Қылмыстық-атқару құқығы бойынша дәрістер Дәріс



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата06.02.2023
өлшемі245,6 Kb.
#65556
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
УИП каз. лекция

Құқығы: 
 
1. өзінің құқығы және міндеттері жөнінде ақпарат алуға; 
2. жеке қауіпсіздігі; 
3. материалды-тұрмыстық қамтамасыз ету; 
4. ТИЗО бастығына ұсыныстар және арыздар бойынша қайрылу; 
5. қорғаушымен кездесу; 
6. тергеушінің рұқсатымен туыстарымен кездесу; 
7. түнгі уақыттағы сегіз сағаттық ұйықтауға; 
8. 1 сағат ішінде күн сайын серуендеуге; 
9. тегін төсек орын жабдықтарымен қамтамасыз етілуге; 
10. кітапханаға баруға; 
11. өзін өзі білімімен айналысып тартуға; 
12. діни ғұрыптарды жасауға; 


13. сыйлықтар алуға; 
14. азаматтық-құқықтық әрекеттерге қатысуға; 
15. газеттерге жазылуға; 
16. бірінші қажеттілік азық-түлік тағамдарын және заттарын алуға; 
17. маусым бойынша әкімшіліктен киім алуға. 
8 Дәріс 
 
Бас бостандығынан айрылуға сотталынғандарды топтастыру - бұл олардың белгілі бір 
топтарға белгілі бір белгілер бойынша жаза мақсатына жету үшін неғұрлым қолайлы 
жағдайлар жасау мақсатында бөлінуі. 
Сотталушыларды топтастыру қылмыстық атқару құқығы қағидасын неғұрлым жүзеге 
асыру мақсатында, сондай- ақ жазаны орындауды жекелеу және даралау: 
Бас бостандығынан айрылған сотталушыларды қамтамасыз ету үшін:
1. әр түрлі топтағы сотталушыларды неғұрлым қоғамға қауіпті қылмыскерлер алдындағы 
жағымсыз мүмкіндік болдырмау мақсатында оқшаулау; 
2. түзеу мекемелерінің ұтымды жүйесін құру; 
3. түзеу мен әсер ету құралдары және тәсілдерін жеке адамға қатаң түрде қолдану; 
4. жазаның мазмұнын құрайтын жазалау шараларын және қылмыскерді, сондай-ақ 
қоғамға қауіпті қылмыстардың дұрыс қатынасы; 
5. жазаны атқарудың дұрыс жағдайын жасау. 
Бірінші топтастыру критерилері- сотталушылардың жыныс және жағдайы. Осыған 
сәйкес бөлек мазмұнға ерлер және әйелдер, ересектер және кәмелетке толмаған 
сотталушылар жатады. Осыдан туындағанында ересек және кәмелетке толмаған 
сотталушылар, ерлер және әйелдер үшін арнайы мамандандырылған мекемелер 
қарастырылған. Олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әйелдер дербес 
категорияларға бөлінеді. Сонымен бірге сотталушы әйелдерге қатысты жазаны орындау 
барысындағы жазалау шарасының көлемі неғұрлым төмен.
Бас бостандығынан алғаш рет айырылып жатқан адамдардан басқа, бас
бостандығынан бұрын өткен сотталушылар бөлек ұсталады.Бұл ереже тексерілген 
шынайы тәжірибеден туындайды, бас бостандығын бұрын өтеген сотталушылар және 
сотпен жазаның осы түріне қайтадан үкім шығарылған сотталушылар, криминалды іс-
әрекет жасауға үлкен қауіптілігінен ерекшеленеді. Жекелеген түзеу мекемелерінде құқық 
қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсталады. Жазаны атқару барысында ҚАК 
кінәнің нысанын ескереді: абайсызда қылмыс жасаған сотталушылар категориясына 
жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайлары қолданылады,жалпы режимнен ерекше 
режимге көшірілгендер қоныс-колонияларда ұсталады.
Дені сау сотталушыларды инфекциялы ауруға шалдыққан сотталушылар бөлек 
ұсталады. ҚАК-та тек аталған критерилер ғана бекітілмейді, одан әрі дамиды. Мысалы: 
түзеу мекемесінің түрі шегінде сотталушылардың санатын бөлек ұстау жүзеге асырылады, 
ерекше режимдегі колонияда аса қауіпті қайталануға сотталынғандар,өмір бойы бас 
бостандығынан айырылуға сотталынғанда,өлім жазасы кешірім беру тәртібімен бас 
бостандығынан айырылғандармен алмастырылғандар сотталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет