Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушының шектен шығушылығы (эксцесс)-адамның басқа қатысушылардың қасақана кінәсімен қамтылмайтын қылмысты жасауы.
Шектен шығушылықтың турлерi:
1) сандық орындаушы басқаЬқатысушылармен уағдаласқан ҚЫЛМЫСТЫ жасайды, бiрақ әлдеқайда ауыр зардаптар келтiредi;
2) сапалық орындаушы басқа катысушылармен уағдаласкан кылмыспен қатар өзге бiр қылмыс жасайды.
Қатысушының шектен шыгушылығы үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауаптылыкка тартылмайды.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ШЕКТЕН ШЫҒУЫ
Сыбайлас қатысушының шектен шығуы деп адамның басқа да сыбайлас қатысуларын пиғылында болмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасауы танылады. Оның шектен шыққаны үшiн басқа сыбайлас қатысушылар қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. (30 бап КК)
Сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезiнде, орындаушының басқа сыбайлас қылмысқа қатысушылардың ойларынан басқа іс-әрекет жасағаны үлкен практикалық маңызға ие.
Сыбайлас қатысушының шектен шығуын сандық және сапалық деп бөлуге болады. Сандық сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезiнде орындаушы сыбайлас қылмысқа қатысушылармен шартталған, бiркелкi қылмыс жасайды. Мысалы арандатушы орындаушыны тонауға итермелейдi, ал ол ұрлық жасайды. Бул кезде арандатушы тонау жасағысы келгенi үшiн жауапка тартылады,орындаушы ұрлық жасағаны үшiн жауапқа тартылады.
Сапалық сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезiнде орындаушы сыбайлас қылмысқа қатысушылармен шартталған қылмыстан басқа,қылмысты жасайды.Бұл сыбайлас қатысушының шектен шығуы кезінде орындаушы,сыбайлас қылмысқа қатысушылар ниетінен басқа,өзінің ниеттерін көздейді.Осының себебінен сыбайлас қылмысқа қатысу ережелері бұл жерде қолданылмайды.Орындаушы жасалған қылмысы үшін жауапқа тартылады.Ал қалғандары сыбайлас қылмысқа қатысулары үшін емес,қылмысқа дайындалғаны үшін жауапқа тартылады.Бұл жағдайда Қылмыстық кодекстің 24бабы қолданылады.
Тікелей пиғылмен жасалған,қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру,әзірлеу немесе бейімдеп жасау,қылмысқа сыбайлас қатысушыларды іздестіру,қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау,егер бұл ретте қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жетікізілмеген болса,қылмысқа дайындалу деп танылады.
Сонымен,қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы жайлы қорытындылай кетсек,қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы дегеніміз,қылмысқа басқа сыбайлас қатысушылардың ойын қамтымайтын қылмысты жасау болып табылады.Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы орындаушымен қатар басқа да қылмысқа сыбайлас қатысушылардың әр түрлі рөлдер ойнауын да,қылмысты бірлесіп орындауда да болуы мүмкін.Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың шектен шығуы үшін басқа қалмысқа сыбайлас қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.