112
ұғым келісілген әрекет, үздіксіз ынтымақтастық, бірлесіп пайдалану
деген мағынада қолданылады.
1973 ж. неміс ғалымы Г. Хакен өзін-өзі ұйымдастыру мәселелеріне
арналған бірінші конференцияда сөз сөйлеп жаңа пәннің ашылғанын
айтады, содан сол жыл синергетиканың туған жылына айналды. Г.Хакен
синергетиканың негізін қалаушы корпоративтік құбылыстардың сан
қилы жүйелерде байқалатындығына назар аударады: астрофизикалық
құбылыс, фаралық өзгерістер, гидродинамикалық тұрақсыздықтар,
атмосфералық циклондардың құрылуы, популяция динамикасы, тіпті
мода құбылыстары. өзінің «Синергетика» деген классикалық еңбегінде
ғалым астрофизикадан социологияға дейінгі көптеген пәндерде бір
жүйенің жеке бөлшектерінің кооперациялары қалайша макроскопиялық
құрылымдарға немесе функцияларға әкелетінін үнемі байқайтынымызды
айтады.
Синергетика көбінесе макромасштабтық деңгейде күшті өзгеріске
ұшырайтын жүйенің құрылымдары немесе
функциялары орын алатын
жағдайларда жиі көрініс табады. Әсіресе синергетиканы өздігінен
ұйымдасудың жалпылама шартталған процесстерімен жүйелер саласы
немесе оның бөлшектері қалайша өзгеріске ұшырайтындығы мәселесі
қызықтырады.
Хакен жаңа пәнді неге синергетика деп атағанын былай түсіндіреді.
Біріншіден, онымен «... нәтижесінде макроскопиялық деңгейде
туындайтын құрылымға және сәйкес қызметтесуге әкелетін көптеген
жүйе салаларының бірлескен әрекеті зерттеледі». Екіншіден, ол әртүрлі
ғылыми пәндердің өздігінен ұйымдасу жүйесінің жалпы қағидаларын
іздестіреді. 1982 ж. Ресейде өткен синергетикалық конференцияда жаңа
ғылымның нақты басымдылықтары көрсетілді. Г.Хакеннің айтуынша,
тар мамандырылған білім салаларындағы дағдарысқа байланысты
ақпаратты біршама аз сандағы заңдарға концепцияға немесе идеяларға
дейін қысқарту керек дейді. Ал синергетика осындай талпыныстардың
бірі, ғалымның ойынша, табиғаты жағынан әртүрлі жүйелер өзіндік
ұйымдасу қағидасын қолданады. Ендеше әңгіме синергетиканы іздеп
табуға бағытталған табиғи және әлеуметтік процестердің ортақ
детерминанттары жөнінде болу керек.
Осылайша синергетика өкімді ғылыми концепциялардың бірі болып
табылады. Оның пәні ретінде өзіндік ұйымдасу процесі спонтандық
құрылым танылады. Синергетиканың негізін қалаушы идеясы - теңсіздік
жаңа ұйымдастық пайда болу қайнар көзі деп танылады, яғни тәртіп.
(Порядок из Хаоса) деп аталған (М., 1986)
Тәртіптіліктің туындауы материяның өздігінен ұйымдасуына
теңестіріледі. Жүйе әрқашанда ашық және сыртқы ортамен энергия
алмасады. Ол сыртқы орта параметрлеріне тәуелді.
115
ережелерінің бірімен сәйкес.
Әлемнің өзіндік ашықтығын шынайылықтың кванттанудың көп
түрлі тәсілі, материяның түрлі сахналық - құрылымдық жиынтығы деуге
болады. Өзіндік ұйымдастырушы синергетикалық жүйені меңгеру
стратегиясы
бифуркация, флуктуация, хаосомдылық, диссипация,
Достарыңызбен бөлісу: