құрастырылған объект-жүйелердің ең 
маңызды  әдістерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл  жүйеде  біртұтас  болып 
құрастырылған  көптеген  объектілер  бар.  Жүйелік  тәсілдердің  қызметі 
осы біртұтастық, ең алдымен, қоғам мен адам механизмін зерттеу болып 
табылады.        
 
Постклассикалық 
емес 
әлеуметтік-мәдени 
дүниетанымның 
онтологиясы  басқа  да  әлеуметтік  жүйелермен  арақатынастағы  ашық, 
өзін-өзі 
ұйымдастыратын 
білім 
сияқты 
әлеуметтік 
жүйенің 
синергетикалық моделінен құралады; жүйенің бекем қалпынан ауытқуы 
сытрқы  ортаның  жүйеге  әсер  етуінің  нәтижесінде  болады;  жүйеде  оны 
бастапқы  бекем  қалпына  алып  келетін  механизм  пайда  болады  немесе 
жүйе  бұзылады,  яғни  жүйе  үнемі  бірнеше  хаостың  арасында  реттеліп 
отырады. 
 
Синергетиканың  жеке  пән  ретінде  қалыптасқан  кезінен  бастап 
эволюциясы,  дамуы,  тарихы  бар  тіршіліктің  өзі  өзін-өзі  ұйымдастыру 
процесстері  ортақ  сипаттамаға  ие  болғанмен,  олардың  ең  жоғарғы 
формасы 
антропо-әлеуметтік-мәдени 
жүйелердің 
дамуы 
болып 
белгіленген. 


 
 
173 
 
 М.С.  Каган  әлеуметтік-гуманитарлық  танымның  методологиялық 
проблемаларына  арналған  шығармалар  жинағында  синергетиканың 
қалаушылары өзін-өзі ұйымдастыратын құрылымдар мен функциялардың 
пайда  болуын  басқаратын  ортақ  ұстанымдардың  барына  сенімділік 
білдірді,  деп  атап  өтті;  синергетика  түрлі  облыстарда  ұқсас  даму 
заңдылықтарын  көрсетеді,  ол  тілге,  өнерге,  мәдениетке  және  ойлауға 
қатысты;  «табиғи  жүйелерді  зерттеу  барысында  табылған  заңдылықтар 
антропо-әлеуметтік-мәдени  жүйелерге  тиесілі  болуы  мүмкін  бірақ 
бұлардың қалыптасуы, құрылымдалуы аталған заңдылықтардың әрекетіне 
жатпайды».  
 
Синергетикалық 
орнатылған 
позициясы 
жағынан 
өзін-өзі 
ұйымдастыратын  жүйелерге  арналған  бірнеше  альтернативті  даму 
жолдарының 
болуы 
эсхатологиялық 
тарихи 
пессимизм 
мен 
катастрофизмнің  позициясын  айтарлықтай  әлсіретеді;  флуктуацияның 
бифуркация нүктелерінің жанында көбеюінің фактісі жүйеге резонансты 
әсерлердің    тиімділігі  жайлы  дәлелдейді;  әлеуметтік  философияда  бұл 
тұрақсыз  қалыпта  орналасқан  қоғамның  сипаттамасындағы  резонансты 
әсерлердің тиімділігін мойындауды білдіреді. 
 
Егер  де  әлеуметтік  теорияның  объектісі  -  оның  ішкі 
байланыстарының  көзқарасымен  қарастырылатын  әлеумет  болып 
табылса,  онда  оның  пәні  -      оның  ішкі  құрылымы  мен  логикасының 
дамуын  анықтайтын  тұрақты,  қайталанатын,  типтік,  маңызды 
байланыстар болып табылады. 
  Постқазіргізаманғы  перспективада  қоғам  әлеуметтік  процесстерді 
зерттейтін әлеуметтік теорияның талаптарын бірден көтереді; әлеуметтік 
теория бірқалыпты және бірыңғай емес, көпқырлы және көпжақты болып 
көрінеді; постқазіргізаманғы әлеуметтілікте қоғамдық ұстанымдар өздері-
ақ сыншылар үшін ашық және кез келген жаңа әлеуметтік теория үнемі 
өзіндік негіздерінің радикалды қайта ойластырылуын қажет етеді. 
  Рефлексивтілік,  “объективтіленетін  субъектінің  объективтілігі” 
әлеуметтік  теорияның  валидтілігінің  өзгермейтін  шартына  айналады, 
өйткені  рефлексивті белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік құрылымдардың 
формасы  ретінде  әлеуметтік  теория  мәдени-тарихи  тәжірибеге 
байланысты.  
  Әлеуметтік  теорияның  ғылыми  статусы  әлеуметтік  шындықтың 
объективті    көрінісінде  емес  (себебі  «теория  өз  кезегінде  әлеуметтік 
шындықтың бөлігі болып есептелетін теориялық көзқарастың өнімі болып 
табылады»),  айырмашылықтардың  культивтілігінде,  дәлірек  айтсақ 
олардың динамикасының, «өзіндік жетіспеушілігі» мен қосымшаларының 
интерпретациясы арқылы өмірдің  әлеуметтік формаларының көптігінде. 
Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің әдістемелік талдауы уайымы мен 
түсінігі  арақатынастарының  айырмашылықтарын,  қоғамтану  аясындағы 


 
 
174 
«эмоционалды-эмпатикалық» 
және 
«рационалды-логикалық» 
деңгейлердің 
танымдық 
істерін 
анықтайды; 
«қоғамтанушының 
зерттеушілік  қабілеттерінің  ерекшеліктері    олардың  арақатынастарының 
кең  спектірінде  орналасқан  эмоционалды  қайырымды  және  рационалды 
алғыр деңгейлерін қажеттілікпен  қамтиды». 
Әдістеме сипатының өзгеруі оның жай ғана түсінік пен істер нормасы 
және ортақ ережелер жиынтығы болуынан емес, адами проблемалардың 
анализі мен қойылым әдісі болуына байланысты; әдістеменің өзі мәдениет 
мәселесі  болып  табылады,  сондай-ақ  қазіргі  заманғы  мәдени  және 
әлеуметтік мәселелерінің ойлау және басқаша ойлауының маңызды бөлімі 
болып табылады. 
Классикалық    әлеуметтік-теориялардың  методологиялық  негізі 
фундаментализм, редукционизм және эссенциализм болып табылады: 
а)      Фундаментализм шексіз биліктің бір немесе бірнеше әлеуметтік 
байланыстардың  онтологиялық  алғашқы  негіз  салушылары  болып 
табылады. 
б) 
Редукционизм 
мәліметтің 
нақтылы 
әлеуметтік-мәдени 
әртүрліліктің    операционалды  ортақ  мәні  болып  табылады  -  бір  ғана 
негізге ұғыну ретінде  және соңғы себепке байланысты қоғамдық-тарихи 
жүйе. 
в)    Эссенциализм методологиялық білім алудың ұмтылыс түрін  яғни 
ортақ түрде оқып үйренудің нақты объектісінің түсінігі екенін  көрсетеді.  
 Классикалық  қоғамтанудың  идеалы  презумпция  және  жан-жақты 
бірлік жүйеде адамдардың ой өрісінің билігінде сенімінде қалыптастыру; 
мұндай  идеал  жан-жақты  әлеуметтік  концепцияда  жузеге  асырылған, 
қоғамдық  өмірдің  барлық  жақтары  ортақ  теория  жүйесінде-  әлеуметтік 
жан-жақтылықтың  рационалды  қайта  құруында.  Оның  критериясы  ой 
санаға  сиымсыз  идеалданған  объектілердің  теориялық  шынайылықтың  
құрылымы.  Сонымен  қатар  классикалық  танымды  құру  күнделікті  және 
теориялық білімнің айырымын ресми мәлімдеу сонымен бірге теориялық 
құрылымның  шынайылығын  кепілдендіріп,  объективті  бақылаудың 
көзқарасын  қалыптастырып,  күнделікті  өмірге  қызығушылық  алғышарт 
фактісін жоққа шығару. 
«Әлеуметтік  әлемнің  таңғаларлығы»  қатыгез  және  бір  жақты 
идеалдық  теориялығын  жоққа  шығару:    классикалық  емес  әлеуметтік 
теория  идеал  мен  үлгіні  қолданады  «рационалды  хабарлау»  және  жеке 
құбылыстар мен өмірдің қоғамдық жақтарын суреттейді. 
Қазіргі кезде әлеуметтік теорияға негіз тиімді кеңею және түсінудің 
жан-жақты  болуы,  «рационалды»  және  әлеуметтік  рационалдық  ұғымы 
тән:  әр  түрлі  рационалды  және  нақты  іс-қимылдарыжәне  адамдардың 
белсенділгі,  әртүрлі  жеке  және  тарихи  өмір  әлеміне,  сонымен  қатар 
әлеуметтік нұсқаларына көңіл бөлінуде. 


 
 
175 
Классикалық қоғамтануға тән объективтік құрылым, элиминациялық 
мақсат  пен  бағалы  қарым  –  қатынас  субъектері;  әлеуметтік  алғышартта 
конститутивтік жан-жақтылық субъективтілік құрылуда,интерсубъективті 
қатынастармен және адами әрекеттерге субъективті арақатынастар. 
Дәстүрлі  әлеуметтік  ғылымдарды  инструменталды  деп  анықтауға 
болады; 
классикалық 
әлеуметтік 
теория 
«шектеулі 
негіздер» 
жетістіктерімен  және  ізденістерімен  байланысты,  ол  бір  мағыналы 
түсініктер мен болжаулар береді, әлеуметтік ғылымдар әлеуметтік теория, 
соның  ішінде  әлеуметтік  алғышарттық  герменевті;  олар  гипотеза 
талдауын ұсынуда. 
Қазіргі  заманғы  әлеуметтік  -  гуманитарлық    білім  қоғамтану 
жүйесінің    қажеттілік  талдауынан  туындайды,  оның  қарамақайшылығы 
және  келешекте  дамуы,  адамның  өміріне  емес,  таным  пәндеріне 
бағытталған;  «методологиялық  шиеленіс»  жаңа  форма  шығару  түрін 
мазмұндау  және  әлеуметтік  болмыс  түрін  түсіндіру;  философияның 
методологиялық жұмысы танымды талдаумен ғана шектелмей, ол қызмет 
схемасын, адамның өз қолымен жасаған әлеуметтік болмысты елестету  
Методологиялық 
пайымдау 
адамның 
күнделікті 
өміріндегі 
мәселелеріне  көңіл  аударып,олардың  қарым-қатынасы,  өзін-өзі  ұстау, 
методология  жұмысы    анықтау,  жұмыс  кескінін  қайта  өзгерту, 
«құрастырылған» жеке адамның  күнделікті тәжірибесі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет