Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар Тобы: 1508-19 Орындаған: Сыздыков Ы



бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#17763
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

,

Айыпкердің жас балалары болуы.Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті қолдануға негіз бола алмайды.

,

  • Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және езге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер көзінде ауруханаға жеткізіп, өлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе заңды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған жағдайда одан кешірім сұрауы.

15 Нақты қылмыстардың себептері, шарттары және механизмдері

Нақты қылмыстардың себептері мен шарттары

- нақты қылмыстардың себептері мен шарттары түсінігімен заңды бұзбайтын адамдарға емес, қылмыскерлер үшін тән жеке тұлғаның қалыптасуы ерекшеліктері, оның әлеуметтік және психологиялық мәртебесі, қызметі және оны қоршаған объективті сыртқы факторладың кешені қамтылады.

- қылмыс – адамның қажеттіліктерінің, мүдделерінің, құндылықтар бағамының деформациясымен байланысты оның өмірдегі ұстанымдары, жеке басының ерекшеліктерінің оның мінез-құлқынан көрініс беруі.

- тұлғаның криминогендік ерекшеліктері адамның жағымсыз ортада өсуінің ұзақ процессінің нәтижесі болып табылады. Бқл процесс тәра және кері байланыстар жүйесімен дамиды.

- криминогенді ниеттің негізіне айналатын нақты тұлғаның қажеттіліктерінің, мүдделерінің, құндылықтар бағамының дисгармонияға немесе деформацияға ұшырататын қоршаған орта;

- криминогендік ниеттің өзі;

- жеке тұлғаның қалыптасуы, өмір сүру процессіндегі және тікелей қылмыс жасау кезіндегі, сондықтан криминогенді ниеттің пайда болуына және жүзеге асырылуына ықпал ететін (нақты қылмысқа ықпал ететін шарттар) ситуациялар;

- адамның криминогенді ықпалдарға еліктеуін күшейтетін және олардың адамның ішкі сеніміне айналуына әсер ететін тұлғаның психофизиологиялық және психологиялық ерекшеліктері.

Қылмыстық мінез-құлық механизмі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет