Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкеңдерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау мақсатымен, өзінін, тентектігін керсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны, еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотынын Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген.