Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:
• жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
• соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
• кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
• жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: |