1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады.
1938 жылы ату жазасына кесілген.
1958 жылы ақталды.
Еңбектері
Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған.