Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1.4   ХІХ ғ. позитивистік  
        философиясындағы 
         ғылым ұғымы
 
ғылыми  ізденістерін  көріп  отырмыз.  Әмбебап-математикалық  амал 
сияқты  Декарттың  да  қарапайым  ғылыми  көзқарасы  оның 
философиялық-методологиялық оқытуларын жалғастыруда.  
 
Ғылыми 
таным 
методологиясын 
дайындау барысындағы көрнекті орын 
позитивизмге  тән.  ХІХ  ғасыр  ғылыми 
зерттеулері 
физиканың 
дамуына 
ықпал жасады. Жаңа бөлімдер пайда болды, олар: электр тоғы туралы 
оқулықтар; магнетизм; жаңартылған жылу теориясы; оптика. Физика 
математикамен тығыз байланыста дамып отырды, ол тек Ньютонның 
ғана  заңдарына  сүйеніп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  Ж.Л.Лагранж 
және  П.С.Лапластың  да  зерттеулеріне  сүйенген.  Математикалық 
есептеулер  мен  тәжірибесіне  сүйенген  нақты  білімді  Сен-Симон 
«позитивті білім» деп атаған.  
        Егер  ХVII  ғасыр  ғылыми  революция  классикалық  метафизика 
(Р.Декарт, Г. Лейбниц) шеңберінде енгізілсе, онда ХІХ ғасыр ғылыми 
прогрестің  философиялық  контексі  ретінде  антиметафизикалық 
ағымдар  дами  бастаған.  Өнеркәсіптің,  құрылыстың,  сауданың, 
мемлекеттік басқарудың дамуы жаңа мамандарды талап етті, олардың 
білімдері  қабілеттеріне  сай  болуы  тиіс  еді.  Позитивті  білім  –  білім 
беру  жүйесінде  де  қажет  болды.  Осының  барлығы  жаратылыстануға 
қажетті  натурфилософияның  аяқталуын  білдіретін.  Жеке  ғылым 
қоғамдастығында  кейбір  өкілдерде  Гегельдік  және  «дәстүрлі» 
философияның қажеті жоқтығына байланысты ойлар туа бастады. 
Позитивизм өзінің дамуында үш кезеңнен өтті:  
-
 
ХІХ  ғасырдың  басы  –  ХІХ  ғасырдың  аяғы  –«бірінші 
позитивизм» (О.Конт, Дж.С. Милль, Г. Спенсер) - классикалық; 
-
 
1920 жылға дейін – «екінші позитивизм» (Э. Мах, Р. Авенариус)      
эмпириокритицизм;  
-
 
1920 жылдан бастап –«үшінші позитивизм» (М.Шлик, Б. Рассел, 
Р. Карнап, К. Поппер және .б.)  логикалық позитивизм. 
Позитивизмнің  бірінші  даму  кезеңі.  Позитивизмнің  негізін 
қалаған  француз  философы  Огюст  Конт        (1798-  1857). 
«Позитивтік  философия  курсы»  атты  жұмысында    ол 
интеллектуалдық дамудың үш даму кезеңін анықтады: 
1.
 
Теологиялық, мұнда жоғарғы күштер қызметі басым болған; 
2.
 
Метафизикалық,  мұнда  құбылыстар  абстрактілі  негіз  бойынша 
түсіндірілетін; 
3.
 
Позитивті  (ғылыми),  мұнда  табиғат  феномендерін  алынған 
заңдылықтар негізінде түсіндіруге болады. 

 
 
22 
  Ғылымның  даму  нәтижесінде  адам  санасы  сенімнен  жоғары 
болуы  тиіс,  ғылым  діннен,  оң  білім-  теология  мен  метафизикадан 
жоғары  болуы  тиіс.    Конттың  философиясының  негізі  болжамы 
осыдан туындады. 
Конттың  пікірі  бойынша  позитивті  білім    барлық  білімнің  негізі 
болып есептлінеді. Сондықтан, позитивті ғылым –сипаттауға болатын 
шынайылық  туралы  ғылым.  Ғылымның  мақсаты  –  заңдылықтарды 
зерттеу,  өйткені  тек  заңдылықтар  болашақты  болжауға  мүмкіндік 
береді және біздің белсенділігімізді табиғат  пен қоғамның  өзгерісіне 
бұра алады.  
        Соңғы  мәселені  шешу  үшін,  Конт  «әлеуметті  физиканы»,  яғни 
ғылыми әлеуметтануды құруды қажет көрген.  
Философ  пікірі  бойынша  позитивті  білім  әрқашан  қатысты,  өйткені 
қабылдау  процесі  –  тек  құбылыстардың  уақытша  тізбектілігі  және 
олардың  кеңістіктік  координациясы.  Осыдан  фактілердің  жиынтығы 
имманентті  болып  табылады.  Имманенттілік  көзқарасы  бойынша  – 
позитивті  ғылым  қағидасы  метафизикаға  қайшы  келеді.  Конт 
метафизикалық  категорияларды  қолдануға  қарсы  шыққан  болатын, 
олар 
«абсолютті 
субстанция», 
«абсолютті 
объект», 
«трансценденттілік» және т.б., себебі аталған талпыныстар  абсолютті 
рухтың  құпиялы  әсерін  айқындайды,  ал  ол  өз  кезегінде  теолого-
физикалық ойлауға тән қасиет болып табылады.  
        Бірақ,  нақты  фактілермен  қатар  Конт  абстрактілі  түсініктердің 
болуын  да  мойындайды.  Математикалық  формулалар  көмегімен 
ғылым құбылыс әлемінің уақытты тізбегі мен кеңістікті қатынастарды 
тіркейді.  Табиғи  заңдылықтарды  ретке  келтіру  мақсатымен  Конт 
ғылымдар  классификациясын  құрған  болатын.  Осы  классификация 
бойынша 
ғылым 
қарапайымдылық 
абстрактілік 
дәрежесіне 
байланысты  кеміте  орналасқан  –  математика,  астрономия,  физика, 
химия,  биология, әлеуметтану.  Олардың  жүйелі  реті  құбылыстардың 
қарапайым ретіне сәйкес келеді және ол позитивті білімнің даму ретін 
сипаттайды.  Математика  бірінші  орынды  иеленді,  өйткені  ол  ең 
қарапайым  объектілер  туралы  ғылым,  ол  абстрактілі  және  позитивті 
ғылыми  пән  ретінде  бірінші  болып  қалыптасқан.  Әлеуметтану, 
фундаментальды пәндердің ең соңғысы, өйткені ол өте күрделі, нақты 
және тарихи жағынан кейіннен қалыптасқан ғылым болып табылады. 
Әлеуметтану, басқа пәндерге қарағанда қатаң заңдылықтарды көбірек 
қажет  етеді,  себебі  ол  күрделі  құбылыстармен  көп  байланысты. 
Екінші  жағынан,  оның  әр  түсінігі  байланыстар  жүйесіне  кіреді,  ал 
олар үнемі кеңейіп, нығайып отырады. 
            Конт  жіктемесінде  философия  ескерілмеген,  өйткені  оның 
пікірінше «ғылым өздігінен философия болып табылады». Философия 

 
 
23 
міндеті – «әрбір ғылым руханилығын ашу, олардың байланысын және 
қатынастарын  анықтау,  позитивті  әдіске  сәйкес  қағидаларын  қосу». 
Сонымен, философия ғылымдар методологиясына байланысты.  
           Джон  Стюарт  Милль  (1806-1873),  Конт  ізбасарларының  бірі. 
Оның  пікірі  бойынша  философия  ғылыми  болуы  тиіс  және  оның 
құрылымы  әдістерді  ғана  қамтып  қоймай,  сонымен  қатар  дәлелдерді 
де  қамтуы  тиіс.  Милль  еш  априорлы  немесе  интуитивті  білімді 
мойындамаған.  Әр  білімнің  негізіне  тәжірибе  салынған.  Милль 
айтқандай,  «Тәжірибе  шындықтың  өлшеуіші  және  критерийі  болып 
келді  және  ол  оның  шеңберінен  еш  аспауы  тиіс.  Милль  үшін 
индукция  білімді  алудың  түбегейлі  әдісі  болып  табылады.  Ол 
индуктивті  логиканың  заңдылықты  жүйесін  құруға  тырысқан.  Оның 
көзқарасы бойынша логиканы оқыту ретінде қабылдау қажет және ол 
метафизикамен  философиядан  алшақ  болуы  тиіс.  Ғылыми 
рационалдылық  –  адамның  ғылым  көмегімен  бағындырған  шыңы, 
олар  артта  керексіз  және  ескірген  діни  және  метафизикалық  ойлау 
формаларын  қалдыру  керек.  Милль  дәлелді  негіз  ретінде 
ұсынғанымен,  ол  біздің  тарихымыздан  алшақтағанымызды  білдіреді, 
бірақ  ол  кейінгі  маңызды  гносеологиялық  және  логикалық 
мәселелердің орын алуын мүмкін етеді. 
Осы  уақытта,  дайын  білімнің  құрылымына  сүйене  отырып 
Милль  ғылымды  философиядан  бөледі  және  олардың  арасындағы 
шекараны 
қатал 
демаркациялық 
сызыққа 
айналдырады. 
Н.Г.Чернышевскийдің  сөзімен  айтқанда  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысының орыс ғалымдарының көбісі белгілі бір кезеңде Конттың 
философиялық шығармаларының әсерінде болды, олар онда ғылымға 
адал  жалғыз  философиялық  жүйені  көрді.  Көбірек  ерген  орыс 
позитивистері–Н.К.Михайловский  (1842-1904),  П.Л.Лавров  (1823-
1900),  В.В.  Лесевич  (1837-1905),  Н.И.  Кареев  (1850-1931)  және 
басқалары.  Әлем  туралы  оңтайлы  білімдерді  реттеу  әдістерін, 
иррационализм мен қорқынышқа әсер ететін әдістерді олар тура осы 
позитивті философиядан іздеді.  
Конт,  Спенсер,  Милльдің  позитивтік  жүйелері  шынайлықты 
механикалық  түсінудің  принциптеріне  сүйенетін  әлемнің  ғылыми 
суретін  құрастырды.  ХІХ-ХХ  ғасырлардың  шекарасындағы  табиғи-
ғылыми  білімнің  прогресі  кванттық  физиканың  дамуымен 
байланысты  механикалық  методологияны  сұрақ  астына  алды  және 
бұрынғы  әлемнің  суретін  бұзды.  Зерттеулер  барысында  ғылыми 
тәжірибелердің  және  адамның  сезім  мүшелерінің  арасындағы  
тәуелділік  анықталды.  Позитивизм  бұрын  тек  қана  метафизикалық 
болып  саналған  мына  сұрақтарды  қарастыруға  тиіс:    табиғат  туралы 
таным,  объект  пен  субъект  арасындағы  қатынас,  психикалық  және 

 
 
24 
физикалық  қарым  қатынасы,  тәжірибелердің  мінездемесі  және 
бастауы туралы т.б.  
Позитивизмнің екінші даму кезеңі – эмпириокритицизм (Э. Мах 
(1838-1916),  Р.  Авенариус  (1843-1896))    ғылымның  жаңа  әдістемелік 
негізін жасау  мәселесін қойды.  
Табиғаттың  бірдей  заңдары  әртүрлі  теоретикалық  ұғымдар 
арқылы көрініс табатыны  анықталды. Мысалы, бір жағынан, Ампер-
Вебердің  электродинамикалық  зерттеу  программаларының  және 
екінші  жағынан  Фарадей-Максвеллдің  ұзақ  уақыт  бәсекелесуі 
электромагнетизмнің заңдарының  әртүрлі  құрастыруы мүмкін екенін 
көрсетті.  
Эрнст  Мах,  дүниетануда  пайда  болған  сол  методологиялық 
мәселелерді шешуде және құрауда сезімдік танымның білім негізінің 
редукциясынан  шықты.  «Әлем-бұл  сезімдердің  жиыны,  ғылымның 
міндеті – оларды сипаттау». 
Логикалық  анализ  және  индуктивті  тәжірибе  жолымен  Мах 
көптеген  ұрпақтардың  практикалық  қызметінің  нәтижесінде 
қалыптасқан  инстинктивті  білім  мен  ғалым  жеке  тәжірибелерінен 
алынған  ғалымдық  білімнің  арасындағы  айырмашылықты  бөледі. 
Ғалымның  қызметінде  ол  ғылымдық  гипотезаны  шығару  мен 
теорияларды  құраудың  ағартушылық  үрдісін  бөліп  көрсетті. 
Теориялардың  мақсаты  –  ғылымдық  тәжірибе  нәтижесінде  алынған 
эмпирикалық 
берілгендердің 
экономикалық 
жүйелігі 
мен 
кодталуының  ең  оңай  әдісі  болуында.  «Механика.  Оның  дамуының 
тарихи  критикалық  очеркі»  кітабында  өзінің  «ойлау  экономиясы» 
принципін  Мах  және  Авенариус  концепцияларының  арасында  көп 
ұқсастықтар  бар,  бірақ  Мах  өзін  ғалым  деп  санап  ғылымды  «атом», 
«материя»,  «субстанция»  сияқты  метафизикалық  ұғымдардан 
босатуға  ұмтылды.  Мах  үшін  ғылымның  жалғыз  ғана  функциясы 
болып сипаттау табылады. 
Рихард  Авенариус  өзін  философ  деп  санады  және  табиғат 
туралы  позитивті  ғылымдарға  ұқсас  етіп  философияны  қатал  ғылым 
ретінде  құрауға  тырысты.  «Эмпириокритицизм»  терминін  барлық 
тексерілген  шындықтарды  сыншыл    қарастыратын  философиялық 
ұстанымды  анықтау  үшін  енгізді.  Барлық  жерде  бәрі  үшін  бірдей 
әлемнің  әмбебап  концепциясын  алу  үшін  сын  философиялық  және 
мифтік  ойдан  шығаруды  жою  үшін  қажет.  «Таза  тәжірибеде» 
Авенариус  материя  және  жан,  психикалық  және  физикалық  қарама-
қайшылықтарды  жоюға  тырысқан.  Авенариус  «субъектісіз  объект 
жоқ» деп, тәжірибеде материя мен сана сезім қарама қайшылықтары 
жойылады  деп  есептеген.  Ағартушылық  ғылымның  психикалық 
механизмдерін, сонымен қоса ғылымдық білімді құрастырудың тиімді 

 
 
25 
1.5 Вена үйірмесінің ғылыми-  
     философиялық мәселелері 
 
формалары мен әдістерін зерттеу ғылым философиясының пәні болуы 
керек. 
Сонымен,  ғылым  философиясы  пән  ретінде  өзі  туралы  тек  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  жария  етті,  бірақ  оның  бастауында 
ғылымның  методологиясына  және  логикасына  үлкен  үлес  қосқан 
бірінші позитивистердің аттары тұр.   
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
 
Ғылым тарихы: дамуы, негізгі проблемалары және сұрақтары. 
2.
 
Алғы ғылым және оның негізгі ерекшеліктері. 
3.
 
Миф, технология, ғылым. 
4.
 
Мәдениет тарихындағы ғылым генезисы. 
5.
 
Классикалық ғылымның бастаулары. 
6.
 
Қазіргі ғылымның ерекшеліктері: негізгі критерийлері. 
 
1922  жылы    Австрияда 
Вена 
университетінің 
индуктивті 
ғылым 
философиясы кафедрасында М. Шлик (1882-1936) басқарған  Вена 
үйірмесі  атанған  логикалық  позитивизм  құрылған.  Баспатқыда  ол 
ғалымдардың  еуропалық  қозғалысы,  ғылыми  әдіскерлері, 
логиктары  ретінде  пайда  болды,  кейіннен    бұл  үйірмеге  Вена 
университетінің  оқытушылары  мен  студенттері  кірген,  басқа 
мемлекеттердің  өкілдері  арқасында  ол  кеңейді.  Әртүрлі  уақытта 
Вена үйірмесіне Р.Карнап, Г.Бергман, Г.Фейгель, К.Гедель, Г.Хан, 
О.Нейрат,  Ф.Вайсман  және  т.б.  кірген.  Вена  үйірмесінің  танымал 
көшбасшысы  болған  Мориц  Шлик  және  үйірмеге  1926  жылы 
шақырылған  оның  ісін  жалғастырушы  Рудольф  Карнап  (1891-
1970).  1929  жылы  Карнап,  Хан  және  Нейрат  «Ғылыми 
дүниетүсінік.  Вена  үйірмесі»  манифесін  басып  шығарды.  Осыдан 
кейін  Еуропа  және  АҚШ  университеттерінен,  Берлиндік 
эмпирикалық  философия қоғамынан, Львов – Варшава мектебінен  
бір  ой  ұстанатын  топтармен  және  де  бөлек  философтармен 
қатынастар  пайда  болды.  Вена  үйірмесімен  Ф.Франк,  Э.Кайла, 
Э.Найгель,  А.  Айер  және  т.б.  қатынас  орнатты.  1930  жылдан 
«Erkenntnis»  (Познание)  позитивті  журналының  шығарылымы 
басталды,  ол  1939  жылға  дейін  шықты,  ал  1938  жылы 
«Унифицирленген ғылымның халықаралық энциклопедиясы» және 
«Унифицирленген  ғылыми  сериясының  кітапханасы»  кезеңдік 
басылымдар  шықты.  1929-1930  ж.ж.  неопозитивистер  бірқатар 
конгресс  шақырды:  Прагада  (1929,1934),  Кенигсбергте  (1930), 
Парижде (1935,1937), Копенгагенде (1936), Кембриджде (1938). 

 
 
26 
Вена үйірмесінің өкілдері ғылым философиясының дамуы және 
қалыптасуына  үлкен  үлес  қосты.  Негізінен  ХХ  ғасырдағы  басты 
ғылым  философиясының  мәселелері  бірінші  рет  Вена  үйірмесінің 
теориялық  қызметінде  қарастырылды  және  талқыланды.  Оның 
қатысушылары ғылым философиясының екі басты мәселесін қойды: 
 
ғылымдық  білімнің  құрылуы,  ғылымның  құрылымы, 
эмпирикалық және теориялық деңгейдегі ғылыми ойлар жайлы
 
ғылым спецификасы, ғылыми ойлар және олардың ғылыми 
критерийлері:  ғылым  тілінің  ұғымдары  және  тұжырамдамаларының 
ғылымилылығын нағыз анықтау мүмкіндіктері мен әдістері жайлы. 
  Философия  үшін  ғылыми  білімнің  құрылуы,  оның  эмпирикалық 
және теориялық деңгейлерінің сәйкестігі туралы сұрақ жаңа емес.Бұл 
мәселе  Жаңа  заман    ғылымының  пайда  болуынан  бері  талқыланып 
келеді  және  алғашында  сезімдік  немесе  рационалдық  түсінімге  өз 
қалауларын  беретін  эмпиризм  және  рационализмнің  қақтығысуы 
формасында  болған.  ХХ  ғасырда  ғылым  сондай  тез  дамыды,  оның 
құрылымының  логикалық  анализінің  мәселесі  ең  маңызды  мәселе 
ретінде күн тәртібіне қойылды.  
   Ғылымилықтың 
критерийлерін 
іздеу 
мәселесі, 
ғылыми 
сөйлемдердің  ғылыми  емес  сөйлемдерден  айырмашылығы  туралы 
сұрақтың  қойылуы  да  маңызды  болды.  Бұл  былай  түсіндіріледі, 
ғылымның үлкен нәтижелері және оның әсер етуінің өсуі заманында  
жай ғана тұжырымдар мен көзқарастар ғылымиларға жатқызылды.  
Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  «ғылымды  метафизикадан 
босатуға»,  ғылым  тілін  ғылыми  емес  ойлардан  тазартуға  ұмтылысы 
философия  және  ғылымның  қатынасы  жайлы  сұрақты  анықтауды 
ұсынған. Үйірменің барлық қызметкерлері ғылымның метафизикадан 
босатылуын  қолдады.  Вена  үйірмесінің  позитивистері  айтуынша 
адамзатқа  тиісті  сыртқы  әлем  туралы  білімнің  барлығы  тек  жеке 
эмпирикалық  ғылымдардан  алынады.  Философия  әлем  туралы  осы 
ғылымдар  айтқаннан басқа жаңа ештеңе айтпайды, ғылыми көзқарас 
білдіре  алмайды.  Философия  –  ғылым  емес  және  ғылыми  бола 
алмайды.  
Егер де философия әлем туралы білімдер жүйесінің құрылуына 
таласпаса,  онда  философияның  рөлі  адамзаттың  білім  жүйесінде  зор 
орын  алады.  Философия  әлеммен  жұмыс  істемейді,  ал  оның  тілдегі 
бейнесімен  жұмыс  істейді.  Адамзат  білімі  тілде  көрініс  табады,  ал 
философия  болса  осы  тілмен  айналысады  –  сөздерімен, 
сөйлемдерімен, сөз тіркестерімен. Оның міндеті ғылым сөйлемдерінің 
түсінігін және анализін жасау, анализде ұғымдарды қолдану, сөздерді 
қолдану  ережесін  құрастыру.  Вена  үйірмесінің  барлық  өкілдері 

 
 
27 
философияның  нағыз  пәні  болып  тіл  табылатынын  толық  қолдады. 
Көбісі философияны ғылымның логикасы деп таныды.  
Сонымен  Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  айтуынша  философ 
тілмен  айналысады,  Карнап  оны  сөздерді  қолданудың  формалды 
ережелерімен жұмыс деп түсінген, ал Шлик бойынша философиялық 
таным сөздердің мағынасын анықтаудың үрдісі болып табылады.     
        Адамзат  біліміндегі  философияның  рөлін  осылай  түсінгендері 
үшін  Вена  үйірмесінің  идеялары  басқа  философия  бағыттарының 
өкілдерімен  сынға  алынған.  Соның  салдарынан  алға  шыққан  жаңа 
философия пәні пайда болды – ғылым логикасы мен методологиясы, 
ғылым философиясы.  
Вена  үйірмесінің  өкілдері  үшін  философия  тек  қана  ғылым 
тілінің  анализі  ретінде  ғана  өмір  сүре  алады.  Осы  анализ  кезінде 
пайда  болатын  бірінші  сұрақ:  қандай  тұжырымдар  ғылыми  сипатқа 
сәйкес  келеді,  ал  қайсыларын  ғылыми  тілден    алып  тастау  керек? 
Басқаша  айтқанда,  ғылыми  тұжырымдамалардың  мамандануы 
қандай?  Вена  үйірмесінің  концепциясына  сай  адамзатты  қоршаған 
дүниедегі  заттардың  қалпының    қосындысы  шынайлылық  болып 
табылады.  Мұндай  заттардың  қалпы  эмпирикалық  түрде  анықталуы 
мүмкін және жай хаттама сөйлемдерінде анықталуы мүмкін. Хаттама 
сөйлемдерінің  қосындысы  ғылыми  білімнің  шынайы  базасын 
құрайды.  Оны  тәжірибе  мен  сипаттаулар  арқылы  анықтауға  болады. 
Сезім  мүшелері  мен  осы  мүшелердің  жалғасы  болып  табылатын 
құралдар  барлық  адамдар  үшін  бірдей  құралғандықтан,  біз  оларға 
сенбеуіміз мүмкін емес.  
Логикалық  аппаратты  қолдану  заттардың  қалпы  арасындағы 
байланысты  және  қарым-қатынасты  сипаттауға  болатын  одан  да 
құрылымы  қиын  молекулалық  сөйлемдердің  құрылуына  мүмкіндік 
береді.  Егер  де  логиканың  жай  тілін  қолдансақ,  жай  эмпирикалық 
берілгендерді сипаттауға болады, ал егер де логиканың  қиын әрі бай 
құралдарын  қолдансақ  үлкен    мағынасы  бар  тұжырымдамаларды 
алуға  болады.  Осылай  эмпирикалық  білім  құралады.  Басқаша 
айтқанда эмпирикалық сөйлемдер екі типті болады: 
 
фактілер  туралы  тікелей  тұжырымдар  –  атомдық,  жай, 
хаттамалық сөйлемдер
 
жай 
сөйлемдер, 
немесе 
шынайы 
жай 
сөйлемдердің 
функциялары. 
Теориялық  деңгей  индуктивті  ортақтастыру  және  жаңа  білімді 
енгізудің  гипотетикалық  әдістері  көмегімен  қалыптасады.  Ғылыми 
теорияның  құрылуының  басқа  жолдары  жоқ.  Вена  үйірмесінің 
қызметкерлерінің түсінігі бойынша логикалық қорытынды жаңа білім 

 
 
28 
бермегендіктен,  теория  сөйлемдерінің  мазмұны  жай  сөйлемдердің 
мазмұнымен тең.  
Сонымен,  ғылыми  білімнің  теориялық  және  эмпирикалық 
деңгейлері  теорияның  екі  құрылымдық  деңгейлері  болып  табылады. 
Теориялық  деңгейде  ғылым  заңдары  және  ғылыми  гипотезалар 
сияқты  маңызды  ғылыми  ұғымдар  пайда  болады,  сондай-ақ  осы 
ғылыми гипотезалар мен заңдарды дәлелдеу мәселесі тұрады. Мұндай 
дәлелдеу  тек  қана  ғылыми  білімнің  теориялық  және  эмпирикалық 
деңгейлерінің  арасындағы  байланысты  анықтағанда  мүмкін  болады. 
Теориядан  алынған  фактілер  тәжірибе  жүзінде  тексеріледі.  Егер  де 
фактілер  шынайы  болса,  онда  теориялық  тұжырымдама  дәлелденген 
болатын, неғұрлым дәлелдер көп болған сайын ол соғұрлым ғылыми 
дәлелденген болып саналған. Мұндай теориялық  білімді дәлелдеудің 
принципі  верификация  принципі  деп  аталған  (латынша  «verus» 
шынайы, «facio»  жасаймын).  
Верификация  принципі  бойынша  сөйлемдер  әрқашан  да 
фактілермен  салыстырылуы  керек.  Шынайы  фактілерді  іздей  келе, 
Вена үйірмесінің өкілдері жай сөйлемді сезім мүшелерінің көмегімен 
алынған  ақпарат  сияқты  шынайы  болып  табылатын  құбылысқа 
жатқызды. ««Мынау стол» деп айтсам мен қателесуім мүмкін, өйткені 
менің  көріп  тұрғаным  стол  емес,  басқа  зат  болып  шығуы  мүмкін. 
Бірақ  егер  мен  «мен  ұзынша  келген  қоңыр  сызықты  көріп  тұрмын» 
деп  айтсам  менің  қателесуім  мүмкін  емес,  өйткені  бұл  нағыз  менің 
көріп тұрған затым». Егер біз сөйлемдерді шындықпен сәйкестендіре 
алатын болсақ, онда мұндай сөйлемдер мағыналы болады, ал егер де 
біз мұны жасай алмасақ, онда мағынасыз сөздерді айтатын боламыз.  
Сондықтан, «Бұл ұнтақ тұз болып табылады» деген тұжырымды 
тексере аламыз, оның дәмін татып көрсек болғаны, немесе, «Столдың 
астында  мысық  отыр»  деген  тұжырымды  столдың  астына  қарап-ақ 
тексере  аламыз.  Бірақ  метафизиканың  сөйлемдері  осы  әдіспен 
тексеріле  алмайды.  Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  көзқарастары 
бойынша  «Уақыт  шынайы  емес»,  «Әлемнің  субстанциясы  ол 
абсолют» деген сөйлемдер мағынасынан айырылған. Бұл сөйлемдерді 
тексере  алмағандықтан  немесе  олардың  шынайы  екені  көрінетін 
шарттарды көрсете алмағандықтан, бұлар өтірік сөйлемдер болады.  
Верификация  принципін  енгізгеннен  бері  тұжырымдамалардың 
ғылыми  екенін  анықтау  оңай  болған  сияқты  болды,  бірақ 
верификация  үрдісін  жүзеге  асыру  қиындықтары  бар  болып  шықты. 
Біріншіден,  верификация  принципінің  табиғаты  түсініксіз  болды:  ол 
тавтология  емес,  фактілер  туралы  тұжырымдаулар  да  емес. 
Екіншіден,  егер  де  біз  верификация  принципін  қолдансақ,  онда 
метафизикалық сөйлемдердің ғана емес, басқа да ғылым сөйлемдерін 

 
 
29 
1.6   К. Поппер: дүниетаным, 
       ғылым және философия 
 
мағынасыз деп атауымыз керек болды, мысалы верификация болашақ 
және  өткен  шақтар  туралы  мәселелерді  қабылдамайды.  Үшіншіден, 
ешқандай  ортақ  сипатқа  ие  тұжырымдар  сезімдік  верификацияға 
жатпайды,  өйткені  біз  олардың  қорытынды  тексерісін  ешқандай 
сезімдік сәйкестендірулермен жүргізе алмаймыз.  
Верификация  принципін  теориялардың  ғылымилылығының 
жалғыз  ғана  критерийі  етіп  қоюдың  талпыныстары  қиындықтарға 
ұшырады  және  оның  әлсіреуіне  алып  келді.  Кейіннен  верификация 
үрдісін  толық  қолдаған  Айер,  оның  кемшіліктерін  атап  көрсетті. 
Верификация  кейіннен  дәлелдемемен  алмастырылды:  сөйлемді 
мағыналы деп санау үшін оның верификациясы қажет болған жоқ, ол 
белгілі бір сипаттаулармен дәлелденген болса жеткілікті.  
Сонымен, Вена үйірмесінің өкілдері ғылым мен философияның 
сәйкестігі  жайлы  маңызды  методологиялық  мәселелерді  алға  қойды: 
ғылыми  білімді  құрылымдауы,  ғылымның  мамандануы,  теориялық 
білімді 
дәлелдеу 
принципі 
ретінде 
ғылыми 
верификация 
критерийлерін анықтауы. 
 
Карл 
Поппер 
(1902-1994) 
шығармашылығы  XX  ғасыр-
дың 
 
философиясының 
дамуының  бір  бағыты  болып  табылады.  Қазіргі  кезде  де  оның  аты 
философияның  маңызды  мәселелері  жайлы  дискуссиялардың 
ортасында.  Поппер  еңбектері  неопозитивизмнің  орнына  келген  және 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет