34
шындыққа жеттік деп айту үшін жеткілікті негізге ие бола
алмаймыз».
Поппер ғылымның «мағынасыз» философиялық боссөздерді
алып тастауындағы рөлін бөліп көрсетеді. Философия, Поппердің
пайымдауынша, неопозитивистер ойлағандай тек әлем туралы
адамзаттың айтқан сөздерінің мағынасын анықтайтын іс әрекет болып
қана қоймай ғылым сияқты өз алдына күрделі мәселелерді қоя және
талқылай алады. Поппер философия мен ғылымның ұқсастықтарын
метолодологиялық аспектіде көреді. Философияға тек өзіне тән
«логикалық және лингвистикалық» әдіс тиесілі деп есептеген
неопозитивистерге қарсы, Поппер жалғыз философияға ғана
маманданған әдіс жоқ деп анықтайды.
Осымен қоса, «белгілі бір ортақ әдіс» бар деп есептейді Поппер.
Ол тек қана философияға ғана жатпайды, ол «табиғи ғылымдарға
философиядан аз емес мөлшерде тиесілі». Осы әдістің негізі ретінде
рационалдылықты және сыншылдықты ала отырып, Поппер:
«Белгілі бір мәселенің қандай да бір шешімін ұсынарда біз, сол
арада жедел түрде осы шешімді жақтамай, оны жоққа шығаруға
тырысуымыз керек» деп айтады.
Сонымен, К. Поппердің ғылым философиясына қосқан үлесі
болып ғылыми таным үшін метафизиканың мағыналығын көрсетуге
көмектескен индукцияның сыны мен фальсификациялау идеясы
табылады.
Осы күрделі мәселеден біріншіден К.Поппердің ғылым
методологиясы және гносеологиялық тұжырымдамасын атауға
болады. Поппер ғылым теориясына реалистік көзқарас жүргізді:
әлем, теория туралы сезулері бола тұра, оның көзқарасы бойынша
шынайы өмірдің ғылым күнделікті әртүрлі аспектілерін сипаттауға
мүмкіндік береді.Ол сонымен қатар философия ғылымының негізгі
мәселесі болып дайын теорияларды талдау ғана емес, керісінше
ғылыми білімнің дамуын зерттеу болып табылады. Осыған орай
ғылыми теорияны жасанды, логикалық арқылы талдауды ұсынатын
неопозитивистерге қарсы шығады.
Поппер өзін неопозитивизмнің жақтаушысы деп санамаса да,
керісінше өзінің оған деген сындық қатынасын көрсеткенмен де
оның
көптеген
философиялық
доктринасы
неопозитивизм
дәстүрімен байланысты. Қоғам дамуы – бұл ғылым дамуының
нәтижесі деген анықтаманы қолдауы О.Конттың теориялық
зерттеулерінің негізгі идеясы болды. Барлық позитивистер сияқты,
Поппер де шығатын гипотезалардың қалыптасу құралы ретінде
индукцияны жоққа шығарады. Мысалы, ғылыми теорияны дәлелдеу
туралы сөз болған уақытта, ғылым
методологиясы тек дедуктивті
36
қарастырады. Ол былай деп жазған: «Менің ойымша ғылымның
мақсаты – қанағаттандырарлық түсіндірмелер іздеу...».
Түсіндірмелер қанағаттандырарлықтай болуы үшін белгілі бір
- қажетті қасиеттерге ие болуы, ең алдымен нақты логикалық
талаптарды қанағаттандыруы керек. Ғылыми түсіндірмені Поппер
«себепті түсіндірме» деп атайды.
Поппердің айтуы бойынша, ғылыми гипотезаларды тексеру
таза дедуктивті процесті білдіреді және ол индукцияға қандай да бір
қатынасты талап
етпейді.
Поппер
ғылымның
дедуктивті
методологиясын қалыптастырады. Дедуктивті позиция оны ғылыми
теорияны негіздеу мүмкін емес, оны тек жоққа шығару мүмкін
деген қорытындыға әкеледі. Егер теория тексеруден өтпесе, онда ол
«модус толенс» дедуктивті ережесіне сәйкес жоққа шығарылады.
Ғылыми
заңдары
универсалды
ұсыныстар
нысанына
ие
болғандықтан,
«барлық
Х
элементтеріне
Х,
барлық
Y
элементтеріне Y, барлық Y элементтеріне Z R – ға қатынасы бар»,
онда осы тұжырымды «modus tollens» схемасы бойынша жоққа
шығаруы үшін классикалық нормаларға сәйкес бір ғана жоққа
шығарушы элемент қажет. Бірақ бұл эмпирикалық дәлелдеу, яғни
бекіту үшін жүзеге аспайтын көптеген эксперименттерге қарағанда
нақты жүзеге асырылатындай болуы керек. Нақты осы аталған
формальды логикалық ой Поппердің фальсификациондық негізінде
жатыр.
Поппер, ғылыми теориялар әлем жайында жоғары хабардар
шешімдер болып табылады, бірақ олар әр түрлі эксперименттік
құралдар арқылы тексерілуі мүмкін деп ойлайды. Жалпы алғанда,
егер жаңа проблема бұрынғы проблемада қарастырылғаннан басқа
түрлі аспектілерге баланысты болса,онда прогрессивтілік алға
басушылық нәтижесінде зерттелуші құбылыстың жаңа көріністері
және оларды терең түсіну шығатын даулы жағдайға жатқызуға
болады
Фальсификация идеясы – Поппер логикасының регулятивтік
идеясы. Оны қайта қарастыру процесінде концепцияның алғашқы
вариантының түрлі аспектілерін өзгертіп, бірақ негізгі бағытта олар
сақталынады. Поппер ұстанған ғылымның даму механизмінің
түсінігі қазіргі кезеңдегі батыстың ғылым философиясының
айналымы шеңберінен шыққан жоқ.
Қазіргі кезде саналы түрде қарастырылып отырған шындыққа
сай теориялар тұрғысында танымның
проблемалары емес негізгі
ретіндегі фактілер фальсификаторлар жиынтығы немесе «қиын
фактілерді» құрайды. Фальсификация процедурасы жай ғана
теориямен бақылау арасындағы дуэль емес, ол қарсылас теориялар,